Реактивті қозғалыс (10 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мустафина Г.К. Шығыс Қазакстан облысы, Жарма ауданы, Шуақ ауылы.

«№ 21 кешкі мектебі»


Реактивті қозғалыс

Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларға реактивті қозғалыстың басқа салаларда қолданылуын түсіндіру, оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау, жан-жақты ізденуге мүмкіндік жасау;

б) жобалап оқыту технологиясы бойынша оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына, өз жетістіктерін сезініп, шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету;

в) еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру, өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың типі: кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдісі: дамыта оқыту технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, плакат, физикалық тәжірибелер, ауа шары.

Пәнаралық байланыс: биология, әдебиет.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Ой қозғау

III.Жаңа сабақты түсіндіру

Импульстің сақталу заңының практика жүзінде қолданылатын қызықты әрі маңызды орны- реактивті қозғалыс.

Реактивті қозғалыс деп- дененің бір бөлігі қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі пайда болатын қозғалыс немесе тұйық жүйеде денелер біp-бірінен тебілген кезде пайда болатын қозғалысты айтамыз. Реактивті қозғалысты біз күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде кездестіреміз, бірақ оны көбіміз байқай бермейміз.

Мысалы, бау-бақша суаратын шлангінің бойымен су жібергенде, оның өздігінен жазыла бастағанын байқаймыз. Оны жазылуға мәжбүр ететін су ағынының реактивті күші.

Қарапайым тәжірибе:

Балалардың ойын шарын үрлеп, қайта жіберейік. Шардан ауа шыға бастағанда оның басқа жаққа қарай ұшқанын көруге болады. Осы- реактивті қозғалыс.

Техникада реактивті қозғалыстың принципіне зымыранның ұшуы негізделген.

Ал зымыранды жер маңындағы кеңістікті және Күн жүйесін зерттеу үшін пайдаланылатынын білеміз. Бірақ көпшілігіміз оның құрылысын және не себепті қозғалатынын біле бермейміз. Зымыран- күрделі құрылғы. Оның мынадай негізгі бөліктерін атап өтуге болады: зымыранның қауызы, отын бағы, зымыранға орнатылған реактивті двигательдер, пайдалы жүктерді сақтайтын контейнер және басқару аппаратурасы.

Пайдаланылатын отынның агрегаттық күйіне байланысты зымыран двигательдері сұйық отынды зымырандар және қатты отынды зымыран двигательдері болып бөлінеді.

Отын бакка толтырылады.Отын жанып азайған сайын бак қажетсіз жүкке айналып қалады. Ары қарай зымыранға үдеу беру үшін отын жұмсау керек.

Осыны ескеріп зымырандарды бірнеше сатыдан тұратын етіп жасайды.

Зымыранды аспанға алып шығуға екпін беретін, стартқа арналған ең ауыр бөлігін бірінші саты деп атайды.

Бірінші ауыр сатысы отынның барлық қоры түгел жанғанда бөлініп қалады. Ары қарай екпін беруді бірінші сатыдан жеңілдеу екінші саты жалғастырады. Бірінші сатының жылдамдығына жылдамдық қосып,содан соң бөлініп қалады. Үшінші саты жылдамдықты қажетті мәнге дейін арттырып, орбитаға пайдалы жүкті жеткізеді.

Зымыранның бас бөлігінде тұрған серік немесе қандай да бір ғарыштық аппарат аққыш жамылғымен қоршалған, аққыш форма, ұшу кезінде зымыранның ауа кедергісін азайтуға мүмкіндік тудырады. Реактивті газ ағыны үлкен жылдамдықпен зымыраннан атқылағанда зымыран қарама-қарсы бағытқа бағытталады. Осы жерде Ньютонның III заңы бойынша жұмыс денесіне зымыран әсер ететін F күші жұмыс денесі тарапынан зымыран қабықшасына әсер ететін F күшіне шамасы жағынан тең, бағыты жағынан қарама-қарсы.

F1 = - F

F - реактивті күші деп аталады, бұл зымыранға үлкен жылдамдық береді. Осы өрнектен денеге берілетін импульс күштің осы күш әсер ететін уақытқа көбейтіндісіне тең екені шығады. Сондықтан бірдей уақыт аралығында денеге әсер ететін бірдей күштер бірдей импульс береді. Осы жағдайда зымыран алған импульс m бөлініп шыққан газдар импульсіне тең болуы қажет.

