Абаева Айгуль Турлыханқызы
«Қаратал орта мектеп-бақшасы» КММ. ШҚО. Үржар ауданы
Физика 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері. Физикалық эксперимент.
Сабақтың мақсаты:
Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерімен таныстырып, физикалық эксперимент туралы түсінік қалыптастыру.
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ресурс
1 мин
Сергіту сәті.
Психологиялық ахуалды реттеу.
Амандасу тренингі.
2 мин
Оқушыларды топқа бөлу.
Қоржыннан алған фигурасының түрі бойынша топқа бөліну.
Қоршын, шахмат тастары.
5 мин
Ертедегі Орталық Азия елдері ғалымдарынан кімдерді білесің? Олардың ғылыми еңбектері туралы не айтар едің? Әл-Фарабидің «ІІ ұстаз» аталуының басты себебі неде? т.с.с.
Сұрақтарға жауап бере отырып, өз көзқарастарын айтады. Ойларын қорытындылайды.
10 мин
Топтық жұмыс беру.
Ғылымының , соның іщшінде физика мен астрономияның және математиканың тарихи қалыптасуы туралы екі түрлі көзқарас бар. Бірі- барлық ғылым бір ғана мәдени ошақтан тараған десе, ІІ-сі көп ошақтан тарап қалыптасқант дейді. Бұлардың қайсысы дұрыс? Дәлел келтір.
1мин
Сергіту жаттығуы.
Дене мүшелеріне жаттығу жасайды, белсенді қозғалады.
Ноутбук, проектор.
5 мин
-Табиғатты зерттеудің қандай әдістерін білесіңдер?
-бақылау мен эксперименттер үшін физика мен астрономияда қандай аспаптар қолданылады? Деген сияқты сұрақтар қойып, ойландыру.
Сұрақтар беру арқылы оқушылар ойлана отырып, тақырыптың негізгі түйініне көз жеткізеді. Қорытынды жасайды.
10мин
Әр топ өздеріне бөлініп берілген тақырыпша бойынша дайындалып, тақырыпшаның түйінін тауып айтуға үйрету.
І топ «Бақылаулар және эксперимент», ІІ топ «Ғылыми болжамдардың маңызы» туралы оқып, негізігі ойды түйіндейді.
Оқулық, дәптер.
3мин
Үйге тапсырма беру.
Бағалау
Үйге тапсырма: §5.
Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беріп келу.
2мин
Кері байланыс.
«Нені түсіндім.» « Мен үшін жаңалық болды.» « Білгім келеді» стикерлерге жазып, жапсырады.
Стикерлер.