7сынып тест 1-2 тоқсан

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


7 сынып І тоқсан

1. Физикада зерттелетін табиғат құбылыстарының атауы.

а) Физикалық аспаптар

б) Физикалық құбылыстар

в) Физикалық заңдар

г) Физикалық шамалар

д) Физикалық тәжірибелер

2. Табиғатты бақылау барысында жинақталған ғылыми деректер бойынша ұсынылған тұжырымдардың атауы.

а) Физикалық шама

б) Тәжірибе

в) Гипотеза

г) Физикалық өлшеу

д) Физикалық эксперимент

3. Физикалық теорияның негізгі мәселесі

а) Құбылысты түсіндіру

б) Физикалық эксперимент

в) Физикалық өлшеу

г) Болжау ұсыну

д) Физикалық шаманы есептеу

4. Физиканың ғылыми тілін игеру кезінде пайдаланылатын арнайы тірек сөздің атауы

а) Физикалық аспаптар

б) Физикалық терминдер

в) Физикалық заңдар

г) Физикалық шамалар

д) Физикалық тәжірибелер

5. Физика сөзін ғылымға енгізген ғалым

а) Галилей

б) Декарт

в) Аристотель

г) Ньютон

д) Демокрит

6. Уақытты өлшейтін аспап

а) Барометр

б) Сызғыш

в) Секундомер

г) Спидометр

д) Манометр

7. Ұзындықты өлшейтін аспап

а) Барометр

б) Сызғыш

в) Секундомер

г) Спидометр

д) Манометр

8. Халықаралық бірліктер жүйесіндегі ұзындықтың негізгі бірлігі

а) Миллиметр

б) Сантиметр

в) Метр

г) Спидометр

д) Километр

9. Қандай шама миллиметрмен өлшенеді?

а) Аудан

б) Ұзындық

в) Жылдамдық

г) Уақыт

д) Көлем

10. Қайсы сөз физикалық дене ұғымына жатпайды?

а) Парта

б) Қалам

в) Бор

г) Қарындаш

д) Кемпірқосақ

11. Табиғаттағы барлық физикалық денелер ... құралады

а) Өте кішкентай шаралардан (металл, пластмасса немесе шыны)

б) Тек протондардан

в) Атомдардан немесе молекулалардан

г) Тек ғана электрондардан

д) Тек ғана нейтрондардан

12. Диффузия құбылысы нені дәлелдейді?

а) Тек молекулалардың бар екенін

б) Тек молекулалардың қозғалыста болатынын

в) Молекулалардың бар екендігін, қозғалыста болатынын және олардың арасында бос орын болатынын

г) Молекулалардың өзара әсерлесетіні

д) Ештеңені дәлелдемейді

13. Затты құрайтын бөлшектер

а) Егер денені жоғары лақтырса, қозғала бастайды

б) Егер денені 1000С – қа дейін қыздырса, тыныштықта болады

в) 00С – та тыныштықта болады.

г) Кез келген температурада үздіксіз және бейберекет қозғалады

д) Абсолют тыныштықта болады

14. Темір кесекті сығу мүмкін емес. Өйткені қысқан кезде темір бөлшектері ...

а) Үздіксіз, бейберекет қозғала бастайды

б) Бір – біріне күштірек тартыла бастайды

в) Бірдей массада және бірдей өлшемде болады

г) Бір – бірінен күштірек тебіле бастайды

д) Массасы көбейе бастайды

15. Дене өз көлемін сақтамайды және берілген көлемді толық иелене алады. Денені құрайтын зат қандай күйде болады?

а) Газ тәрізді

б) Сұйық

в) Қатты

г) Газ тәрізді немесе сұйық

д) Тура жауап беру мүмкін емес

16. Зат ұғымына тиісті емес сөзді атаңдар?

а) Қарындаш

б) Бор

в) Су

г) Ағаш

д) Темір

17. Физикалық құбылыс ұғымына тиісті емес сөзді атаңдар?

а) Мұздың еруі

б) Найзағайдың жарқылы

в) Сынып

г) Жанартаудың атқылауы

д) Жаңбырдың жаууы

18. Төмендегі сөздердің қайсысы механикалық құбылысқа тиісті?

а) Тамшының тамуы

б) Жұлдыздардың жымыңдауы

в) Мұздың еруі

г) Сіріңкенің жануы

д) Судың қайнауы

19. Төмендегі сөздердің қайсысы физикалық аспаптарға тиісті?

