Тақырып : Джоуль-Ленц заңы
Мақсаты: Джоуль, Ленцтің физикаға сіңірген еңбегін оқып білу, оның еңгізген формуласын сипаттай отыра, физиканың жүйелігіне назар аударығына көз жеткізу, оның формуласын мазмұнына икемделген есептер шығару алу, дағдыландырын қалыптастыру
Сабақтың түрі: конференция
Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, ғалымдардың сүреттері,олардың еңбектері туралы ақпарат, формулалар, тірек сызба нұсқасы
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу.Оқушыларды түгендеу
Қызығушылықты арттыру.
ғалымдар туралы сөзі.
Ғалымдар:Ампер, Вольт, Ленц, Джоуль, Ом
Ампер Андре Мари (1775-1836)-француз физигі және математигі.Ол электрлік және магниттік құбылыстар арасындағы байланыс туралы алғашқы теорияны жасады.Ампер магнетизм табиғаты жөніндегі гипотезаны
ұсынды, физикаға "электр тогы" деген ұғымды еңгізді.
Вольта Алессандро (1745-1827)-итальян физигі электр тогы туралы ілімнің негізін салушылардың бірі. Вольта бірінші гальвани элементін жасап, электр тогы туралы ғылымға алғаш рет жол салды.
Ом Георг (1787-1854)-неміс физигі.Ол тізбектегі ток күші, кернеу және кедергі арасындағы байланысты тағайындайтын заңды теория жолымен ашып, тәжиребе жүзінде дәлелдеген.
Джоуль Джеймс Прескотт(1818-1889)-ағылшын физигі энергияның сақталу заңын тәжиребелер жүзінде дәлелдеген.Электр тогының жылулық әсерін анықтайтын заңды Ленцке байланыссыз тағайындаған.Газ молекулаларының қозғалыс жылдамдығын есептеп, оның температураға тәуелділігін тағайындады.
Ленц Эмилий Христианович(1804-1865) орыс физигі.Электротехниканың негізін салушылардың бірі.Тоқтың жылулық әсерін анықтайтын заңнын және индукциялық тоқтың бағытын анықтайтын заңның ашылуы Ленц есімімен байланысты.
ІІ. Мағынаны ажырату.Зерттеуші.Осы ғалымдардың құрған
формулалардың түсіндіру. Алғаш рет "электр тогы" түсінігін
физикаға еңгізген француз ғалымы Ампер Андре Мари болды.Еркін
электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы
элеткр тогы деп аталады.Өткізгіштің көлденен қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атайды.
I=q/t
SI жүйесінде ток күшінің өлшем бірлігі Ампер.Ампер-негізгі бірліктердің бірі.Оны тәжірибе жүзінде тогы бар, екі параллель өткізгіштің өзара әрекеттесу күштері бойынша анықтаған француз ғалымы Ампердің кұрметіне осылай атаған.
Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің
атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы кернеу деп аталады
U=A/q
SI жүйесінде кернеудің өлшем бірлігі Вольт, тарихта бірінші болып ток көзін ойлап тапқан итальян ғалымы А.Вольтаның құрметіне Вольт деп
аталады.Вольт-негізгі бірліктердің бірі.Егер өткізгіш бойымен 1 Кл заряд орын ауыстырғанда, 1 Дж-ге жұмыс істелетін, онда тізбек бөлігіндегі электр кернеуі 1 В-қа тең болады.
R=pl/S
Тізбек бойымен өтетін тоққа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын R шаманы кедергі деп атайды.
Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын 1827 жылы Ом ашты.
Тізбектің бөлігіндегі ток күші-осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал
тура пропорционал да, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал:
I=U/R
Ом заңы металдарға ғана емес, сонымен қатар сұйық өткізгіштер үшін де орындалады.SI жүйесінде кедергінің өлшем бірлігі Ом.
Өткізгіштің материалын сипаттайтын шаманы меншікті кедергі деп атайды. Меншікті кедергі р әрпімен белгілейді.
