Открытый урок по физике на тему: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні 26 .01.2016 ж.

Физика

8- сынып

Мұғалімі: Тотеева Салима Мухаметқалиқызы

Сабақтың тақырыбы

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау .

Сілтеме

Физика және астрономия, Алматы «Мектеп» - 2012 ж.

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер

Мақсаты

Оқушыларға өткізгішртердің параллель және тізбектей жалғануы туралы білімді өздігінен меңгерту, алған білімдерін тәжірибеде қолдана алуына жағдай жасау, өткізгіштердің жалғануының ережесі мен формулаларын есте сақтап, есептер шығаруда қолдана білуге дағдыландыру

Күтілетін нәтиже

Оқушылар өткізгішртердің параллель және тізбектей жалғануы туралы білімді өздігінен меңгерді, алған білімдерін тәжірибеде көрсетуде қолдана алды, өткізгіштердің жалғануының ережесі мен формулаларын есте сақтап, есептер шығаруда пайдаланды.

Сабақтың типі

Жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың әдісі

Оқушыға білімді қалыптастыру, интербелсенді

Негізгі идея

Өткізгіштерді жалғау

Сабақтың тәсілі

Сұрақ-жауап, «Ойлан.Жұптас.Пікірлес», АКТ, тест, «Кластер» , «Синквейн», деңгейлік тапсырмалар,бейнежазба, «Бес саусақ»,жеке,жұптық, топтық

Көрнекіліктер

Оқулық , интербелсенді тақта,физикалық құрал-жабдықтар,А4,маркер,бағалау парағы

Оқыту формасы

Оқыту мен оқудағы әдіс –тәсілдер, СТО, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, АКТ,дарынды және талантты баланы оқыту, көшбасшылық.

Іс – әрекеттері

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс – әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Оқушыларды түгендейді.

Психологиялық дайындық

«Шаттық шеңбері» оқушылар өздерінің есімдерінің бірініші әріпіне келетін физикалық шамаларды, физикалық шамалардың өлшем бірліктерін айтады.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге

өздерінің есімдерінің бірініші әріпіне келетін физикалық шамаларды, физикалық шамалардың өлшем бірліктерін айтты.

Насиба –Ньютон,Қаракөз-қысым

Топқа бөлу

Түрлі түсті төртбұрыштармен екі топқа бөлу. (амперметр, вольтметр).

[pic] [pic]

Оқушылар топқа бөлінеді

1-ші топ «Амперметр»

2-ші топ «Вольтметр»

Үй тапсырмасын сұрау








































Қызығушылықты ояту

Тест

1. Электр тоғы ұғымын физикаға енгізген ғалым?

а. Ампер б. Вольта с. Кулон

2. Тізбек бөлігіндегі кернеуді қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?

а. Амперметр, тізбектей б. Вольтметр, тізбектей с. Вольтметр, параллель

3. Тұрмыстық қажеттер үшін қандай кернеулер пайдаланыды?

а. 220В б. 120В с.360В

4. Үтік тоқтың қандай әсеріне негізделіп жасалынған?

а. Магниттік б. Механикалық с. Жылулық

5. Өткізгіштегі тоқ күшін қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?

а. Амперметр, тізбектей б. Амперметр, параллель с. Вольтметр, тізбектей

6. 6 кА болатын тоқ күшін ампермен өрнекте?

а. 0,6 а б. 600 А с. 6000 А

7.Өткізгіштің кедергісі неге тәуелді?.

А. Өткізгіштің ұзындығына,көлденең қимасының ауданына,жасалған материалдың қасиеттеріне

б. Өткізгіштің ұзындығына,жасалған материалдың қасиеттеріне

с. Өткізгіштің көлденең қимасының ауданына,жасалған материалдың қасиеттеріне

8. Ом заңы бойынша кедергі қалай өрнектеледі?

а. R=U/I б. R=UI C. R=I/U

9. Асқын өткізгіштік құбылысын ашқан ғалым

а. Ампер б.Камерлинг-Оннес с. Вольта

10. Өткізгіштің меншікті кедергісінің өлшем бірлігі?

а. Ом/ метр б. Ом*метр с. Ом


Оқушылар өз есімдерін қатыстырып сын есім айтады.

Оқушылар сөзжұмбақты шеше отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын табады.






































Оқушылар сұраққа жауап береді, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.


Мағынаны тану























Сергіту сәті











Есептер шығару



























Практикалық тапсырмалар











Электрондық оқулықты пайдаланып , өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауды көрсету.


1 – тапсырма: Жеке,топтық жұмыс

«Ойлан.Жұптас.Пікірлес»

1 – топ “Амперметр”

Өткізгішті тізбектей жалғау

145- 146 бет

2 – топ “Вольтметр”

Өткізгіштерді параллель жалғау

146-147 бет

2- тапсырма: «Кластер» құру.



1.Ток бар жерде біреу бар, өлшемі вольт,киловольт

Ұмытып кетпе тағы бар, гектоват және мегават

2.Бойындағы зарядты ұзақ уақыт сақтайды.

Реленің күшімен бүлдірместен баптайды.

3.Пайдаланады мені жұрт отын мен жарыққа,

Қызмет өтемін әрқашан, түсіне білген халыққа.

4.Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп-кішкентай күн көзін.

5.Мұз жарғыш жүзіп келеді,

Бауыры қызып келеді,

Абайла ойып түсер,

Ондайлар бұзық келеді.

Жеке жұмыс.

Деңгейлік тапсырмалар

1 тапсырма ( 1 балл)

1 . Кедергісі 50 Ом электр шамына кедергісі 12 Ом резистор тізбектей жалғанған. Қорытқы кедергіні анықтаңдар.

2 тапсырма (2 балл)

Вольтметр 12 В көрсеткіш көрсетіп тұр.

Амперметрдің көрсеткіші неге тең?

[pic]


3 тапсырма (3 балл)

Вольтметрдің көрсеткіші 4В,ал амперметрдің көрсеткіші 1А.Егер 1-ші резистордың көрсеткіші 1Ом-ға тең болса,оның екінші кедергісі неге тең?

[pic]



Практикалық тапсырмалар

Схема бойынша тізбекті құрастыр.

1 – топ : «Амперметр»

2 – топ: «Вольтметр»

[pic]



Оқушылар өткізгіштердің параллель және тізбектей жалғауын көреді.


Оқушылар берілген мәтінді оқиды,өзара талқылайды.







Әр топтан бір-бір оқушы шығып кластер құрайды.










Оқушылар жұмбақты шешті

1.Кернеу

2.Аккумулятор

3.Электр тогы

4.Шам

5.Үтік






Оқушылар есеп шығарады.



























Берілген схема бойынша топ мүшелері тізбек құрастырады.



Ой толғаныс




Үйге тапсырма




Бағалау


Рефлексия

«Синквейн» әдісі

Зат есім (1) Өткізгіш

Сын есім (2) Параллель, тізбектей

Етістік (2) Жалғанады, өшеді

41 параграф, 20 жаттығу № 3,4 .

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаудың тұрмыста қолданылуы” .


Өзін-өзі бағалау


«Бес саусақ»

Бас бармақ – бүгін сабақта ең құнды мәселе

Балалы үйрек – Мен топта қандай жұмыс жасадым

Ортан терек – мен бүгін қандай білім алдым

Шылдыр- сабақ маған ұнады ма

Кішкентай бөбек –көңіл – күй ахуалы.Мен сабақта өзімді қалай сезіндім

Оқушылар бес жолды өлең құрастырады



Күнделіктеріне жазады.



Оқушылар өзін –өзі бағалайды.



Бүгінгі сабақ туралы пікірлері







.