«Толағай» отбасылар сайысы
Бекітемін:
Директордың оқу- тәрбие
жөніндегі орынбасары:
___________ Н.Құсайнова
«19» мамыр 2016жыл
Мақсаты:
1.Студенттер мен ата – аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін бағалы байлық екенін, маңызын түсіндіру.
2.Студенттерді және ата – аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спротпен айналысуы қажет екендігіне көз жеткізе отырып спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
3.Салауаттану адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:
Толағай жазуы, плакат, шарлар, спорт энвентарьлары,кедергілер,шығыршықтар,доптар.
Өту барысы:
-Құрметті ата-аналар мен студенттер және ұстаздар! Колледжімізде қазіргі таңда жүріп жатқан «Үштік одақ: Ата-ана-бала-мектеп ынтымақтастығы» атты айлықтың аясында өткелі отырған «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер! «Толағай» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай ойын бүгінде біздің колледжімізде ата-аналары мен студенттер арасында өткелі тұр.
Бүгінгі біздің сайысымызға 6 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Біз бұл отбасыларға сәт сапар тілейміз
Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
«ТОЛАҒАЙҒА»қатысатын
Отбасыларын шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
(әр отбасы орындарына келіп тұрады)
1 – Ас1/15тобы:
2 – Ас15тобы: «Алау» командасы.
3 – Эм15тобы: «Денсаулық»командасы.
4- Гэс2/15тобы: «Толағай» командасы.
5- Бм15тобы: «Алға» командасы.
6- Гэс1/15 «Шаңырақ» командасы.
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары: Н.Құсайнова.
2. Колледж психологы:Сандыбаева Б.
3. Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы: Избасаров Б
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
1 - жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата - ана шаңырақтың негізгі ірге тасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасаң зор.
2 - жүргізуші: Спорт - денсаулық кепілі десек, «Толағай» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Бүгінгі сайыстың бағдарламасы 5 кезеңнен тұрады.
1-кезең «Кедергілерден доппен өтіп барып,шарды жару»
Шарты:Топ мүшелері кедергілердің арасымен допты аяқпен жүргізе отырып,шарды жарады.
2-кезең «Шығыршықпен бірін-бірін тасымалдау»
Шарты:Әр топқа 2 шығыршық беріледі.Алдыңғы тұрған шығыршықты жерге қойып,бәрі ішіне тұрады.Екінші шығыршықта осылай қайталанады.
3-кезең «Теннис добын алып жүру»
Шарты:Топ мүшелері кедергілердің арасымен теннис добын қалақпен соғып алып жүру керек.
4-кезең «Допты кедергілер арсымен алып жүру»
Шарты:Әр топ мүшесі допты аяғының арасына қысып,кедергілер арасымен өтеді.
5-кезең «Арқан тартыс»
Қорытынды бөлім:
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады, - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі..
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп рахмет
«Толағай» әні
Атырау көлік және коммуникация колледжі
«Үштік одақ: Ата-ана-бала-мектеп ынтымақтастығы» атты айлықтың аясында
« Т О Л А Ғ А Й »
отбасылар сайысы
[pic]
Сайысты өткізген: Гэс 2/15 топ жетекшісі Ғ.Имашев
Атырау -2016жыл
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]