М. Әуезов атындағы №251 орта мектеп «КММ»
[pic]
Т [pic] АҚЫРЫБЫ:
Сыныбы:10«А»
Пәні:Физика
Пән мұғалімі:Жакипова А.А.
2016 оқу жылы
Пәні: ФИЗИКА Мектеп: М. Әуезов атындағы №251 орта мектеп
Күні: 05.05.2016
Мұғалімнің аты-жөні: Жакипова Айнұр Әзімханқызы
Сынып:
10 «А»
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың
тақырыбы:
Практикалық жұмыс: Магниттік құбылыстар және электромагниттік индукция тарауындағы негізгі формулаларға есептер шығарту;
Сабақ негізделген оқу мақсаты
Оқушыларға магниттік құбылыстар және электромагниттік индукция тарауындағы физикалық шамалар мен олардың өлшем бірліктерін естеріне түсіре отырып, негізгі формулаларды есептер шығаруда дұрыс қолдана білуге үйрету;
Сабақтың табыс критерийі
Барлық оқушылар:
Оқушылар магниттік құбылыстар және электромагниттік индукция тарауындағы физикалық шамалар мен олардың өлшем бірліктерін және де негізгі формулаларды білетін болады;
Оқушылардың көпшілігі:
Оқушылар магниттік құбылыстар және электромагниттік индукция тарауындағы физикалық шамалар мен олардың өлшем бірліктерін біле отырып, негізгі формулаларды есептер шығаруда қолдана алады;
Жекеленген оқушылар:
Оқушылар магниттік құбылыстар және электромагниттік индукция тарауындағы физикалық шамалар мен олардың өлшем бірліктерін біле отырып, негізгі формулаларды күрделі есептер шығаруда түрлендіре алады;
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин)
Оқушылармен сәлемдесіп, түгендейді. Оқушылардың көңілдерін сабаққа аудару.
Сынып оқушыларын топқа бөлу үшін, «көгершін» суреттері тартылады. (Көгершін – бейбітшілік символы. Келе жатқан 1 мамыр мерекесімен байланыстыру)
Оқушылар өздеріне берілген «көгершін» суретінің арғы бетіндегі шартты белгілер бойынша үш топқа бөлінеді.
μ <1 Диамагнит тобы;
μ >1 Парамагнит тобы;
μ>>1 Ферромагнит тобы;
Топтардың аттары
Көгершін суреттері
Алдыңғы оқу
(үй тапсырамасы, 7 мин)
10-11 тараудың ең маңызды ұғымдарын, формулаларын еске түсіріп, қайталау.
БІЛУ кезеңі «Білімге жол» әдісі.
Топтарға бағалау парақтары таратылып, түсіндіріледі.
ТҮСІНУ кезеңі
«Білімге жол» әдісінде оқушылар өз топтарына берілген постерге «үйден мектепге дейінгі» жолдарға өткен тараудағы ф/ш, хбж жазып шығады.
Топ жетекшісі бағалау парақтарын толтырып отырады.
Топтар орындаған тапсырмаларымен алмасып, түсіндіріп өтеді.
Б. Кронгарт, В. Кем
Н. Қойшыбаев
10 сынып физика оқулығы;
Постер
Бағалау парағы
Жаңа білімді игерту
(15 мин)
Түсінуін тексеру тапсырмалар
( 15 мин)
ҚОЛДАНУ кезеңі (топтық жұмыс)
Деңгейлік тапсырма.
ТАЛДАУ кезеңі «Ашық хат»
(жұптық жұмыс)
Абай атындағы № 50 мектептен
№ 152 қазақ орта мектебінен
№ 150 қазақ орта мектебінен тақырып бойынша есептер келеді.
Деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып, оқушылар тақтамен жұмыс жасайды.
Оқушылар жұбымен бірге өздеріне берілген есептерді тез әрі, дұрыс орындаулары керек.
Деңгейлік тапсырма
«Физика пәнінен тест есептер жинағы» 2011, 2012, 2014, 2015 жж
Ашық хат
Бағалау парағы
Сергіту сәті.
Оқушыларға сергіту сәтінде тақырып бойынша ғаламтордың қызықты да, пайдалы жағалықтарынан хабардар ету.
Ғаламтор матер/ы
Жаңа білімді бекіту.
Бағалау Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
( 3 мин)
ЖИНАҚТАУ кезеңі. (жеке жұмыс)
«Ойлан.Ізде.Тап.» әдісі. Яғни бүгінгі білімдерін тексеру мақсатында «Қатесін тап!» тапсырмасы беріледі.
«Білімдіге – биіктен орын». Топтардың бағалау парақтарының қорытындысын шығару.
Оқушылар өздеріне берліген «Қатесін тап!» жеке тапсырмасын орындап, тақтадағы дұрыс жауабымен тексеріп өз-өздерін бағалайды.
Б. Кронгарт, В. Кем
Н. Қойшыбаев
10 сынып физика оқулығы;
«Қатесін тап!» тапсырмасы
Бағалау парағы
Оқушылардың ішінен бүгінгі сабақ бойынша өте жақсы қатысып, көзге түсіп отырғаны, бүгінгі физика сабағының көшбасшысы аталады.
Үй тапсырмасын орындау жөнінде нұсқау
( 2 мин)
Өзіндік жұмысқа дайындалып келу.
Магниттік құбылыстар және электромагниттік индукция тарауындағы негізгі формулаларды бір қайталар өту.
Берілген тапсырманы белгілеп, жазып алады.
Б. Кронгарт, В. Кем
Н. Қойшыбаев
10 сынып физика оқулығы;
Кері байланыс
( 1 мин)
«Плюс-минус- қызықты»
+
-
Плюс - сабақ барысында қандай тапсырма ұнады, қызықты болды.
Минус - не түсініксіз болды, қандай тапсырма қиындық туғызды.
Қызықты - бұрын естімеген жаңа ақпарат, қызықты фактілер. Сабақтың жағымды жақтарын.
Әр оқушы өзіңіздің бүгінгі сабаққа кері байланысын, түсінгенін жазбаша түрде береді.
[link]
Мұғалімге арналған нұсқаулық