Реактивті қозғалыстың нәтижесінде Жердің жасанды серіктерін үлкен жылдамдықпен қозғалатын ұшақтарды, ғарыш зымырандарын жасауға мүмкіндік туды. Сонымен, зымыранның көмегімен біздің елде 1000-нан аса ЖЖС-мен космос корабльдері космос кеңістігіне шығарылды. Ай бетіне жерден басқарылатын өздігінен жүре алатын аппараттар жеткізілді. Алға жылжытатын жанармай болса, зымыран ауасы бар жерде, жоқ жерде де ұша алады. Сондықтан қазіргі кезде ауасыз кеңістіктен космосқа ұшудың бірден-бір құралы алып зымырандар болып отыр.

Реактивті қозғалыс- теңізде жүзетін жәндіктер әлемінде, өсімдіктер дүниесінде кеңінен қолданылады. Осы жөнінде биология пәнінің мұғалімі Тоқтыбаева Анар былай дейді:"Реактивті қозғалыс өсімдіктерге де тән.Теңіз бен мұхиттарда тіршілік ететін жәндіктер жиналған суды шашып жіберу арқылы 60-70 км/сағ қозғалады. Мысалы: кальмарлар, сегізаяқтар, каракатицалар қармалауыштары арқылы қозғалады.Ішек-қуыстылар типіне жататын суда еркін жүзіп тіршілік ететін медузалар қолшатырына жиналған суды шашу арқылы дөңес жағымен жүзіп қозғалады.

Өсімдіктер әлемінен қиярды айтуға болады. Әбден піскен қиярға тиіп кетсеңіз, ол сабағынан үзіліп түседі. Сабағынан үзілген жерден тұқыммен бірге сұйықтық шашырап, ол бір жаққа, қиярдың өзі бір жаққа ұшып кетеді."

Сен білесің бе?

1.Космодром ( ғарыш айлағы) дегеніміз не?(Жылдам қозғалып барып ұшатын орын.)

2.Әлемдік рекордтарды тізетін Гиннес кітабына аты жазылған тұңғыш қазақ

ғарышкері (Т.Мұсабаев, 1994 ж, 126 тәулік бойы космос әлемінде ұшып жүрд.і)

3.Ғарышқа бес рет ұшқан ғарышкер.(В.А.Жәнібеков.)

4.Ғарышқа ұшқан ең жас ғарышкер. (Г.Титов 25 жас)

5.1998 ж. 15 қарашада Байқоңыр космодромынан автоматты режимде жұмыс істейтін экипажсыз, бірнеше рет пайдалануға беріліп, "Боран" ғарыш кемесі ұшырылды. "Боран" кемесінің өлшемдері қандай?(Жалпы ұзындығы 36,4 м, тұрған кездегі биіктігі 16,5 м, қанатының қармау құлашы 24 м. Кеменің массасы 105 т)








«Физикалық лото»ойыны

Берілген тапсырмада жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар мен жауаптар берілген. Сұрақтың дұрыс жауабын сәйкестендіріп қою керек.

Сұрақтар:

1.Жердің табиғи серігі...(Ай)

2.Алғашқы қазақ ғарышкері...(Т.Әубәкіров)

3.Алғашқы ғарыш саяхатшысы.. (Денис Тито)

4.Алғашқы әйел ғарышкер...(В.Терешкова)

5.Космоновтиканың негізін қалаушы...(К.Э.Циолковский)

6.Ғарыш идеясын жүзеге асырған ғалым конструктор? (С.П.Королев)

7.Импульстің сақталу заңы қандай жүйеде орындалады?(тұйық жүйеде)

8.Қазақстанда ашық кеңістікке шыққан қазақ ғарышкері?(Т.Мұсабаев)

9.Күн жүйесінде қанша планета бар? (9)

10.Біз тұрған планета қалай аталады?(жер)

11.Бірінші ғарыштық жылдамдық..(8км/с)

12.Ю.Гагарин...(ғарышкер)


Бекіту сұрақтары:

1.Реактивті қозғалыс дегеніміз не?

2.Зымыраннан басқа реактивті қозғалыс жасайтын денелерді ата.

3.Зымыран қанша бөліктен тұрады?

4.Ғарышқа алғашқы қадам жасау идеясын ұсынған кім?

5.Тұңғыш жасанды Жер серігі қашан, қай жерден ұшырылды?

6.Циолковский идеяларын жүзеге асырған ғалым, конструктор кім?

7.Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата?

VIII.Бағалау