9а сынып № 36 сабақ ____________________
Сабақтың тақырыбы:
Жұлдызды аспан. Аспан сферасы. Аспан координаталарының жүйесі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Радиобайланыстарды пайдалануды үйрету негізгі ұғымдармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын ексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша жұлдызды аспанмен аспан сферасымен танысамыз.
1. Бірінші рет радиобайланыс қашан жасалды?
2. Радиобайланыс жасау үшін қандай жиіліктер пайдалырақ?
3. Антенна не үшін керек?
4. Радиолакация не үшін қажет?
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
Бақылаулар кезінде сендер жұлдыздардың түстерінің түрліше болатынына назар аударыңдар, бұл әсіресе олардың ең жарығырақтарында көзге жақсы білінеді. Қыздырылған дененің, оның ішінде жұлдыздың түсі оның температурасына тәуелді болады. Бұл жұлдыздардың температурасын олардың үздіксіз спектріндегі энергияның таралуы бойынша анықтауға мүмкіндік береді.
Жұлдыздардың түрі мен спектрі олардың температурасына байланысты. Біршама салқын жұлдыздарда сәуле шығару спектрдің қызыл аймағында басымырақ, сондықтан да олардың түсі қызыл болады. Қызыл жұлдыздардың температурасы төмен. Температура қызыл жұлдыздардан қызғылт сары жұлдыздарға, одан әрі сары, сарғыштау, ақ және көгілдір жұлдыздарға ауысқанда осы ретімен өсіп отырады. Жұлдыздардың спектрлері сан алуан. Олар, латын әріптерімен және цифрлармен белгіленетін топтарға бөлінген. Температурасы 3000 Қ-ге жуық М тобындағы салқын қызыл жұлдыздар спектрінде ең қарапайым екі атомды молекулалардың, кебінесе титан тотығының жұтылу жолақтары көрінеді. Басқа қызыл жұлдыздар спектрінде көміртегі немесе цирконий тотығы басым.
М кейіпті бірінші шама қызыл жұлдыздары - Антарес, Бетельгейзе.
Спектрі бойынша Күнде G тобындағы (бетінің температурасы 6000 К) сары жұлдыздардың қатарына жатады. Бұлардың спектрінде темір, кальций, натрий тағы басқа металдардың жіқішке сызықтары басым. Спектрі, түсі және температурасы жағынан Күн кейіпті жұлдыз - Жетекші шоқжұлдыздағы жарқыраған Капелла.
Сириус, Вега және Денеб сияқты А кейіпті ақ жұлдыздар спектрінде өте-мөте сутегі сызықтары күшті. Иондалған металдардың бәсең сызықтары көп. Ондай жұлдыздардың температурасы 10 000 К-ге жуық.
Температурасы 30000 К-ге жуық өте-мөте ыстық көгілдір жұлдыздардың спектрінде бейтарап гелийдің және иондалған гелийдің сызықтары бар екені көрінеді.
Жұлдыздардың көпшілігінін температурасы 3 000-нан 30 000 К-ге шейінгі аралықта. Ал 100 000 К-ге жуық температурасы бар жұлдыздар әредік ұшырайды.
Сонымен, жұлдыздардың спектрлері әрқилы болады екен және оларға қарап, жұлдыздардың атмосферасының химиялық құрамы мен температурасын анықтауға болады. Спектрлерді зерттеу барлық, жұлдыздардың атмосфераларында сутегі мен гелийдің басым екенін көрсетті.
Жұлдыздық спектрлердің әрқилылығы олардың химиялық құрамының сан түрлілігімен ғана емес, сонымен қатар жұлдыздар атмосферасындағы температура және басқа да физикалық жағдайлардың айырмашылығымен де түсіндіріледі. Жоғары температура кезінде молекулалар бұзылып, атомдарға ыдырайды. Одан да гөрі жоғары температурада беріктігі кемдеу атомдар бұзылып, электрондарынан айрылған иондарға айналады. Көптеген химиялық элементтердің ионданған атомдары бейтарап атомдар сияқты, белгілі бір ұзындықтағы толқын энергиясын шығарады, сондай-ақ жұтады. Бір ғана химиялық элементтің атомдары мен иондары жұтатын сызықтардың интенсивтігін салыстыру арқылы, теория жолымен әлгі атомдардың салыстырмалы саны анықталады. Ол температураның функциясы болады. Осылайша жұлдыздар спектріндегі қара сызықтар бойынша олардың атмосферасының температурасын анықтауға болады.
