9 класс
Сабақ
Сабақтың тақырыбы
§31. §32. Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары.§33Акустикалық резонанс. §34. Дыбыстың шағылуы.Жаңғырық...
Мақсаты
Оқушыларға физикалық құбылыстар, физиканың мақсаты, физика заңдары, физикалық ұғымдар, қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің ерекшеліктері туралы Дыбыс туралы ұғымды қалыптастыруды жалғастыру, акустикалық резонанс, дыбыстың шағылуы, жаңғырық туралы оқушыларға түсінік беру.Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу,түсінік алуға жағдай жасау.Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Жұмыс нәтижесі
Оқушыларға физикалық құбылыстар, физиканың мақсаты, физика заңдары, физикалық ұғымдар, қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің ерекшеліктері , оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау,осы білімнің басқа пәндерді оқуда да қажеттілігін сезіну және оны өмірмен байланыстырып түсіндіре білу.
Сілтеме
«Физика 9сынып», БашарұлыА. «Атамұра» 2013 ж,Алматы қ
Қолданатын құрал жабдықтар, ресурстар
Компьютер , видеопроектор, слайдтар, домбыра, плакаттар, суреттер, өзін-өзі бағалаупарақтары,топтық бағалау, формативті,сумативті бағалау парақтары, кмертон,гитара,баян,қоңырау,ұялы телефон,үй телефоны, дидактикалық таратпа материалдар,флипчарттар, компьютер, проектор өзін-өзі бағалау.
Сабақтың өтілетін уақыты
45 минут
Сабақ жоспары
Ұйымдастыру: мақсат қою
Сабақ барысы: Блум таксаномиясы бойынша
Рефлексия
Үйге тапсырма
Қолданылатын әдіс тәсілдер
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқуды және оқыту үшін бағалау; АКТ-ны қолдану; Ынтымақтастық және ұжымжағы бірлескен жұмыс; Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. Диалогты оқыту;Топтық жұмыс,жұптық жұмыс;Ролдерде ойнау;
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Шаттық шеңбер. (Ыстық тілектер )
2. Топқа бөлу (Дыбыс түрлерімен.)
№1 Бағалау парағы (топ басшысы бағалайды)(1,5 мин.)
Үй тапсырмасы балдық шкала (1-3 бал)
Мәтінді оқып,түсіндіру
Балдық шкала
0-5 бал
Постер қорғау 1-4 б
Тәжірибе жасау 1-4 б
Рольде ойнау 1-4 б
Қорытынды
баға
20-дан жоғары «5»
15-19 «4»
10-14 «3»
1
2
3
4
1
2
3
4
5
Бағалау.
35 – 29 – “5”
28 – 20 – “4”
19 – 15 – “3”
14 төмен болса – “2”
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
1.Толқын дегеніміз не?
2.Көлденең толқын қандай ортада пайда болады?
3.Бойлық толқын ше?
4.Музыкалық дыбыстар деген не?
5.Дыбыс қаттылығы немен анықталады?
6.Дыбыс тембрі деген не?
7.Негізгі тон, обертон деген не?
8.Оқушылардың үйге берілген есептерді қалай шығарып келгенін тексеру.
§ 30
25 – жаттығу
№ 3
Серпімді жіпті бойлай 20м/с
жылдамдықпен көлденең толқындар
таралады. Тербеліс периоды 0,5с.
Толқын ұзындығын табыңдар?
Физикалық диктант, 5 минут
1 .Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі __________________ деп аталады.
2. Бөлшектердің тербелісі толқынның бағытына ________________
бағытта жүзеге асатын толқынды ___________ толқын деп атайды.
3. Бойлық толқын – бөлшектердің тербелісі толқынның ___________
____________ жүзеге асатын толқын
4. _________________– периодқа тең уақыт аралығында толқын
таралатын арақашықтық.
5. Толқын жылдамдығы – ______________________ бөлшектердің
периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама.
6. _________________ – жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің
таралуы.
7. ___________________ – ауырлық және беттік керілу күштері
әрекетінен туындайтын толқын.
Жауабы:
Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.
2. Бөлшектердің тербелісі толқынның бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп атайды.
3. Бойлық толқын – бөлшектердің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқын
4. Толқын ұзындығы – периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық.
5. Толқын жылдамдығы – толқын ұзындығының бөлшектердің периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама.
6. Сейсмикалық толқын – жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы.
7. Гравитациялық толқын – ауырлық және беттік керілу күштері әрекетінен туындайтын толқын.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Акустикалық резонанс құбылысын түсіндіруге арналған тәжірибе көрсету.
[pic] [pic]
Дыбыстың шағылуы.
Жаңғырық – қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары. Дыбыстың әр түрлі кедергілерден шағылуы барысында, естілу ұзақтығының артуы реверберация деп аталады. [pic]
[pic]
Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары дыбыстарды ультрадыбыстар деп атайды.
