№43-сабақ «Тексерілді» ___________
Күні:16.02.2016
Cыныбы: 8
Тақырыбы: Токтың жұмысы мен қуаты
Сабақ мақсаты:
1) Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін нығайту, тиянақтау. Бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру. Токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль-Ленц заңы формулаларын пайдаланып есептер шығаруға үйрету.
2) Дамытушылық: Оқушылырдың ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Білім деңгейін көтеру. Топпен жұмыс жасауға дағдыландыру
3) Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жауапкершілікпен қарауға, уақытты үнемді пайдалануға үйретіп, жан жақтылыққа үйрету.
Сабақ түрі:Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы
Сабақ әдісі:Тыңдап түсіну, сұрақ – жауап жұмысы, ізденіс жұмыстары, есеп шығару, топтық, жеке жұмыс,тестік жұмыс
Пән аралық байланыс: математика, информатика
Көрнекіліктері: үлестірмелі карточкалар, смайликтер, бағалау парағы, тесттер, электрондық оқулық. Амперметр, электр шамы ,өткізгіш сымдар
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа назарын аудару.
Бүгінгі сабақтың ерекшелігімен таныстыру.
Сыныпты екі топқа бөлу.
I-топ: Токтың жұмысы.
II-топ: Токтың қуаты.
II. Үй тапсырмасын сұрау. Мен нені үйрендім?
1. Электр тогы деп нені айтамыз?
2.Ток күші дегеніміз не?
3. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
4.Толық тізбек үшін Ом заңы
5. Өткізгіштерді жалғау түрлері?
6 Өткізгіштерді қосудың формуласы
III.“Сәйкесін тап” ойыны. (Өткен тақырыпты бекіту.)
IV.Білім шыңына өрлейік. (Жаңа сабақ)
Жаңа сабаққа көшу үшін берілетін сұрақтар (сұрақ қою техникасы)
Елімізде 2017 жылы не өтейін деп жатыр? (ЭКСПО 2017 көрмесі)
Осы көрменің тақырыбы қалай аталады? (Болашақ қуаты)
Осы қуат деген сөзді бұрын естулерің барма? ( 7 сыныпта механикалық қуат)
Қуат неге байланысты? (жұмыс)
(Осылай сұрақтарға жауап бере отырып оқушылар өздері жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын біледі.)
Электр тогының бар екенін оның жылулық, химиялық, магниттік және биологиялық әсерлері бойынша білуге болады дедік. Осы әсерлер арқылы электр тогы, нақты айтқанда электр тогының көзі жұмыс жасайды. Мысалы ток өткенде өткізгіш қызады, соның салдарынан олардың ішкі энергиясы өседі. Ал өткізгіштің ішкі энергиясының артуы ток жұмысының есебінен жүреді, осы жұмысты есептейік. Сонда электр өрісі A=qU жұмыс өндіреді.
U=A/q
A=qU;
I=q/t
q=It
Тізбектің бөлігіндегі токтың жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең:
A=IUt
SI жүйесінде жұмыс Джоульмен (Дж) өлшенеді 1 Дж = 1А·1В · 1 с
егер I=U/R; U=IR; A=IUT=I2Rt=U2/Rt=Q
Токтың қуаты
Уақыт бірлігінде өндірлген токтың жұмысы электр қуаты боп табылады.
Р= A/t = IU P=U2/R P=I2*R
1Вт = 1А*1В 1ватт= 1Ампер*1Вольт
1гВт=102 Вт 1кВт=103 Вт 1 МВт =106 Вт
Токтың қуатын өлшеуге арналған құрал ваттметр, токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал электр санауыш деп аталады.
Токтың қуатын өлшеуге арналған құрал ваттметр, токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал электр санауыш деп аталады.
1кВт*сағ электр энергиясының құны тариф (В)
Мысалы, Бостан тұрғындары үшін тариф
1кВт*сағ =14,62 теңге В = 14,62 теңге/кВт*сағ
Электр санауышын пайдалана отырып, бір тәулікте жұмсалған электр энергиясының мөлшері мен құнын есептеуге болатындығы көрсетіліп түсіндіріледі.
Өткізгіштерді тізбектей жалғау үшін A=I2Rt
Өткізгіштерді параллель жалғау үшін A=U2/Rt
1 Вт∙сағ. = 3600 Дж
1 гВт∙сағ = 100 Вт = 360 000 Дж
1 кВт∙сағ = 1000 Вт = 3 600 000 Дж.
