Урок на тему Қимыл қозғалыс жаттығулары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ тақырыбы: Қимыл - қозғалыс жаттығулары.

Өткізетін орны: спорт алаңы

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

- Оқушылардың спортқа деген қызығущылығын ояту;

- Дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен денсаулықты нығайту;

- Күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, жан-жақты дене тәрбиесі даярлығынан өткен оқушыларды тәрбиелеу;

- Оқушылар бойына адамгершілік-жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру.


Құрал-жабдықтары: Ысқырғыш, жалауша, т.б.


Мазмұны Мөлшері Әдістемелік нұсқау

І. Дайындық бөлімі

Сапқа тұрғызу

- Түзел!

- Тік тұр!

- Саламатсыздар ма?!

Жүру жаттығулары:

-қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру,

- қол белде, өкшемен жүру;

-қол алда, жартылай отырып жүру;

-қол желкеде, толық отырып жүру.

Жүгіру жаттығулары:

- Қолды алға айналдырып, оң жағымен жылжу;

- Қолды артқа айналдырып, сол жағымен жылжу;

- Сол қол алда, артпен жүгіру;

- Екі қол артта, аяқты артқа лақтырып, қолға тигізе жүгіру.

- Екі қол жанда, аяқты жанға сермеп жүгіру.

- Сап бойынша жүру

- Тыныс алу жаттығулары.

- Ұл балалар 15 рет қолды бүгіп-жазу, қыз балалар 25 рет отырып-тұру. 20 мин.

Оқушыларды тексеру, дене киімін қарау.

Қолды бүкпей, толық айналдыру

Аяқты бүкпей орындау

Денені тік ұстау

Қолды бүкпей, толық қисаю

Жаттығуды бір бағытта орындау.

ІІ. Негізгі бөлім

200 метр қашықтыққа жүгіру:

- Оқушылар жүгіру жаттығуларын орындағанда кеуденің дұрыс ұсталуына, қолдың дұрыс сілтенуіне және дұрыс алуына үлкен мән беру керек.

- 200 м. қашықтықты уақыт бойынша жоғары шапшаңдықпен жүгіру төменгі сөрелік қалыпта орындалады. 20 мин.

Оқушылардың сөре сызығынан шықпауын қадағалау.


ІІІ. Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу

- Түзел!

- Тік тұр!

- Еркін тұрыңдар!

Үйге тапсырма беру;

Жүйелі түрде бағалау;

Оқушылармен қоштасу.

5 мин. Оқушылардың сабақ барысында жіберген қателіктерін айтып, ескерту.