§28-29 Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс. Электромагниттік тербелістер.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні:

Сыныбы: 9

Пәні:физика

Сабақтың аты

§28-29 Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс. Электромагниттік тербелістер

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс. Электромагниттік тербелістер жайлы мағлұмат беру

  • Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс. Электромагниттік тербелістерін күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету

  • Өзін-өзі бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже

  • Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс. Электромагниттік тербелістер жайлы мағлұмат алады

  • Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс. Электромагниттік тербелістерін күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді

  • Өзін-өзі бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Еркін тербелістер деп дене тепе-теңдік күйінен шығарылғаннан соң сыртқы күштің әрекетінсіз болатын тербелістерді айтады.

Еркін тербелістердің жиілігін жүйенің меншікті тербеліс жиілігі деп атайды.

Еріксіз тербелістер дегеніміз – сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер.

[pic]

Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кездегі еріксіз тербелістер амплитудаларының кенет арту құбылысы резонанс деп аталады.

Тәжірибе:

[pic]

Зарядтың, ток күшінің, кернеудің периодты түрде өзгеруін электромагниттік тербелістер деп атаймыз.Электромагниттік тербелістерді тербелмелі контурда алуға болады.

Тапсырмалар

Топтық жұмыс «Джигсо»

Жеке жұмыс

Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)

  1. Математикалық маятник деп нені айтады?

  2. Математикалық маятниктің тербеліс периоды неге тең?

  3. Маятник қай жерлерде пайдаланады?

  4. Серпімділік күші әрекет ететін дененің тербеліс периоды неге тәуелді болады?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

  1. Тербелістер деген не?

  2. Ығысу деген не? Ол қандай әріппен белігіленеді?

  3. Гармоникалық тербелістер деген не?

  4. Тербеліс периоды деген не? Формуласы.

ІҮ. Топтық жұмыс «Джигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы


Бағалау өлшемдері

Көш

басшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу





2

Міндетін атқару





3

Топтық жұмысқа атсалысуы





Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Жеке жұмыс (5 минут)

23-жаттығу. №1

VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)

1

Білу

Тербеліс дегеніміз не?


2

Түсіну

Тербеліс түрлері және олардың формуласын жаз?


3

Қолдану

23-жаттығу.№2



4

Талдау

Еркін және еріксіз тербелістерін салыстыр?



5

Жинақтау

Еркін және еріксіз тербелістерге мысал келтір?


6

Бағалау

Тербелістерді білу біз үшін маңызы қаншама?



Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар

24-жаттығу.№1

Кейінгі оқу

§28-29 Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс. Электромагниттік тербелістер