Шағылған ультрадыбысты пайдаланып, нысананың орнын анықтау тәсілі эхолокация деп аталады. [pic]
[pic]
16 Гц-20000 Гц →дыбыс толқындар, акустикалық дыбыстар.Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары дыбыстар ультрадыбыстар, 16 Гц-тен төмен –инфрадыбыстар деп аталады.Ауада тарайтын дыбыс толқындары серпімді бойлық толқындар болып табылады.
[pic]
Дыбыстың қаттылығы неге байлынысты болатынын анықтау үшін камертонды қолданады.
[pic]
Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.Белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқынын тон деп атайды.Тембр –адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.Шу - әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады.
IV. Пысықтау.
Тест жұмысы, 5 минут
1. Жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыстар қалай аталады?
А) инфрадыбыстар Б) акустикалық дыбыстар
С) ультрадыбыстар Д) толқындық дыбыстар
2. Адамның есту мүшесі қабылдайтын дыбыс толқындарының жоғары жиілігі қандай?
А) 20 000Гц Б) 200 000Гц С) 200Гц Д) 2Гц
3. Дыбыс қаттылығы немен анықталады?
А) осциллограф Б) дыбыс зорайтқыш
С) камертон Д) генератор
4. Дыбыс қаттылығы қандай шамаға тәуелді?
А) тонның биіктігіне Б) тербеліс амплитудасына
С) тербеліс жиілігіне Д) таралу жылдамдығына
5. Дыбыс қаттылығының бірлігі қандай?
А) метр Б) герц
С) метр/секунд Д) децибел
6. Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы
А) 330м/с Б) 50м/с
С) 1480м/с Д)5600м/с
7. Ұшақтың көтерілу кезіндегі дыбыс қаттылығы
А) 100дБ Б) 50-60дБ
С) 120дБ Д) 10дБ
Жинақтау.
1.Дыбыс дегеніміз не?
2.Дыбыс қалай таралады?
3.Вакуумда дыбыс тарала ма
Дыбыс толқындары – адамда дыбыс әсерін туғызатын тербеліс жиілігі 16Гц –тен 20000 Гц – ке дейінгі механикалық толқындар.
Инфрадыбыстар –
Ультрадыбыстар –
Дыбыс туындауының себепкері – денелердің тербелісі
Дыбыс барлық ортада тарала алады. Дыбыс әртүрлі ортада белгілі бір жылдамдықпен таралады.
1.Домбырамен күйсандықтан бір нота орындату.
2.Сұрақ: Осы аспаптардың шығаратын дыбыс жиіліктері бірдей ме?
Жауабы: Бұл аспаптардың жиілігі де бірдей, бірақ тембірі әртүрлі болады. Біз тембіріне қарай музыкалық аспапты немесе кімнің сөйлеп жатқанын анықтай аламыз. Дыбыс тембірі бойынша дыбыс көзі анықталады
V. Есептер шығару.27-жаттығу. №3, №4, 27-жаттығу. №2.
Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
26-жаттығу 1,2
Қосымша есептер.
№1К.
Толқын ұзындығы 2 м, бөлшектердің толқындағы тербеліс периоды 0,2с. Толқын қандай жылдамдықпен тарайды?
Бөлшектердің толқындары тербеліс жиілігі 0,6Гц, толқынның таралу жылдамдығы 12 м/с. Толқын ұзындығын анықтаңдар.
№2К.
Балықшы қалтқы 1 мин ішінде толқында 24 тербеліс жасағанын, ал көршілес толқын өркештерінің арақашықтығы 8м екендігін байқаған. Толқындардың таралу жылдамдығы қандай?
Толқынның таралу жылдамдығы 8 м/с, толқын ұзындығы 4 м. Бөлшектердің толқындағы тербеліс периоды қандай?
№3К.
Бөлшектердің тербеліс жиілігі 340 Гц, толқын ұзындығы 1 м. Толқындардың таралу жылдамдығы қандай?
Көршілес толқын өркештерінің арақашықтығы 3м болса, қайықтың 0,5 Гц жиілікпен тербелгендегі толқынның таралу жылдамдығы қандай? VІ. Қорытындылау.Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§31,32 дайындық сұрақтарын талдау.
Дыбыс жылдамдығы таралатын ортаға байланысты ма?
Ауада қандай толқын тарайды-көлденең бе, әлде бойлық па?
Дыбыстың қанадй сипаттамаларын білесіңдер?
Қандай дыбыстар музыкалық деп аталады?
Дыбыс қаттылығ немен аныталады?
Дыбыс тембрі дегенді қалай түсінесіңдер?
Бағалау
Бағалау.
35 – 29 – “5”
28 – 20 – “4”
19 – 15 – “3”
14 төмен болса – “2”
Үйге тапсырма
§31,32,33; 1-3 cұрақтар, Есептер шығару. 26-жаттығу. №1, №2.