а) Градус

б) Температура

в) Термометр

г) Килограмм

д) Метр

20. Миллиметр – бұл

а) Физикалық шама

б) Физикалық дене

в) Физикалық аспап

г) Физикалық құбылыс

д) Өлшем бірлігі

21. Астрономияда арақашықтықты анықтауда астрономиялық бірлік (а. б.) қолданылады. Жерден Күнге дейінгі орташа қашықтық 150 млн км – ге тең. Төмендегі нұсқалардың қайсысында 1 а. б. сндарт түрге енгізілген?

а) 0,15 · 1012 м

б) 150 · 106 м

в) 15 · 1010 м

г) 1,5 · 1011 м

д) 1,5 · 1012 м

22. Жарықтық 300 000 км/с жылдамдықпен 1 жылда жүріп өттін аралығын жарық жылы деп атайды. Осы аралықты есептеп, стандарт түрде көрсетіңдер. Қай нұсқаға сай келетінін көрсетіңдер

а) 946 · 1013 м

б) 9,46 · 1013 м

в) 9,46 · 1014 м

г) 9,46 · 1017 м

д) Жауаптардың ішінде жұрысы жоқ

23. Өлшеудің ең үлкен қателігі

а) Шкаланың екі құнына тең

б) Шкаланың бір бөлігінің төрт құнына тең

в) Шкаланың бір бөлігінің төрттен бір құнына тең

г) Шкаланың бір бөлігінің құнының жартысына тең

д) Шкаланың бір бөлігінің құнына тең.

24. Микро тіркесі неге тең?

а) 10-3

б) 106

в) 10-9

г) 103

д) 10-6

25. Арақашықтықтың төмендегі өлшем бірліктерінің ішіндегі ең үлкені

а) Миллиметр

б) Километр

в) Метр

г) Сантиметр

д) Нанометр

26. Дұрыс тұжырымды таңда

а) Бір заттың молекулалары әртүрлі болады

б) Бір заттың молекулалары бірдей болады

в) Дене қызғанда молекулалардың өлшемі ұлғаяды

г) Дене қызғанда молекуланың массасы артады

д) Дене қызған кезде молекула массасы азаяды

27. Дуффузия ... жүреді

а) Тек газда

б) Тек сұйықта

в) Тек қатты денелерде

г) Газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде

д) Тек плазмада

28. Төменде аталған құбылыстардың қайсысы зат бөлшектерінің арасында тартылыс күші бар екенін дәлелдейді?

а) Егер қорғасын цилиндрдің жаңа кесілген қималарын өзара түйістіріп, қатты сығып ұстаса, олар жабысып қалады

б) Гүлдің иісі ауада таралады.

в) Мұз жылы жерде ериді

г) Ток жүрген кезде электр шамы жарқырайды

д) Өзен суы қыста қатады

29. Дене өз пішіні мен көлемін сақтайды. Денені құрайтын зат қандай күйде болады?

а) Газ тәрізді

б) Сұйық

в) Қатты

г) Газ тәрізді немесе сұйық

д) Тура жауап беру мүмкін емес

30. Газдағы немесе сұйықтағы ұсақ бөлшектердің ретсіз қозғалысы қалай аталады?

а) Қысым

б) Атомдардың қозғалысы

в) Броундық қозғалыс

г) Уақытша қозғалыс

д) Булану.

31. Күн жүйесінде неше планета бар

а) 8

б) 9

в) 12

г) 6

д) 4

32. Физикалық шаманы көрсет?

а) Уақыт

б) Темір

в) Тікұшақ

г) Үстел

д) Қағаз

33.Дыбыс құбылысына сәйкес құбылысты тап?

а) Шардың қозғалысы

б) Қоңыраудың сыңғыры

в) Таңның атуы

г) Қардың еруі

34. Диффузия дегеніміз не?

а) бөлшектердің жайылуы

б) бөлшектердің қозғалуы

в) бөлшектердің қатаюы

г) дұрыс жауабы жоқ

35. Заттың күйі деген не?

а) газ, күш, масса

б) ағаш, су, қысым

в) газ, сұйық, қатты

г) дұрыс жауабы жоқ

36. Ауырлық күші неге тең?

а) F=gm  

б) F=S/t 

в) t=S/F

г) дұрыс жауабы жоқ

37. Заттың үш күйде болуының себебі неге байланысты?

а) Молекулалардың сұлбасына

б) Молекулалардың өлшеміне

в) Атомдардың санына

г) Молекулалардың орналасуына

38. Дененің қозғалысына байланысты құбылыстарды қай теория зерттейді?