Температурасы мен түсі бірдей, бірақ жарқырауы әр түрлі жұлдыздар бар. Ондай жұлдыздардың спектрі тегінде бірдей, сөйтсе де бағзы бір сызықтарының салыстырмалы интенсивтігінде өзгешеліктер байқалады. Мұның мәнісі: температурасы бірдей бола тұрса да, олардың атмосферасындағы қысымда аздаған айырмашылық бар. Алып жұлдыздардың атмосферасында қысым кемірек, олар сиректеу. Егер осы тәуелділікті график түрінде өрнектесек, онда сызықтардың интенсивтігі бойынша абсолют жұлдыздық шаманы тауып, одан әрі [pic] формула бойынша оған шейінгі қашықтықты анықтауға болады.
Ж [pic] ұлдызды аспанмен, Айдың жарығы бәсең жұлдыздарды бақылауға бөгет жасамайтын, бұлтсыз ашық түнде танысу керек. Жымыңдаған жұлдыздары маржандай шашылған түнгі аспанның суреті қандай ғажап десеңізші! Олардың саны шексіз көп. Бірақ сендер оларға үңіліп қарамайынша, өзара орналасуы өзгермейтін топ жұлдыздарды ажыратып, танып алмайынша ғана солай сияқты көрінеді. Шоқжұлдыздар деп аталған осындай топтарды адам баласы мыңдаған жылдар бұрын айырып, ат қойып, айдар таққан. Шоқжұлдыз деп белгілі бір шекарадағы аспанньщ бір аймағын ұғамыз. Бүкіл аспан 88 шоқжұлдызға бөлінген. Оларды жұлдыздарының, өзіне тән ерекше орналасу сипатына қарап табуға болады.
К [pic] өптеген шоқжұлдыз атаулары көне заманнан бері сақталып келеді. Қейбіреулері грек мифологиясымен, мысалы, Андромеда, Персей, Пегас, ал қайсыбіреулері жарық жұлдыздар құрайтын шоқжұлдыздардың кескінкейпіне байланысты ұқсас нәрселермен (Жебе, Үшбұрыш, Мизам және т. б.) аталған. Жануарлардың атымен аталған да шоқжұлдыздар бар, мысалы, Арыстан, Шаян, Сарышаян.
Аспан күмбезіндегі шоқжұлдыздарды іздеп тапқанда, олардың ең жарық жұлдыздарын, жұлдыздар карталарында көрсетілгендей, белгілі бір пішінге келтіріп, түзулермен ойша қосады. Әр шоқжұлдыздағы жарық жұлдыздарды ерте кезден-ақ грек әріптерімен белгілеген Шоқжұлдыздың ең жарық жұлдызы көбінесе [pic] , одан соң [pic] , [pic] т. т. деп алфавит ретімен, жарық мөлшерінің бәсеңдеуіне қарай белгіленеді; мысалы Кіші Аю шоқжұлдызындағы Темірқазық (Поляр) жұлдызы [pic] .
Жетіқарақшыдағы басты жұлдыздардың орналасуы және ескі жұлдыздық карталарда оны калай кескіндегені көрсетілген. Кұралсыз көзбен айсыз түні горизонттан жоғары 3000-дай жұлдыз көруге болады. Қазіргі кезде астрономдар бірнеше миллиондаған жұлдыздың дәл орындарын анықтап, олардан келетін энергия ағынын, осы жұлдыздардың тізімкаталогын жасады.
