10а сынып №2 сабақ ____________________
Сабақтың тақырыбы: Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы. Троекторияның қисықтық радиусы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушылардың өздеріне талдатып, өзбетінші білімді қалыптастыруды жүзеге асыру шараларын ұйымдастыру.
Дамытушылық мақсаты: жеке тұлғаны дамыту түзу сызықты және қисық сызықты қозғалыс арасындағы айырмашылықтарды салыстыра отырып, қабілеттерін дамыту шараларын жасау.
Тәрбиелік мақсаты: Еңбек пен жауапкершілікті ұштастыра отырып, қозғалыстағы зерттеу жолдарындағы қиыншылықты жеңудің тиімді жолдарын ұсыну.
Сабақтың түрі: Аралас сабак.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топтау. Сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың көрнекіліктері: плакат. Жіпке ілінген шар. Электрондық оқулық «Механика»
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен оқушыларды таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақ бойынша оқушылардың білім-білігін тексеру.
Жаңа тақырыпты баяндау.
Өтілген тақырыпты бекіту.
Сабақты қорытындылау және үй тапсырмасын тексеру.
І. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әр оқушыға ой-толғасын туатындай әрекеттерді ұйымдастыру.
1. Өткен сабақтар бойынша оқушылардың білімін бақылау мақсатында пікір алысу.
А) механикалық қозғалысты сипаттайтын негізгі ұғымдар туралы баяндаңдар.
Ә) механиканың негізгі мақсаты не?
Б) кинематиканың негізгі теңдеулері?
В) Еркін түсу деп қандай қозғалысты айтады?
Г) Еркін түсу үдеуі неге тең?
Ғ) Тік, жоғары лақтырылған дененің координатасы мен жылдамдығының теңдеуі қандай?
Д) Дененің максимал көтерілу биіктігін және көтерілу уақытының формуласы.
2. 1-жаттығу №2,3 есептерді тақтаға шығару.
ІІ. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
Плакаттағы горизонтқа бұрыш жасай 0 жылдамдықпен лақтырылған дененің троекториясына жылдамдығының бағытына оқушылардың көңілін аудару.
Дененің t-ұшу уақытын хm-ұшу алыстығын, уm көтерілу биіктігін анықтау керек екендігін оқушылардың есіне салу.
Дененің қозғалысы-күрделі қозғалысқа жатады. Дене бір-біріне байланысты екі түрлі (ОХ осі бойынша бірқалыпты, ОУ осі бойынша бірқалыпты үдемелі қозғалыста)
x=0cos-х осі бойынша қозғалыстағы жылдамдық.
x=0sin-у осі бойында қозғалыстағы жылдамдық
x –const, x=0cos- const, яғни х = xt=0cost
y = 0y - gyt=0sin сондықтан [pic]
Көтерілу уақытының [pic] мәнін теңдеудің орнына қойып,
2. a-const [pic] мұндағы 2 sincos=sin2 болғандықтан [pic] теңдеуін аламыз.
[pic] горизонтқа бұрыш жасай лақтылыған дененің троекториясының теңдеуі парабола теңдеуі екенін білеміз.
Кез келген қисық сызықты қозғалысты-дененің радиустері әртүрлі болатын шеңбер бойымен қозғалыс есебінде қарауға болады. Қисықтық радиусы деп-үш нүкте, яғни берілген және оның екі жағындағы іргелес екі нүктелер арқылы жүргізілетін шеңбердің радиусын айтады.
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
Сабақтың ең негізгі мәселелерін оқушылардың өздері анықтап, формулаларды нөмірлеп, ерекше белгілеп қоюға жаттықтыру.
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
1-жаттығу 8 есеп.Есеп шығарту.
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: § 1.4; 1.5; 1.3; 1-жаттығу №4,7 1.91 - 1.95 (Ж.Бақынов. Есептер жинағы)