Энергия . 7 класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мұғалжар орта мектебі





Тақырыбы:
Энергия.Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары






[pic]






Өткізген: физика пәнінің мұғалімі - Кулкаева Динара Есенжоловна.








Түсінік хат


2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

Физика курсын 7-9 сыныптарда оқытудың мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетанымының негіздерін, танымдық қызығушылығын, сын тұрғысынан ойлауын зияткерлік және шығармашылық қабілетін қалыптастыру, физиканың негізгі заңдарымен танысудан, табиғаттың құбылысын зерттеуден меңгерген білімі және білігін техникада және күнделікті өмірде пайдалана білу.

Осы мақсатқа жету үшін 7 классқа арналған "Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары" атты сабағымның презентациясын жіберіп отырмын. Презентацияда интерактивті тақтада жүргізуге арналған Microsoft PowerPoint бағдарламасаында жасалған.

Презентацияда видео және музыка қосуға арналған гиперссылка бар. Жаңа сабақты түсіндіру екі слайдтан тұрады. Екінші слайдқа көшкенде мына батырманы басу арқылы шығады. Бұл батырманы басқанда youtube сайтынан көшірген видеоны корсетеді. Бекіту кезеңінде ұяшықтардың үстін басу арқылы есеп көрсетіледі. Сергіту сәтінде оқушыларға көзге арналған жаттығу жасатамын, ол кезде алдын - ала мына батырманы басу арқылы музыканы іске қосамын

Презентацияны оқушылардың 12-13 жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалынған, олардың жаңа игерген білімдерін қолдануға және даму үдерісінің жаһандануы, табиғаттың физикалық заңдылықтарының мәнін аша отырып практикалық жұмыстарды орындауына кеңінен мүмкіндік туғызады.

















Мақсаты:

Білімділігі: Энергия туралы түсінік беру,

денелердің істеген  жұмысы сол денелердің массаларына, көтерілу  биіктігіне және жылдамдығына тәуелді болатынын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз ойын толық жеткізуге өзіндік қор жасау дағдыландыру. 

Тәрбиелік: Оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, бірлікке, білімдерін есептеп шығаруда қолдана білуге тәрбиелеу

Сабақ түрі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, есеп шығару, топпен жұмыс.

Көрнекілігі:Интерактивтік тақта, плакт, слайдтар, кеспе-қағаз, графопроектор, видео, презентация

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі:

-оқушыларды түгендеу,

-самалет, машина суреттерін беру арқылы оқушыларды 2 топқа бөлу
2. Үй тапсырмасын сұрау.
а) сұрақ - жауап жүргізу. Әр топқа 10 сұрақ
3. Жаңа сабаққа кіріспе.
4. Жаңа материалды түсіндіру
5.Сабақты бекіту: а)«Есеп шығару ; б) ұяшықпен жұмыс

6.Сергіту сәті: Көзге жаттығу

7.Кеспе-қағаз
5. Сабақты қорытындылау: а) постер қорғау; б)физикалық гүл
6.
Үйге тапсырма
7. Бағалау


1. Суреттерді тарату арқылы оқушыларды 2 топқа бөлу

[pic] [pic]

2. Үй тапсырмасын тексеру:


І топ сұрақтары:

1.Қысым қандай әріппен белгіленеді?

2.1кПа неше Паскальға тең?

3.Қатынас ыдыстарға не жатады?

4.Архимед күшінің формуласын жаз?

5.Денелердің жүзу шарттары неше жағдайда болады және қандай?

6.Ауырлық күшінің формуласы?

7.Кеменің суға бататын бөлігі?

8.Жұмыс қандай шамаға тура пропорционал?

9.Қуаттың белгіленуін және өлшем бірлігін ата?

10. 1 ат күші неше ваттқа тең?

ІІ топ сұрақтары:

1.Қысымның формуласын жаз?

2. 5 кН неше Ньютонға тең?

3.Қалыпты атмосфералық қысым нешеге тең?

4.Архимед формуласын табу туралы аңыз?

5.Денелердің қалқу, жүзу, бату кездерін түсіндір?

6.Тығыздықтың формуласы?

7.Кеменің корпусындағы қызыл сызық қалай аталады?

