Баяндама -Физика-математика пән негіздерін оқытудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін жоғарылату – заманауи сапалы білімге жетудің шарты

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ақмола облысы,

Бурабай ауданы,

«Бурабай» республикалық оңалту орталығы.

Физика пәнінің мұғалімі.

Санаты бірінші.

Жұмыс өтілі: 14 жыл.


Мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі дегенді оның педагогикалық іс әрекетті жүзеге асыруға теория жағынан және практикалық тұрғыдан дайындығы деп түсінуге болады.


Физика-математика пән негіздерін оқытудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін жоғарылату – заманауи сапалы білімге жетудің шарты.


Дамып келе жатқан мемлекетке қазіргі заманғы біліммен қаруланған, іскер, өздігінен ойлай алатын, өздігінен таңдау жасай алатын, жан-жақтылығымен көзге түсетін, мәдениаралық байланысқа дайын, елінің тағдырына, әлеумет­тік-экономикалық гүлденуіне жауапкершілік сезімі қалыптасқан адам қажет.

Алдағы 12 жылдық білім беру стандар­тында белгіленген жалпыұлттық деңгейдегі орта жалпы білім берудің басты мақсаты Елбасы Жолдауы талаптарымен ұштасады, яғни Қазақстан Республикасының әлеуметтік-эконо­микалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлға дайындау.

Халық пен ха­лық­ты, адам мен адамды теңестіре­тін – білім”, деген ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің аталы сөзін еске салып, өсіп келе жатқан ұрпақ бола­шағы біздің қолымызда. Отанымыз­дағы жасалып жатқан білім рефор­масы­ның мақсаты, әлемдік білім стан­дартына қол жеткізу. Осыны күнде­лікті жұмысымызда тиімді пайдалану бізге жүктеліп отыр. Бас­ты мақсат сапалы білім беру. Оқу­шыларды па­расатты, Отан сүйгіш етіп қалып­тастыру басты міндетіміз. “Жиырма­сыншы ғасыр – білім-ғылым ғасы­ры” деп Елбасы атап өткендей, жаңа ғасырда білім мен ғылымды ұштас­тыра отырып, жас ұрпақты тәрбие­леп, Отан дамуына бар күш-жіге­рімізді жұмсауға тиіс­тіміз. Қалай десек те білім мен білік қоғам өр­кен­деуінде түпқазық екені сөзсіз. Ендеше біздің ұрпақ алдын­дағы қарызымыз бен парызымыз ерекше.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында: “Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; … оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуника­циялық желілерге шығу”, деп атап көрсетілген. Бүкіл дүниежүзілік білім кеңістігіне ену мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл өзгерістер педагогика теориясы мен оқу-тәр­бие жүйесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастар­дың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалімнің іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі. Білім мазмұ­нының жаңаруы, оқыту үдерісіне инновациялық технологиялардың енуі осы сала мамандарының кәсі­би біліктілігі деңгейіне қойыла­тын талаптардан айқындалады.

Педагогикалық Білім концепциясында «мұғалім өз пәнін міндетті түрде терең білуге тиісті, бірақ сонымен қатар оқу үрдісіне қатысатын мүмкіндіктердің өз орнын біліп оны уақытында бағыттап, нәтижеге жетелеп, дер кезінде түзетулер енгізе алатын құзіретті тұлға болуы керек» делінген. Құзіретті мұғалім дегеніміз : адамның өз мамандығы бойынша әлеуметтік және кәсіби пісіп жетілуі. Биылғы шыққан 12 жылдық мектеп педагогінің кәсіби құзіреттілік талаптарында былай делінген:

Мұғалім психологияны, педагогиканы, тәрбиелеу теориясын, педагогикалық технологияларды, құқықтық нормаларды білуге міндетті.


Мұғалім не істей білуі керек:

  • мемлекеттік стандартты сараптап, өз іс-әрекетіне сәйкес қолдана білу;

  • өз жұмысында басқару функциясын орындай білу (сыныпты, оқу үрдісін басқару т.б.)