Жердің өз осінен айналатындығынан жұлдыздар аспанда орын ауыстырып қозғалып жүрген сияқты болып көрінеді. Егер бетімізді горизонттын оңтүстік жағына беріп, Жердің солтүстік жарты шарының, орталық ендіктеріндегі жұлдыздардың, тәуліктік қозғалысын бақылайтын болсақ, онда мынаны байқауға болады: жұлдыздардың, горизонттың шығыс жағында туып, оңтүстігіне қарай ең, жоғары көтеріліс, батыс жағында бататынын, яғни олар сағат тілі бағытында солдан онға карай қозғалатынын байқауға болады. Назар салып қарасак, Темірқазық жұлдызы горизонтқа қ [pic] атысты өзінің орнын онша өзгертпейтінін байқауымызға болады. Ал басқа жұлдыздар бір тәулік ішінде толык, дөңгелек (центрі Темірказықтың маңында) сызып шығады. Бұған айсыз түні қойылған мынадан тәжірибе арқылы оңай көз жеткізуге болады. Фотоаппаратты «шексіздікке» оңтайлап, оны Темірқазықка бағыттайық та, осы қалпынан тапжылтпай бекітейік. Объектив түгел ашылып тұратын етіп, затворды (қалқан) жарты не бір сағат ашайық. Осылайша түсіріліп алынған суретті айқындағаннан кейін, одан біз концентрлі доғаларды - жұлдыз жолынын. іздерін көреміз. Осы доғалардың ортақ центрі, яғни жұлдыздардың тәуліктік қозғалысы кезінде мызғымай өз орнында калатын нүкте - шартты түрде солтүстік дүние полюсі деп аталады. Темірқазық оған өте жақын. Оған диаметральды қарамақарсы нүкте дүниенің оңтүстік полюсі делінеді. Солтүстік жарты шарда ол горизонттан төмен орналасады.
Аспанның тәуліктік айналысы кұбылысын аспан сферасы делінетін математикалық салуды пайдаланып зерттеу ыңғайлы. Ол центрі бақылау нуктесінде болатын, кез келген радиуспен алынған жорамал сфера. Оның бетіне барлық шырақтардың көрінерлік орындарын проекциялайды да, ыңғайлы болу ушін бірқатар нуктелер мен сызықтар жүргізіледі. Бақылаушы арқылы өтетін LCZ¢ тік сызығы, біздің нақ төбемізде, аспанды Z зенит нуктесінде қиып өтеді. Оған диаметральды қарамақарсы нукте LCZ', надир деп аталады. Z' сызығына перпендикуляр жазықтық (NESW) горизонт жазықтығы болып табылады, бұл жазықтық жер шарының бетімен бақылаушы тұрған нүктеде жанасады.
Ол аспан сферасының бетін екі жарты сфераға бөледі: барлық нүктелері горизонттан жоғары орналасқан көрінерлік және нүктелері горизонттан төмен орнаяасқан көрінбейтін жарты сфералар.
Дүниеніқ екі полюсін (Р және Р') қосатын жэне бақылаушы (С) арқылы өтетін аспан сферасынық көрінетін айналу осін дүние осі деп атайды. Кез келген бақылаушы үшін дүние осі Жердің айналу осіне әрқашан параллель болады. Горизонтта дүниенің солтүстік полюсі астында солтүстік нүктесі N жатыр, оған дйаметральды қарамақарсы нүкте S - оңтүстік нүктесі. NCS сызығы талтүстік сызық деп аталады, өйткені тал түсте вертикаль қойылған стерженьнің горизонталь жазықтықтағы көлеңкесі әлгі сызықтың бойымен түседі. Шығыс Е және батыс W нүктелері горизонт сызығының бойында жатады. Олар солтүстік N және онтүстік S нүктелерінен 90° қашықтықта тұр. N нүктесі, дүние полюстері, Z зенит және S нүктс арқылы аспан меридианының жазықтығы өтеді де, ол бақылаушы үщін оның географиялык. меридиан жазықтығымен беттеседі. Ақырында, сфера центрі арқылы дүние осіне перпендикуляр өтетін аспан экваторы жазықтығын құрайды, ал ол Жер экваторы жазықтығына параллель болады. Аспан экваторы аспан сферасыньщ бетін екі жарты шарға төбесі дүниенің солтүстік полюсінде жататын солтүстік жарты шарға жәңе төбесі дүниенің оңтүстік полюсінде жататын онтүстік жарты шарға бөледі.
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§38,39,40 дайындық сұрақтарын талдау.
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
30-жаттығу (1,2), тапсрыма 1, 31-жаттығу 1,2 сыныпта орындау.
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §38,39,40 дайындық сұрақтары. 30-жаттығу (3), тапсырма 2, 31-жаттығу 3,4