Дене шынықтыру сабақтары аясында ӨҚН оқыту

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


3 Алға қазақ орта мектебі





















Тақырыбы: Дене шынықтыру сабақтары аясында ӨҚН оқыту үдерісінде ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу.





















Мұғалімі: Б.С.Ахметов









2016 – 2017 оқу жылы

Дене шынықтыру сабақтары аясында ӨҚН оқыту үдерісінде ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу.

Балаларға қамқорлық үнемі үлкендердің қарауында болуы керек. Балалардың денсаулығы мен өмірін кез келген төтенше жағдайдан қорғау-негізгі тапсырма. Осыған байланысты үлкендердің балаларды төтенше жағдайдан қорғау білімдері болуы керек, сонымен қатар балаларды төтенше жағдай болған кезде қалай әрекет жасау керек екендігіне үйрету керек. Мектеп жасындағы  балаларды жай және ойын түрінде  өмір қауіпсіздік негіздеріне (ӨҚН) оқыту керек.

  Адам үшін ең қымбаты- өмір. Өмір сүру –адам үшін ең басты байлық. Адам өміріне төнетін қауіп-қатердің түрі көп.Сондықтан да өмірді сақтап қалу әркімнің өзіне байланысты. Ол үшін сақтана білу керек. Әр адам өміріне өзі ие болу болуға тиісті.

        Оқушылардың өздерінің жеке басының және қоршаған адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, болуы мүмкін апат, қирау және алапат зардаптарынан дұрыс қорғана білуді қатерлі жағдайларда сауатты шешім қабылдай және болжай алу,сондай-ақ адам тіршілігінің барлық саласындағы қауіпті жағдайлардың алдын- алып, өзіне және басқаларға көмек көрсете білуін қалыптастыру.

    Теориялық алынған білімімен іс-жүзінде атқарылатын қауіпсіздік шараларын меңгеру, адамдардың қандай да болмасын экстремалды жағдайларда өмірін сақтап қалуға себеп болады. Арнайы дайындалған адамдар экстремалды жағдайларда қашанда дұрыс шешім қабылдай алады. Орта мектептерде, арнайы кәсіби– техникалық оқу орындарымен жоғарғы оқу орындарында, ӨҚН  пәні бөлімдері жан-жақты қамтылып оқытылып, оқушыларға терең білім беріледі. «Өзіңді-өзің құтқарсаң, қасыңдағы мың адамның өмірін сақтайсың»- делінген ертеде. Қазіргі уақытта адам үнемі қауіп-қатер үстінде, сондықтан теориялық алынған білім әртүрлі қауіп- қатер кезінде төтенше жағдайларда, іс –жүзінде қолданылуы тиіс.

   Сондықтан  да  оқушыға өміріне төнген қауіптен құтылу үшін өмір қауіпсіздігі ережелерімен таныс болғандары дұрыс.

     Балаларға үйретілген білім, өмірде төтенше жағдайдан құтқарылуға көмектеседі.  «Өмір қауіпсіздігі негіздері»  бойынша тақырыптық –күнтізбелік жоспары «Өмір қауіпсіздігі негіздері» атты оқу құралы негізінде / авторы: Ардақ Мұқышева, Салиха Төрениязова Алматы «Өлке»баспасы,2009/ және «Валеология» кітабы, ғаламтор материалдарын негізге ала отырып құрастырылды. ӨҚН пәні «2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты бойынша дене шынықтыру пәнімен кіріктіріліп оқытылады.