Сыныптан тыс іс-шара ХХІ ғасыр көшбасшысы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысы.

Мақсаты:

  • Оқушылардың спорт туралы білімін теория жүзінде байқау.

  • Ойлау қабілетін жетілдіру.

  • Салауатты өмір салтын насихаттау.

Барысы:

І. Бәйге. Викториналық сұрақтар.

ІІ. Көкпар. Пирамидадағы сұрақтарды таңдау.

ІІІ. Жорға. 30 сек. ішінде сұрақтарға жауап беру.

І-ші тур. Бәйге:

1 - сұрақ

Баскетбол ойнында алаңда қанша адам ойнайды?

А – 5. Б – 10. Ә – 6. В – 7.

2 - сұрақ

“Пенальти” қандай спорт түрінің айып добы?

А – Баскетбол. Ә – Футбол. Б – Волейбол. В – Хоккей.

3 - сұрақ

2014 жылғы қыстық олимпиада Ресейдің қай қаласында өтеді?

А – Саратов. Ә – Саранск. Б – Сочи. В – Самара.

4 - сұрақ

Бокстың бір раунды қанша минуттан тұрады?

А – 2. Ә – 4. Б – 3. В – 5.

5 - сұрақ

Баскетбол ойнының себеті жерден қанша метр биіктікте орналасқан?

А – 3 м. Ә – 3. 5. Б – 3. 2. В – 3. 10.

6 - сұрақ

Олимпиадада Ольга Рыпакова жеңіл атлетиканың қандай түрінен алтын медаль ұтып алды?

А – биіктікке секіру

Ә – биіктікке таяқпен секіру

Б – ұзындыққа секіру

В – 3 адымнан ұзындыққа секіру

7 - сұрақ

Қандай спорт түрінде алаңда 22 адам ойнайды?

А – Рэгби Б – Хоккей

Ә – Футбол В – Баскетбол

8 - сұрақ

Лондон олимпиадасында Ақжүрек Таңатаров қандай күрес түрінен қола медалін ұтып алды

А – Грек-рим

Ә – Еркін күрес

Б – Қазақша күрес

В – Дзюдо

9 - сұрақ

Қыстық олимпиада ойындары қанша жылда бір рет өтеді?

А – 2 Ә – 5 Б – 4 В – 3

10 - сұрақ

Бенди ойнын қандай спорттық аяқ киіммен ойнайды?

А – коньки Ә – ролик Б – шаңғы В – бутсы

11 - сұрақ

Олимпиада ойындарының логотипі?

А – 5 шеңбер Ә – 5 ромб Б – 5 үш бұрыш В – 5 төртбұрыш

12 - сұрақ

2011 жылы Астана, Алматы қалаларында нешінші Азиада ойындары өтті?

А – 5 Ә – 7 Б – 6 В - 11

13 - сұрақ

Футболдан 2010 жылы әлем чемпионы атанған мемлекет?

А – Германия Б – Испания

Ә – Бразилия В – Италия

14 - сұрақ

2014 жылғы футболдан әлем чемпионаты қай мемлекетте өтеді?

А – Германия Б – Испания

Ә – Бразилия В – Италия

15 - сұрақ

2016 жылғы олимпиада қай қалада өтеді?

А – Мәскеу Б – Мадрид

Ә – Рио - де - Жанейро В – Вена


ІІ-ші тур. Көкпар

Спорт ойындары

50 ұпай.

Футболдан еңалғашқы әлем чемпионаты қай жылы, қай елде өткізілді.Чемпион болған мемлекетті атаңыз? (1930 Уругвай. Чемпион Уругвай)

40 ұпай.

Афина Олимпадасында футболдан жеңімпаз атанған қай елдің құрамасы ? (Аргентина)

30 ұпай.

Баскетбол ойынында «Дриблинг» термині қандай ұғым береді? (допты еденге ұрып алып жүру)

20 ұпай.

ФИФА тұжырымы бойынша 2004 жылдың ең үздік футболшысы кім ? (Роналдинью)

10 ұпай.

