Сабақ жоспары №3 зертханалық жұмыс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сынып: 7 «В», 7 «Г»

Сабақ уақыты: 18.10.2016ж., 19.10.2016ж.

Сабақтың тақырыбы: Қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау.

Сабақтың мақсаты: таразы көмегімен дененің массасын анықтауды үйрену.

Сабақтың түрі: зертханалық жұмыс.

Көрнекіліктер: плакат, формулалар

І Ұйымдастыру бөлімі

  1. Амандасу

  2. Түгелдеу

  3. Сабаққа дайындығын тексеру

ІІ Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасынан жалпы сыныпқа сұрақ:

  1. Денелердің өзара әрекеттесуіне мысал келтіріп түсіндіріңдер.

  2. Масса деген не?

  3. Массаның өлшем бірлігі?

  4. Массаның формуласы?

  5. Тығыздық деген не?

  6. Тығыздықтың өлшем бірлігі?

  7. Тығыздық формуласы?

ІІІ Сабақтың барысы:

1-тапсырма. Денені таразыға тарту арқылы массасын өлшеу.

Құрал-жабдықтар: таразы, ұсақ гірлер, параллепипед тәрізді білеуше және массасы әртүрлі кішігірім бірнеше дене.

Жұмыстың барысы: дененің массасын анықтау тәсілдерінің бірі-таразы көмегімен өлшеу. Осындай таразылармен өлшеу езнде оның бір табақшасына массасы белгісіз дене, ал екіншісіне таразыны теңгеретін гірлер салынады. Дененің массасы таразыны теңгеретін гірлердің массасына тең. Ол үшін:

  1. Таразыны өлшеуге дайыңдардар. Таразынының дұрыс теңгерілгеніне көз жеткізіңдер;

  2. Таразының тепе-теңдігін бұзып алмау үшін өлшенетін денені және гірлерді таразы табақшаларына жайлап қою керек;

  3. Денені гірлермен теңгеріп болғаннан соң, таразы табақшасындағы гірлердің жалпы массасын есептеңдер.

Өлшеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар:

1.

2.

3.




2-тапсырма. Дененің тығыздығын анықтау.

Құрал-жабдықтар: тығыздығы анықталатын денелер, мензурка, сызғыш, жіп.

Жұмыстың барысы:

  1. Алдыңғы берілген тапсырмадағы массасы анықталған денелерді алыңдар. Параллепипедтің көлемін анықтау үшін сызғышпен оның қабырғаларын өлшеңдер, сонан соң оның көлемін (V=a*b*c) есептеңдер;

  2. Пішіні күрделі болып келген басқа денелердің көлемін мензурка көмегімен анықтаңдар немесе №1 зертханалық жұмыста көлемі анықталған денелерді пайдаланыңдар. Дене тығыздығын формуласымен есептеп, оны г/см3 және кг/м3-пен өрнектеңдер. Өлшеу және есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар:

1.

2.

3.






ІV Қорытындылау

V Үйге тапсырма

Заттың құрылысы тарауын қайталау.