а) Электродинамика

б) Термодинамика

в) Классикалық механика

г) Молекула –кинетикалық теория

39. Күнге жақын орналасқан планета:

а) Плутон

б) Сатурн

в) Жер

г) Меркурий

40. Алып планета қайсысы

а) Уран

б) Сатурн

в) Күн

г) Юпитер






















1-тоқсан














































7 сынып ІІ тоқсан

1. Жердің денені өзіне тартатын күші қалай аталады?

а). Магниттік күш

б). Ауырлық күші

в). Дененің салмағы

г). Дененің массасы

д). Серпімділік күші

2. Күшті қандай аспаппен өлшейді?

а). Темометрмен

б). Динамометрмен

в). Барометрмен

г). Спидометрмен

д). Сызғышпен

3. ХБЖ – дегі күштің өлшем бірлігі қандай?

а). кг

б). Н

в). м/с

г). Па

д). м/с

4. Мырыштың тығыздығы 7100 кг/м3. мырыштың тығыздығын г/см3 – мен көрсетіңдер

а). 7,1 г/см3

б). 7 100 000 г/см3

в). 0,0071 г/см3

г). 0

д). 7100 г/см3

5. Көлемі 65 см3 металл кесегінің массасы 461,5 г. осы заттың тығыздығы қандай?

а). 461,5 г/м3

б). 65 г/м3

в). 7,1 г/см3

г). ≈ 0,1 г/м3

д). 0

6. Заттың тығыздығын қай формуламен анықтайды?

а). F = m · g

б). p = m/V

в). u = s/t

г). V = a · b · c

д). p = F/S

7. Сыйымдылығы 15 м3 аквариумға су толтырылған. Аквариумдағы судың массасы қандай? Судың тығыздығын 1000 кг/м3 деп алыңдар

а). 15 000 кг

б). 0,015 кг

в). 15 кг

г). 1000 кг

д). 100 г

8. Таразының оң жақтағы табағына салынған дене теңестіру үшін сол жағындағы табағына массалары 20 г, 1 г, 200 мг, 10 мг гир тастары салынды. Таразыға тартылған дененің массасы қандай?

а). 5210 мг

б). 20 г 500 мг

в). 500 мг 20 г

г). 21 г 510 мг

д). 26 г 510 мг

9. Массалары бірдей екі бала бір – біріне алақандарын түйістірді. Бірінші бала екінші баланы 105 Н күшпен итеріп жіберді. Екінші бала бірінші баланы қандай күшпен итереді?

а). 0

б). 50 Н

в). 105 Н

г). 210 Н

д). 420 Н

10. Керосиннің тығыздығы 800 кг/м3. бұл нені білдіреді?

а). Массасы 1 кг керосиннің көлемі 800 м3

б). Көлемі 1 м3 керосиннің массасы 800 кг

в). Көлемі 800 м3 керосиннің массасы 800 тонна

г). Көлемі 800 м3 керосиннің массасы 1 тонна

д). Көлемі 800 м3 керосиннің массасы 10 кг

11. Салмағы 9,8 Н дененің массасы неге тең?

а). 9,8 кг

б). 98 кг

в). 0,98 кг

г). 1 кг

д). 10 кг

12. 10 м3 ауаның салмағы неге тең? Ауа тығыздығы 1,3 кг/м3

а). ≈ 1,3 Н

б). ≈ 13 Н

в). ≈ 130 Н

г). Салмағы жоқ ауа

д). ≈ 1300 Н

13. Массасы 20 кг денеге әсер ететін ауырлық күші неге тең?

а). 19,6 Н

б). 196 Н

в). 0,49 Н

г). 1960 Н

д). 0,196 Н

14. Деформация салдарынан серіппе сығылып, ұзындығы қысқарды. Мұндай жағдайда серпімділік күші қалай өзгереді?

а). Кемиді

б). Өзгермейді

в). Жауабы жоқ

г). Артады

д). Басыңда өсіп соңында кемиді

15. Денелердің жер бетіне құлауы қандай күштің әсерінен болады?

а). Үйкеліс күші

б). Дененің салмағы

в). Серпімділік күші

г). Ауырлық күші (тартылу күші)

д). Архимед күші

16. Білеушеге горизонталь бағытта 1,5 Н күшпен әсер ететін білеушеге бірқалыпты қозғалады. Үйкеліс күшінің шамасы неге тең?