Волейбол сөзі қандай ұғым береді? (волей- ұшу, бол- доп)


Жекпе-жек

50 ұпай.

Бокстан Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы, кубалық боксшылар кімдер ? (Теофило Стивенсон, Феликс Савон)

40 ұпай.

1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында грек рим күресінене алтыннан алқа таққан қазақ азаматы кім ? (Жақсылық Үшкемпіров)

30 ұпай.

«Балқаш Барысы» атанған қазақстандық боксшы кім ? (В.Жиров)

20 ұпай.

Бекзат Саттарханов Сиднейдегі жеңісін кімге арнады? (Түркістан қаласының 1500 жылдығына)

10 ұпай.

Ванкувер қыстық олимпиадасында жүлдегер атанған Қазақстандық спортшы? (Елена Хрусталева)


Түрлі-түрлі

50 ұпай.

Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақта неше тас, неше отау, неше қазан болады ? (162 тас, 18 отау, 2 қазан)

40 ұпай

Бокстың негізін қалаушы, боестің әкесі саналатың ағылшындық қайраткердің есімін атаңыз? (Джон Джек Браутон)

30 ұпай

Шахмат ойынының үш бөлігін атаңыз ? (Дебют, Миттельшпиль,Эндшпиль)

20 ұпай

ФИФА ұымының президенті кім ? (Иозеф Блаттер)

10 ұпай

Мұздағы би қалай аталады? (мәнерлеп сырғалау)


Жеңіл атлетика.

50 ұпай.

Кедергімен жүгіру жарысындағы кедергінің биіктігі неше см.? (ерлер-106 см. әйелдер-84 см.)

40 ұпай

Сидней Олимпиадасында Ольга Шишигена қандай қашықтыққа жүгіруде алтын медальға қол жеткізді ? (100 м)

30 ұпай

Қазақстандық онсайысшы, Афины Олимпиадасының қола жүлдегері кім? (Дмитрий Карпов)

20 ұпай

Жүру мен жүгірудің қандай айырмашылығы бар ? (жүгіруде ұшу формасы сәтті болады)

10 ұпай

Спринтер – қандай спортшы ? (қысқа қашықтыққа жүгіруші)


ІІІ- тур Жорға

1. Бокс алаңы қалай аталады ? (ринг)

2. Доп пішіні қандай? (дөңгелек)

3. Футболшы Диего Армандо фамилиясы? (Марадонна)

4. Мұзда сырғанайтын аяқ киім? (коньки)

5. Медаль металдарын атаңыз? (алтын, күміс, қола)

6. Қажымұқанның фамилиясы? (Мұнайтпасов)

7. Футболда бір тайм уақыты ? (45 мин.)

8. Ренат Дасаев кім ? (қақпашы)

9. Маикл Джордан қандай спорт түрінің жұлдызы ? (баскетбол)

10. Жүгіру жарыстарының ең алыс қашықтарын атаңыз ? ( 3000,5000,10000,20000 м.)



1. Футбол ойынының отаны? (Англия)

2. Футбол ойнында екі сары қағаздан кейін қандай шара қолданылады? (қызыл қағаз)

3. Билярд ойынында шарды ұратын таяқ қалай аталады? (Кии)

4. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының тұмар белгісінде қандай жануар бейнеленді ? (Аю)

5. Шахмат ойынында қанша түрлі фигура болады? (пешка, слон, ат, ладья, ферзь, король)

6. Сидней Олимпиадасында алтын медальға қол жеткізген жерлестерімізді атаңыз? (Ыбырайымов, Сатарханов, Шишигина)

7. Дзюдо кілемі қалай аталады ?( татами)

8. Ми жұмысына арналған қазақтың ұлттық спорт түрін атаңыз? (тоғызқұмалақ)

9. Ер балалардың гранатасың салмағы (700 гр)

10. Волейболдың енімен ұзындығы (18,9)


Сайыстың жеңімпаздарын атап, дипломдармен марапатталды.