Токтың жылулық әрекетін ағылшын ғалымы Дж.Джоуль мен орыс ғалымы Э.Ленц зерттеді. Олар бір-біріне тәуелсіз Джоуль-Ленц заңы деп аталатын заңды тағайындады.
Тогы бар өткізгіштің бөлініп шығатын жылуының мөлшерін ток күшінің квадраты, өткізгіштің кедергісіне және өткізгіш бойымен ток жүретін уақыттың көбейтіндісіне тең:
Q=I2Rt
10 кесте бойынша кейбір электр аспаптарының қуатымен танысу. (кітап бойынша жұмыс 151 бет)
V. (ойды- дамыту ойыны)
1-топ тапсырмасы:
Электр плитасын жөндегенде оның спиралы алғашқы ұзындығынан
қысқарған.
Сұрақ: Плитаның қуаты қандай?
1-көмек:Плитаның қуаты кернеудің квадратына тура пропорционал
2-көмек: Өткізгіштің кедергісі ұзындыққа тәуелді.
Жауап: Артады. Себебі, спиральдің ұзындығы (l) қысқарған кезде кедергі (R) азаяды
2-топ тапсырма:
Жаңа жыл шыршасы қалалық электр желісіне тізбектеп қосылған
он электр шамдарымен жарықтандырылған.
Сұрақ: Егер шамның санын он екіге дейін арттырса, онда электр
желісіндегі энергия шығыны қалай өзгереді?
1-көмек: Электр желісінің кернеуі өзгермейді.
2-көмек: Тізбектің кедергісі артады.
Жауап: Энергия шығыны артады.
VI.Қатені тап. (Пысықтау ойыны)
1-топ
Т/б токтың толық жұмысы: A=Uq
2-топ
6
Біз тұрған планета Жер
7
Токты өлшейтін құрал – Ваттметр
8
1Дж=1А·1В·1с
9
Кедергіні анықтаған ғалым – Георг Симон
10
Ток күші:I=q/t
Сергіту сәті: Психологиялық тренинг. «Өз жұлдызыңды тап» (Күй ойнайды. А.Еңсепов)
(Көздеріңізді жұмыңыз). Жұлдызды аспанды көз алдыңызға ойша елестетіңіз. Оған зер сала қарап, өзіңе ұнаған жұлдызды таңдаңыз. Қолыңызды созып, мақсатқа жету үшін бар қуатыңызбен, бар күшіңізбен жұмыстанып, өз жұлдызыңызға қол жеткізіңіз. Аспаннан жұлдызды мұқият түсіріп алыңыз, алдыңызға ептеп қойыңыз. (Көзіңізді ашыңыз). Енді қолымыздағы жұлдызымызды жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу кезеңіндегі Қазақстанның мүмкіндіктеріне арнаймыз. «Жоғары білім сапасы ең жоғары талаптарға жауап беруі тиіс» деп Жолдауда көрсетілгендей бар күш қуатымызды қолымыздағы жұлдызды сәтімізді осы бүгінгі сабаққа пайдаланамыз.
VII. Есептер шығару «Кім жылдам?»
І деңгей
1. Егер желіде ток күші 0,5 А қозғалтқыштың клеммаларындағы кернеу 12В болса, 30 минут ішінде электр тогы қозғалтқышта қанша жұмыс істейді?
2. Электр плитка 220В кернеуге 3А токқа есептелінген электр плиткадағы қуатты анықтаңдар?
ІІ деңгей
1. Электр құралда 5А ток күші 45 минут уақыт ішінде 162 кДж жұмыс жасады. Осы құралдың кедергісін табыңдар.
2. 220В кернеуге қосылған электр үтігі 300Вт қуат жұмсайды, электр үтігінінң спиралындағы ток күшін табыңдар.
VII.Сабақты бекіту сұрақтары
Тұрақты токтың жұмысы неге тең?
Токтың қуатын есептейтін формуланы жаз
Қандай қуат бірліктерін білесіңдер?
Ваттметр қандай құрал?
Электресептеуіш деген не?
Тариф деген не?
Электр тогы жұмысының формуласы қалай өрнектеледі, өлшем бірлігі қанадй?
Джоуль-Ленц заңы қалай жазылады,түсіндір?
VIII. Бағалау
IX.Үйге тапсырма
42 тақырып, 21 жаттығу (2,3)
№ 6 үйде орындалатын эксперименттік тапсырма
Сабақты қорытындылай келе оқушылар мына кестені толтырады.
«Білемін, білгім келеді, жаңадан білдім» стратегиясы