а). 0

б). 0,5 Н

в). 1 Н

г). 1,5 Н

д). 2 Н

17. Төмендегі формулалардан Гук заңының формуласын көрсетіңдер

а). F = mg

б). F = kΔl

в). u = s/t

г). F = µ · N

д). p = F/S

18. Дененің пішіні мен өлшемінің өзгеруі

а). Инерция

б). Диффузия

в). Деформация

г). Жылдамдық

д). Масса

19. Күштің әсері тоқтағаннан кейін, дененің өзінің пішіні мен өлшемін толығымен алғашқы қалпына келтіретін деформация қалай аталады?

а). Нөлдік

б). Нақты

в). Пластикалық

г). Серпімді

д). Формалды

20. Дененің тіреуге немесе аспаға әсер ететін күші

а). Дене массасы

б). Тірек күші

в). Ауырлық күші

г). Серпімділік күші

д). Дененің салмағы

21. Мына жағдайда ауа шарына әсер ететін кері итеруші күш үлкен:

1) Жердің бетінде ; 2) 100 м биіктікте; 3) 200 м биіктікте.

а) 3. б) 2. в) 1. г) 1,2. д) 2,3

22. Ауырлық күші неге тең?

а) F=gm 

б) F=S/t 

в) t=S/F

г)дұрыс жауабы жоқ

23.Ауырлық күшінің өлшем бірлігі қандай?

а) кг

б) Ньютон (Н)

в) метр

г) Паскаль (Па)

24. Жылдамдықты анықтау формуласы қандай?

а) v=st 

б) v=s/t 

в) s= vt

г) дұрыс жауабы жоқ

25. Автомобиль 90 км/сағ жылдамдықпен жүріп барады. 2 сағат ішінде ол қандай аралықты басып өтеді?

а) 200км

б) 400км

в) 180 км

г) 90 км

26. Тығыздықтың формуласы қандай?

а) p=s/t

б) p=m/V

в) s=vt

г)дұрыс жауабы жоқ

27. Жылдамдықтың өлшем бірлігін көрсет:

а) км, см, м

б) км/сағ, м/с, см/с.

в) м3, см3, мм3

г) сағат, минут, секунд

28. гидравликалық престің ауданы 1 см2 кіші поршеніне 10 Н күш әсер етеді. Ауданы 0,1 м2 үлкен поршеньге әсер ететін күш...

а) 10000 Н.

б) 1000 Н.

в) 100 Н.

г) 10 Н.

д) 1 Н.

29. Үстелдің ұзындығы 0, 8 м. Оны сантиметрмен өрнектеңдер.

а) 8 см

б) 80 см

в) 800 см

г) 0, 08 см

30. Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шаманы атаңыз.

а) жылу құбылысы

б) бейберекет қозғалыс

в) температура

г) диффузия

31. Дененің температурасы тұрмыста Цельсий шкаласында көрсетілген...

а) Кельвинмен өлшенеді

б) Градуспен өлшенеді

в) Сандық мәнмен өлшенеді

г) барлық жауап дұрыс

32. Кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе не деп аталады?

а) зат

б) дене

в) материя

г) ұғым

33. Зат құрылысының молекула - кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын кейінірек кім қорытындылады?

а) Дж. Бруно

б) М. В. Ломоносов

в) Демокрит

г) Эпикур

34. Әтір иісі бөлмеге қандай құбылыстың әсерінен тарайды?

а) Диффузия

б) Конвекция

в) Электрлену

г) Иондалу

35. Астрономияның ең негізгі құралы қалай аталады?

а) Микроскоп

б) Телескоп

в) Линза

г) Окуляр

36. Физика нені зерттейді?

а) Табиғат құбылыстарын

б) Химиялық құбылыстарды

в) Физикалық құбылыстарды

г) Жердегі өмір жағдайын

37. Заттың тығыздығың анықтау үшін ...

а ) оның массасын көлемге көбейту қажет

б) оның массасын көлемге бөлу қажет

в) оның көлемін массаға бөлу қажет.

Г) дұрыс жауап жоқ

38. Күшті қандай әріппен белгілейміз,өлшем бірлігі?

а) F ,А

б) F ,Н

в) S ,Н

г) A,Н

39. Аспан денесін көрсет

а) Астероид

б) Су

в) Ұшақ

г) Жарық

40. Ай бетінде бірінші рет барған кім, және қай елдің астронавты?

а) Гагарин, Ресей

б) Әубәкіров, Қазақстан

в) Армстронг, Америка

г) Мұсабаев, Қазақстан






2-тоқсан