  • кәсіби мониторингтің нәтижелерін қолдану

  • педагогикалық технологияларды сабақ үрдісінде қолдана білу

  • мемлекеттік тілді және шетел тілін кәсіби деңгейіне сәйкес қажетті қолдана білу

Міне осыдан мұғалімнің құзіреттілігі көрінеді.


Қазіргі кезде мектептердің жаратылыстану-математика пән негіздерін оқытуға үлкен талап қойылып отыр. Сондықтан, жаратылыстану-математика пән негіздерін оқытатын мұғалімдерге де қойылатын талаптар өсіп отыр:

  • Ол жаратылыстану-математика пәндері бағытына сай білім алған жоғары деңгейлі маман болуы керек;

  • Ол білім беру процесінің жеке тұлғаға бағытталған болуын және вариативтілігін қамтамасыз етуге дайын болу керек;

  • Ол оқыту процесінің жобалық-ізденушілік және коммуникативтік әдістерін жетік меңгеруі керек.

Сабақ оқыту процесінің негізгі құрамдас бөлігі болғандықтан, білім сапасының деңгейі сабақтың жүргізілуімен, оның мазмұны және әдістемелік толықтығымен анықталады. Осы сабақта мұғалім оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, олардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, әр оқушының шығармашылық ойлау қабілетін арттыруға мүмкіндіктер жасауға тиіс.

Қазіргі заман талабына сай сабақтарды ұйымдастыру арнайы ережелердің орындалуына байланысты. Ол ережелер:

біріншіден, сабақтың мақсаттарын анықтау,

екіншіден, сабақтың түрін таңдап алу,

үшіншіден, қойылған мақсаттарға байланысты сабақты ұйымдастырудың әдіс тәсілдерін таңдау,

төртіншіден, сабақтың мақсаттарына байланысты, мазмұнына және әдіс тәсілдеріне байланысты сабақтың құрылымын анықтау.

Осы ережелерге толығырақ тоқталып өткім келеді.

І. Мақсат дегеніміз өзіміз жүргізіп отырған іс-әрекеттің нәтижесі, яғни, мұғалімнің басшылыққа алып отырған негізгі бағыты болуға тиіс. Сондықтан, сабақтың мақсаттары нақты түрде көрсетілуі керек

Сабақтың оқыту мақсаттары оқушылардың қандай білім, машықтарын алуы керек екенін көрсетеді, яғни нақтыландырсақ, мыналарды көрсетуіміз керек:

  • Оқушылардың (не туралы?) заңды, белгілерді, қасиеттерді, ерекшеліктерді меңгеруін қалыптастыру;

  • Оқушылардың алған білімдерін, машықтарын жүйелеу (нақты қандай тақырып бойынша?)

  • Оқушылардың машықтарын жетілдіру (қандай?)

  • Оқушы біліміндегі кемшіліктерді жою (қандай кемшіліктер?)

Сабақтың тәрбиелік мақсаттарын құрған кезде оқушылардың жас ерекшеліктері, псхологиялық ерекшеліктері ескерілуі керек. Жалпы сабақта тәрбиенің келесі мақсаттарын жүзеге асыруға болады:

  • патриоттықты тәрбиелеу;

  • өнегелілікке баулу;

  • еңбекке деген жақсы көзқарасын қалыптастыру;

  • білімге деген жақсы көзқарасын қалыптастыру;

  • тәртіпке баулу;

Сабақтың дамытушылық мақсаттары оқушылардың психикалық қасиеттерін (ойлау, танымдық) дамытуға және ерік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін дамытуға бағытталуға тиіс.

  • Ойлау қабілеттері: аналитикалық ойлау қабілеті, сараптау қабілеті, абстракты ойлау қабілеті.

  • Танымдық қабілеттері: жоспар, тезистер құра білу, конспект жасау, байқау, тәжірибе жасау, проблема құру, жорамалдар жасау және оның шешу жолдарын таба білу.

  • Оқу еңбегі машықтары: қажетті деңгейде оқу, жазу, есептеу, сызу.

  • Ерік және өз бетінше жұмыс істеу машықтары: өзіне деген сенімі, белсенділігі, мақсат қоя білуі, қиындықты жеңе білуі, өз бетінше қойылған мақсатқа жете білуі.

ІІ. Сабақтың түрлерін анықтау.