Өлшем бірлігі Ом*мм2/м.
p=RS/l
Cараптаушы.Формулаларды жүйелеп тақырыптың формуласын шығарады.
ІІІ. Ой-толғаныс.Бақылаушы.Тақырып бойынша есеп шығару, түсіндіру
Есеп:Кернеу 220 В, ток күші 5 А желіге жалғанган электрқыздырғыш
30 мин жұмыс істегенде, қанша электр энергиясының шығыны болады.
І деңгей.
Ток күші 3 А, керенуі 220 В желіге қосылған электршәйнектегі су
5 мин-та қайнаған. Осы кездегі электр энергиясының шығының
табыңдар .5 ұпай
ІІ деңгей.
Егер шаңсорғыш кернеуі 220 В ал, кедергісі 20 Ом қалалық желіге
қосылса, онда оның электрқозғалтқышының тогы 0,5 сағ ішінде қанша
жұмыс жасайды? Шамдағы ток күші неге тең? 10 ұпай
ІІІ деңгей
Қуаты 120 Вт теледидар 3 сағат жұмыс істегенде, энергияшығыны қанша
тұратын болады. (1 кВт-10 теңге).15 ұпай
Тарау бойынша тест шығару.
1.Кернеуді өлшейтін құралды көрсетіңіз.
А.Амперметр
В.Ваттметр
С.Вольтметр
Д.Омметр
Е.Реостат
2.Ток күшінің жұмыс формуласын көрсетініз
А. А=IU2
B.A=I*t/U
C. A=IUt
Д.A=IU/t
E.A=I*R2
3. 10 В кернеуге есептелінген электр шамның қуаты 25 Вт.Шамның кедергісін және ток күшін табыңыз.
A.I=2,5 A, R=4 Oм
В.I=4A, R=2 Oм
С.I=3 A, R=2 Oм
Д.I=4,5 A, R=4 Oм
Е.I=3,5 A, R=4 Oм
4. Джоуль-Ленц заңының формуласы
А. Q=I2Rt
B.Q=IRt2
C. Q=It/R2
Д.Q=Ut/R2
E.Q=I2/R
5.Электр шамының қыл сымның ұштарындағы кернеу 4 В, ток күші 0,8 А.
Қыл сымының кедергісі қандай?
А.3 Ом
В. 4 Ом
С. 5 Ом
Д.6 Ом
Е. 8 Ом
6. Тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласын көрсетініз
А. I=R/U
В. I=U*(R+r)
С.I=j*S
Д.I=U/R
Е.I=R+r
7. Кедергісі 20 Ом электр пеші айнымалы ток генераторынан қоректенеді.Егер ток күшінің
мәні 5 А болса, онда пеште 2 минутта қанша жылу бөлінеді?
А.5*104 Дж
В.3,6*104 Дж
С.6*104 Дж
Д.5*103 Дж
Е.3,6*103Дж
8.Кедергі қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?
А.Ом
В. Гн
С.Ом*м
Д.А
Е.В
9.Кедергіні өлшейтін құралды көрсетіңіз
А.Амперметр
В.Ваттметр
С.Вольтметр
Д.Омметр
Е.Реостат
10. Ток күшінің өлшем бірлігі?
А.Ом
В. Гн
С.Ом*м
Д.А
Е.В
Код
1.С 2.С 3.А 4.А 5.С
6.Д 7.С 8.А 9.С 10.Д
ІҮ. Бағалау. Оқушылар өздерін бағалайды.
Есеп бойынша:
25-30 ұпай-"5",
15-20 ұпай-"4",
5-10 ұпай-"3"
2.Тест бойынша (1 дұрыс жауап-1 ұпай):
9-10 ұпай-"5",7-8 ұпай-"4", 5-6 ұпай-"3", 5-тен төмен-"2".
Ү. Үй тапсырмасы:1 айда үйдерінде қанша
энергия жұмсалады.
п.42 оқу, 21 жаттығу (3,7 есеп)