Мақсаты:
а) білімділік: ойын түрлері жөніндегі түсініктерін кеңейту, оның шарттарымен таныстыру.
б) дамытушылық: оқушылардың дене бітімін, сымбаттылығын сақтау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
в) тәрбиелілік: оқушыларды адамгершілікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру, дене тәрбиесіне баулу. .
Түрі: сайыс
(әуен ойнап тұрады, командалар ортаға шығады.)
Жүргізуші: Құрметті жарысқа қатысушылар мен жанкүйерлер! Бүгін бізде
3 «А» және 4 «а» сынып оқушыларынан құралған командалардың қызықты да тартысты ойыны басталмақ. әр бөлімнің команда капитандарымен, олардың құрама топтарымен таныс болыңыздар. (әр команда өздерін таныстырып өтеді)
Әділ қазылар алқасымен таныстырып өтсек.
Құрметті жанкүйерлер мен әділ қазылар алқасы, бірнеше сәттен кейін біздің спортшылар өздерінің жарысқа қаншалықты дайын екендіктерін, жүгіріп, секіріп, күресуге қаншалықты шебер екендіктерін көрсетеді.
Бүгінгі жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тілейміз.
Эстафета №1
Ойын «4 аяқ» деп аталады. Бірінші тұрған ойыншыға екінші тұрған адамның бір аяғын қосып байлайды. Содан кейін үшінші адамның бір аяғын екінші адамның бір аяғына байлайды, солайша төрт аяқ шыққанша байлайды. Төрешінің белгісі бойынша мәре сызығынан бастап 1 белгіге дейін жүгіріп, қайтадан мәре сызығына келеді. Одан кейін жүгіріп 2 белгіге барып кейін 1 белгіге қайтады, одан кейін 3 белгіге барып, кейін мәре сызығына қайтады.
Эстафета №2
Бірінші тұрған ойыншы, қолындағы секіртпемен кедергілердің арасынан секіріп өту керек қайтарда дәл осылай жалғасады.
Эстафета №3
Төрешінің белгісі бойынша, бірінші тұрған ойыншы қасында тұрған шелектен, ыдыспен (стаканмен) су алып, ортадағы кедергілерден бес рет секіріп өтіп, белгіленген жерде тұрған ыдысқа суды құю керек. Сөйтіп 5 минут ішінде жарыс кезекпен жалғасады.
Қай команда көп су жинағаны анықталады.
Эстафета №4
Бірінші тұрған ойыншы, қолына секіртпені алып, алдында тұрған кедергілерден өтіп, алдында тұрған обручтың ортасына қолындағы секіртпені қойып, допты баскетбол дөңгелегіне тастап, кейін қарай қайтады, ойын аяғына дейін жалғасады.
Эстафета №5
Топтар жеке жеке жарысады. Бірінші тұрған ойыншы секіртпемен жүгіріп барып кедергіден өтіп, секіртпені қойып, обручпен жүгіріп,келесі партаның үстінде тұрған бөлішкені жеп тауысып алдында тұрған гимнастикалық орындықтан аяғын ашып өтіп, тізерлеп отырып белгіленген сызыққа дейін жету. Жарыс соңғы ойыншыға дейін жалғасады.
Эстафета №6
Топ басшылар сайысы. Гимнастикалық бөрене үстінде тұрып жастықпен айқасу керек.
Қорытынды: Құрметті көрермендер! Қиындылығымен қызықты өткен бұл сайыста өз мәресіне келіп жетті. Командалар үлкен дайындықпен келгенін көрсетіп отыр. Бүгінгі сайыстың жеңімпаз командасын анықтау үшін әділ қазылар алқасына сөз береміз.
Жеңімпаз топ анықталып, қатысушылар марапатталады.
№267орта мектеп
Эстафета
«Көңілді старт»
Сыныбы: 5 «а»- 6«а»
Өткізген:Маханов Е.
2014-2015 оқу жылы