Баяндама тақырыбы: Физика сабағында дарынды оқушылармен жұмыс істеу түрлері және технологияларды қолдану

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




«Д. Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ







Баяндама

Пед.кеңесте тыңдалды

Физика сабағында дарынды оқушылармен жұмыс

істеу түрлері және

технологияларды қолдану.













Дайындаған: Тулеуханова М М

Физика пәні мұғалімі.







2014-2015 оқу жылы

Физика сабағында дарынды оқушылармен жұмыс істеу түрлері

және технологияларды қолдану.

Дарынды баланы оқыту мәселелері

ҚР-ның жаңа “Білім туралы” Заңына мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет ер баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке баланың дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр. Алдымызда отырған балалардың бәрін дарынды деп айту мүмкін емес, өйткені олардың қабілет, икемі, қызығушылығы, тіпті алдына қойған мақсаты мен денсаулығы да, дамуы, ой – өрісі мен сөйлеуі де сыртқы бейнесі де әр алуан. Осы қасиеттер бастауыш сыныптарда нақты, дәл байқала бермесе де, жоғарғы сыныптарда құрамы әр түрлі балалармен жұмыс істеу, әрине қиын. Сондықтан әр сынып оқушылары АВС, немесе 1- 2- 3 сияқты топтарға бөліп, оқу үрдісінде жеке баланың қабілетін ескеріп оқушылардың дарынын саралап оқытылу міндеті алға қойылды. Белгілі бір пәнен оқушының білім, білік дағдысының жиынтығын әр түрлі байқаулар, емтихан олимпиададан көруге болады, бірақ тума талант пен туа біткен дарын емес.

  • Дарынды, талантты баланы дәл табу мұғалімнің шеберлігі. Бір сыныптағы 10 бала жақсы оқиды десең ішіндегі нағыз дарындылары тест арқылы да анықтап, көз жеткізуге болады. Тест көптеген тапсырмалардан тұрады, оны белгілі бір уақыт ішінде орындаулары керек. Тапсырманы дұрыс орындау үшін әр баланың сөздік қоры, дамыған сөйлеу тілі. Айналадағы табиғи және қоршаған ортадағы құбылыстарды айыра білу т. Б. Қасиеттері болуы тиіс. Міне осы арқылы сынып оқушыларын

  • Қабілетті

  • Орта деңгейдегі қабілетті

  • Қабілетсіз деп бөліп жұмыс жасау тиімді. Қабілетті баламен сабақ жауапкершілікпен, жоғары талаппен жүргізілінетіні анық.

Қабілет – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамдардың жеке қасиеті. Қабілеттің өзі жалпы және арнаулы болып 2 – ге бөлінеді. Қабілетін ойдағыдай дамуы үшін адамға тиісті білім жүйесі, икемділікпен дағды болуы тиіс. Қабілеттің дамуында адамның туыстан берілетін анатомиялық физиологиялық белгісі орын алады. Іс – әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілетін жоғарғы түрін дарындылық деп атайды. Қабілеттің қандай түрі болсын өлшеусіз ерен еңбектен туындайды. Қабілеттілік адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасқан қасиеті. Қабілеттердің дамуынан табиғи негізін құрайтын нышандардың жиыны – дарындылық. Адамның дарындылығы оның жоғарғы жүйе саласының туа біткен қасиетімен тығыз байланысты.

Дарынды баланы іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелік қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, өйткені дарынды бала болашақ қағамы көп пайда әкелер азаматы. Дарынды бала деп - баланың, ата – ананың, мұғалімнің еңбегінің жемісін айтады.

Физика пәнінде ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде қолдану.

Оқушылардың физикаға қызығушылығын арттыру, ой – өрісін дамыту физиканың оқытудағы басты мақсат.

Ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде қолданылуы мұғалімдердің де, оқушылардың да мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ендеше ақпараттық технологияларды үйлесімді пайдалану бүгінде өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі күні білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа ақпараттық технологиялардыжоспарлы түрду оқыту енгізілді.

Ақпараттық технология міндеті – оқушылардың қызығушылығын арттыру, ізденушілікке баулу.

Бүгінгі таңда еліміздегі физикалық білім берудің негізгң бағыттары:

А) оқушылардың физикалық теориялардың негізімен таныстыру. Оларды физикалық құбылыстарды түсіндіруде пайдалану.

Ә) әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастыру.

Сабақта оқушыларды шығармашылыққа жұмылдырып, оларды іскерлікке баулу тиімді. Осы орайда әр сабақта электронды оқулықты қолдану, физика құралдарының жетіспеушілігін алмастыра алады. Электронды оқулықтан ғалымдар өмірі сынды басқа да тақырыпты алуға болады.

Электронды оқулықты пайдалану арқылы:

  1. Оқушының пәнге қызығушылығын;

  2. Білім, білік, дағды деңгейін қалыптастыру;

  3. Білімнің тереңдігі;

  4. Практикалық дағдыны игеруі артады.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

АКТ ғылыми ұғымдарды түсіндіруді жеңілдетіп, мұғалімге сабақ беруге көмектеседі.

АКТ, жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны меңгеру заман талабы. Себебі, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді; екіншіден, оқушының бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді; үшіншіден, сабаққа оқушыны өз ойын тұжырымдап айтуға үйретеді.

Оқытудың ақпараттық технологиясы – ақпаратпен жұмыс жасау үшін қолданылатын арнайы педагогикалық тәсілдер, бағдарламалық және техникалық құралдар. Оның ерекшелігі: оқушылар өз ізденістерімен ақпараттар жинап, жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп, жауабын тауып, өз көзқарасын логикалық түрде дәлелдейді.

Физика сабақтарында ақпараттық – коммуникациялық тәсілдерді пайдаланудың тиімді жолдары: оқушы дербес компьютер, аудио, видео құрылғылардың көмегімен мәтінді тыңдайды. Бейнесюжеттер көре алады; оқушы аз уақытта жедел түрде қажетті көп ақпаратты алып, уақытты үнемдейді; қашықтықтан білім алу мүмкіндігін пайдаланады; электрондық оқулықтың тапсырмаларын орындау арқылы есте сақтау қабілеті, пәнге қызығушылығы артады; CD дискке қажетті материалдарын көшіріп жазып алады.

Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі мұғалімдер мен оқушылардың бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал етеді. Осылайша оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіледі. Бұл жайында жыл сайынғы Жолдауында Елбасымыз Н. Назарбаев былай деп атап өткен: «Компьютерлік, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру керек». Елбасының мұғалімдер алдына қойып отырған осы міндеттерін шешу жолында аз да болса өз үлесімді қосып отырмын деп ойлаймын. Өйткені, сабақтарымда қолданып жүрген электрондық оқулықтар мектеп оқушыларын ақпараттық технологияны кіші жастан меңгеруге көмектесіп, оқушылардың өз бетімен білімдерін толықтыруларына мүмкіндік береді.

Қорыта келгенде, сабақта АКТ- ны қолданудың нәтижесінде:

  • Оқушы білімі жан – жақты қалыптасады,

  • Оқушылардың пәнге қызығушылығы артады,

  • Ақпараттық мәдениет дамиды,

  • Сабақта уақыт үнемделеді,

  • Мұғалімнің қиын жұмыстарын жеңілдетеді,

  • Оқушылар көрнекті түрде тапсырмаларды орындай алады,

  • Орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге болады.