Әр мұғалім өз тәжірибесінде сабақтың мынадай түрлерін жүргізеді деп ойлаймын, бұл ешқандай жаңалық емес шығар:

  • лекция сабақтары

  • әңгімелесу сабақтары

  • практикалық жұмыстар сабағы

  • зертханалық жұмыстар

  • саяхат сабағы

  • семинар сабақ

  • дидактикалық ойындар

  • концерт сабағы

  • сот сабағы

  • білімді байқау сабағы

  • аукцион сабағы

  • сайыс сабағы

  • брифинг сабағы

  • ауызша сұраныс сабағы

  • жазбаша сұраныс сабағы

  • бақылау сабақтары, т.с.с.


ІІІ. Сабақтың әдіс тәсілдерін таңдау. Дамыта оқыту териясында әдіс-тәсілдер жүйелері анықталған және олар оқушы мен оқытушының мақсаттарына байланысты, қарым-қатынасына байланысты, оқыту процесі мен пән ді оқытудағы проблемеларға байланысты құрылған. Олар:

  • монологтық әдіс

  • диалогтық (сұхбат жүргізу) әдіс

  • эвристикалық әдіс

  • ізденушілік әдіс

  • алгоритмдық әдіс

  • программалық әдіс.

Бұл әдістерге тоқталмай-ақ қоюға болады, себебі, бәріміз де бұл әдістерді жетік білеміз деп ойлаймын.

ІҮ. Сабақтың құрылымын анықтау.

Сабақтың құрылысы дегеніміз сабақ бөлімдерінің арасындағы тығыз байланыс. Бірақ, дәстүрлі сабақ құрылысы көптеген мақсаттарға жетуге жолымызды тежейді деп те айтуға болады, өйткені, бұл құрылым оқушыларға түсінік беру, бекіту және тапсырма берумен ғана шектеледі. Ал, жаңа білім негіздерін қалыптастыруда және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда мұндай құрылым жеткіліксіз.

Құзіретті ұстаз тек оқытушы ғана емес, оқу-тәрбие үрдісінің білікті менеджері болуы керек. Өйткені, өзі тәрбиелеп отырған оқушылардың жеке тұлғалық болмысын зерттеп, логикалық анализ жасап, кемшіліктер себебін анықтап, педагогикалық процеске коррекция жүргізе алуы қажет. Сол арқылы ол өзі тәрбиелеп отырған оқушыларға дұрыс бағыт беруге ұмтылуы керек. Сондықтан, сабақтың құрылымын анықтауға әр ұстазға шығармашылығын жүзеге асыруға, яғни сабақты өз оқушыларының ерекшеліктеріне, өзінің мүмкіндіктеріне байланысты құруға рұқсат берілуі керек деп ойлаймын.


Сонымен, мұғалім сабақтың дидактикалық мақсатын құрды. Бұл оның кәсіптік шеберлігінің, кәсіптік құзыреттілігінің ең маңызды көрсеткіші болып табылады.

Қай заманда да өр­ке­ниеттің өрлеуі интел­лек­туалдық, шығармашылық қабілет­тің негізінде іске аспақ. Осындай қабілеттердің дамып, шыңда­луын­да мұғалімдер шешуші рөл атқарады. Яғни, мектептерде өткізілетін сабақтар, кон­ференция, семинар, курстар, дөңгелек үстел, пәндік олим­пиа­далар, интеллектуалдық ойындар, дебат, байқаулар – жеке тұл­ғаларға арналған іс-шаралардың бәрі де ұстаздың жаңашыл педагогикалық ойлауына, жеке адамды дамыту құралы болып табылатын оқыту үрдісін қалып­тастыруға және шығармашылық дамуына, кәсіби шыңдалуына негіз болады, сонымен қатар оқушылардың құзіреттілігін арттырудың кепілі болады деп сенімді түрде айта аламыз.


Құрметті қауым, әріптестер! Бүгінгі менің баяндамам кез келген пән негіздерін оқытудағы мұғалімнің құзыреттілігін арттыру - оқушы құзіретін арттырудың кепілі екендігін дәлелдеп отыр.

Назарларыңызға көп рахмет!


5