8.Жұмыстың белгіленуі және өлшем бірлігін ата?

9.Қуаттың формуласын ата?

10.1 сағатта неше секунд бар?

3. Жаңа сабақ мазмұны:

Заводтар мен фабрикалардағы станоктар мен машиналар жұмыс істеу үшін, оларды электр двигатальдері қозғалысқа келтіруі керек, ал электр двигательдері электр энергиясын жұмсайды. Автомобильдер мен самолеттер, тепловоздар мен теплоходтар жанғыш отын энергиясының, гидротурбиналар биіктен құлап аққан судың энергиясын жұмсау арқылы жұмыс істейді. Біз өзіміз өмір сүріп, жұмыс істеу үшін өз энергиямыздың қорын тамақ арқылы ауық - ауық жаңар тып толықтырып отырамыз.
«Энергия» терминін 1807 жылы ағылшын ғалымы Юнг енгізген, грек тілінен аударғанда «қозғалыс» дегенді білдіреді. Энергия – ішкі, жылу, ядролық, механикалық болып бөлінеді. Біз бүгін сіздермен механикалық энергиямен танысамыз. «Энергия» деген сөз күнделікті тұрмыста да жиі қолданылады. Мысалы, көп жұмыс істей алатын адамдарды энергиясы, мол, қайратты адамдар деп атаймыз. Энергия дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап беру үшін мысалдар қарастырайық. Сығылған серіппе жазылғанда жұмыс істей алады, мысалы, жүкті көтер алады немесе арбаны итеріп қозғалтады. Жоғары көтеріліп қойылған қозғалмайтын жүк жұмыс істемейді, бірақ егер сол жүк төмен түссе, онда ол жұмыс істейді (мысалы, қазықты жерге қағып жібере алады). Әрбір қозғалыстағы дененің жұмыс істей алатын қабілеті бар. Мысалы, көлбеу жазықтықтан домалаған А болат шар В ағаш цилиндрге соғылып, оны біраз жерге жылжытады. Бұл жағдайда жұмыс істеледі. Егер бір дене немесе өзара әсерлесетін бірнеше дене жұмыс істей алатын болса, онда оларды, энергиясы бар деп айтылады. Энергия - бір дененің қандай жұмыс істей алатындығын көрсететін физикалық шама.

[pic] [pic]


4.Бекіту кезеңі ( интерактивті тақтаға шығып шығарады):

а) ұяшықтарды ашу

1.Жер бетінен 3 м биіктікке көтерілген массасы 2 кг дененің потенциалдық энергиясы неге тең?

2.Массасы 80 кг, жылдамдығы 5 м/с велосипедшінің кинетикалық энергиясы неге тең?

3.Жер бетінен массасы 50 т реактивті ұшақ Жермен салыстырғанда 1 км биіктікте, 300 м/с жылдамдықпен келе жатыр. Оның кинетикалық және потенциалдық энергиясын тап.

4.Нүрек су электр бекетіндегі (СЭБ) су 275 м биіктіктен құлап ағады .Әрбір секунд сайын СЭБ-тің бір құбырынан 1,5 м2 су ағып өтеді. Бұл құбырда 1 с ішінде қанша энегия өндірледі?


5.Сергіту сәті: Көзге жаттығу


6. Бекіту кезеңі: б) Кеспе қағаз тарату

І топ. Тереңдігі 5 м судағы көлемі 0,6 м3 тасты судың бетіне дейін көтереді. Тастың тығыздығы 2500 кг/м3. Тасты көтерудегі потенциалдық энергиясы неге тең?

ІІ топ. Дененің массасы 8 кг, кинетикалық энергиясы 16 Дж, дененің жылдамдығы қандай?

7. Постер құрау

(плакат, карандаш, фломастер, өшіргіш). Постер құрау (плакат, карандаш, фломастер, өшіргіш)


8. Физикалық гүл.(оқушылар интерактивті тақтаға шығып толтырады)

[pic] [pic]

9. Бағалау.

а)Үй тапсырмасы: §53.Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары.

29 – жаттығу.есеп шығару

б) Энергия, жұмыс, еңбек туралы мақал жазып келу

10. Сабақта алған көңіл –күйлерін және тілектерін стикерге жазу