Сабақтың тақырыбы: Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
Мектеп: «№3 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ
Күні:
Мұғалімнің аты жөні: Жолдасбекова Самал Еркінбекқызы
Сынып: 7
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)
Оқыту мақсаттары
Барлық оқушылар: Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар, жылдамдық және жылдамдық бірліктері жайлы мағлұмат алады.
Оқушылардың басым бөлігі: кластер құрады,формуланы есеп шығаруда қолданады.
Кейбір оқушылар: проблемалық сұрақтарға жауап іздейді,бағалайды,барлайды.
Тілдік мақсат
Оқушылар: Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар, жылдамдық және жылдамдық бірліктері жайлы түсіне алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер: Бір қалыпты, бір қалыпсыз қозғалыстар, жылдамдық, жылдамдық бірліктері, жол, уақыт, координата.
Алдыңғы оқу
Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Мұғалімнің іс әрекеті
Оқушының іс әрекеті
Басталуы
10 мин
Сыныппен сәлемдесу, сынып оқушыларын түгендеу.
Аудиториядағы заттар
3 топқа бөлінеді
-ойлау жұмысына ынталандыру
-белсенді іс әрекетке жұмылдыру
1. «Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау
1. Материалдық нүкте деген не? (Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады.)
2. Қозғалыс траекториясы деген не? (Дененің немесе материалдық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі)
3. Дене қозғалысының түзусызықты немесе қисықсызықты екенін қалай ажыратамыз?
( Траекторияның түріне қарап ажыратады. Мысалы, шеңбер бойымен парабола бойымен т.с.с)
4. Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай? Жауабы: қисық сызықты қозғалыс (шеңбер бойымен).
5. Жүрілген жол дегеніміз не ? (Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады. Оны S әрпімен белгілеу белгілейді)
6. Орын ауыстыру деп нені атайды?(Дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын осы бағытталған кесіндіні айтады.Орын ауыстыру векторлық шама болғандықтан, оны нұсқама қойып, S әрпімен белгілейді)
2. Теңдікті түрлендір: (2 мин)
Жол (м) Уақыт (с)
7км = ....... м
12сағ = .......с
65см = ......м
45мин = ......с
300мм = ....м
0,5сағ= .......с
Жол (м) Уақыт (с)
7км = 7000м
12сағ = 43200с
65см = 0,65м
45мин = 2700с
300мм = 0,3м
0,5сағ= 1800с
-Сәлеметсіз бе?
Аудиториядағы заттар арқылы көңіл-күйлерін білдіреді.
Топқа бөлінеді. Топ басшысын сайлайды.
Ыстық орындық әдісі арқылы оқушылар өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді.
Берілген тапсырманы жұмыс дәптерлеріне орындайды. Топ басшылары бағалау критерийлері арқылы сабақ кезеңдеріңде топ мүшелерін бағалап отырады.
Бағалау
парағы
Ортасы
30 мин
Бірқалыпты қозғалыс .Бірқалыпты емес қозғалыс. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері туралы интерактивті тақтадан материал көрсету.
Өткен сабақпен байланыстыра сұрақ қою
«Инсерт» әдісі бойынша тақырыпты оқуға әр топқа тапсырма беріледі:
1-топ Бірқалыпты қозғалыс .
2-топ Бірқалыпты емес қозғалыс.
3-топ Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Осы тақырыптар бойынша Кластер жасауға нұсқаулық беріледі
Сергіту сәтін өткізу
Мадақтау жарайсыңдар
Сыныпқа сұрақ: м/с; мм/с; км/ сағ; м/ мин; см/с қайсысын айналдырамыз?
Теңдікті түрлендір:
36 км /сағ = 10 м/с ; 6 км/мин = 100м/с;
54 км/сағ = 15 м/c ; 100 см/с = 1 м/с ;
250см/с = 2,5м/ с ; 7,9 км/с = 7900м/с
Есептер шығару.
Ойлан,жұптас,талқыла әдісі
«Кім жылдам»
Интерактивті тақтадан көрсетілген материал бойынша, сұраққа жауап беру арқылы сабақтын тақырыбы мен мақсатын ашады
- оқушылар жаңа тақырыпты Инсерт әдісі арқылы оқиды;
- топ болып тақырыпты талқылайды.
Берілген тақырыптарға топ болып Кластер жасайды. Топ ішінде спикер сайлап Кластерді қорғайды. «Бағдаршам» әдісі арқылы әр топ бір-бірін бағалайды
Оқушылар бейнероликтегі жаттығуларды қайталайды.
Сұраққа жауап береді, есептеу арқылы теңдікті түрлендіреді.
Әрбір топ өздеріне берілген есептерді тақтада орындап, шығру жолдарын түсіндіреді.
Берілген тапсырманы жұмыс дәптерлеріне орындайды және экранға қарап өз-өзін тексереді.
Бейнематериал
Маркер, ватман, бағдаршам
Бейнеролик
Аяқталуы
5 мин
«Бағалау парағы» критерий арқылы бағалау
Оқушыларға кері байланыс қағаздарын таратып береді.
Күнделікке баға қойдырады.
Стикерге кері байланыс жазып береді.
Стикер
Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау – Оқушыларадың үйренген тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пән аралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.
АКТ мен байланыс
Құндылықтармен байланыс.
Формативті бағалау:
Екі жұлдыз, бір тілек, Бағдаршам
Суммативті бағалау:
Критерий арқылы бағалау парағы
Электронды оқулық, презентация
Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен.
Сабақтың мақсаты шынайы болды, себебі оқушы бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар, жылдамдық және жылдамдық бірліктері туралы білді. Топқа бөлудегі суреттерді А деңгейлі оқушы жаңа сабақтың тақырыбын ашуда тиімді қолдана алды. Уақытты тиімді пайдалана алдым, себебі тапсырмаларды шағын етіп алдым. В деңгейлі оқушы: «Менің көңіл күйім сыныптағы интерактивті тақта сияқты ашық және бүгінгі сабақта сол тақта сияқты барлығының назарында болғым келеді»- деген жауабынан, сабақтарымда назардың оқушыға аз бөлетінімді, оқушы ерекшеліктерін ескеру керек екен деген түзету енгіздім.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды?
1 Ыстық орындық әдісімен үй тапсырмасын сұрау.
2 Ойлан, бірік, бөліс әдісін қолданып есептер шығару.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алар еді (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?
1 Инсерт әдісі арқылы жаңа тақырыпты оқу
2 Кім жылдам әдісі арқылы сабақты қорытындылау
Тексерілді:_______________ Карибаева Г.З.