Гимнастика. Акробатикалық жаттығулар 6-сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Гимнастика. Акробатикалық жаттығу

  • Аяқты алшақ қойып тұру қалпынан алға домалап түсу.

  • Алға қарай домалап түсіп, түрегелу және қарсы лақтырылған волейбол добын қағып алу

  • «Баспен тұру» (ер балаларға)

  • Артқа домалап, «жаурынға» тұру.

  • «Қарлығаш» бейнесін салу.

  • «Көпір» салу

  • «Кәрзеңке» салу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сапқа тұрғызу кезіндегі қозғалыстарды үйрету, тақырыпты түсіндіру, жаттығуларды жасату, орындалу әдістерін, қимыл-қозғалыстарын түсіндіру, көрсету.

Дамытушылық: сапта, саппен орындалатын жаттығуларды одан әрі дамыту, жаттығулар мен қимыл қозғалыстарды толық орындауға санақ бойынша орындауға дағдыландыру. Оқушылардың қабілетін дамыта отырып, жаттығуларды орындату.

Тәрбиелік: Оқушылар жаттығуларды дұрыс, түзу, тиянақты орындауға үйрету. Икемділік, ептілік қасиеттерін арттыру. Дене шынықтыру сабағына, спортқа қызығушылығын арттыру.

Қолданылатын ресурстар: Гимнастикалық төсеніштер (матрас), доптар, проектор, ноутбук, жылжымалы тақта, плакат, маркер.

7 модульдің қолданылуы: АКТ, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”

Пәнаралық байланыс: Валеология, математика


ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу.Кезекші мәлімдемесін қабылдау,түгелдеу. Сабақ тақырыбын түсіндіру.


Саптық жаттығулар

Оңға, солға, айнал, секіріп айнал



Қадамдау


Жүру барысында орындалатын жаттығулар

  • Бастаушы артынан алға

  • Аяқ ұшымен

  • Өкшемен

  • Аяқтың ішкі бетімен

  • Аяқтың сыртқы бетімен

  • Жартылай отырып

  • Толық отырып

  • Толық отырып, секіріп жүру

  • Жай жүгіріске ауысу


Жүгіру барысында орындалатын жаттығулар

  • Аяқты ішке бүгу

  • Аяқты сыртқа бүгу

  • Аяқты алға сермеп

  • Аяқты артқа сермеп

  • Тізені көтеріп

  • Аяқты артқа

  • Оң жақ бүйірмен

  • Сол жақ бүйірмен

  • Арқа тұсымен алға жүгіру

  • Жылан тәрізді жүгіру

  • Жәй жүріске ауысу

  • Тыныс алу жаттығулары




Жалпы денені жетілдіру жаттығулары(қалыпты жағдайда)


Бір орында тұрып мойын бөлігін қыздыру

1-4 оңға қарай айналдыру

5-8 солға қарай айналдыру


Бір орында тұрып қол бүгіліп иыққа қою

1-4 оңға қарай айналдыру

5-8 солға қарай айналдыру


Бір орында тұрып оң қолды жоғары тік сермеу, сол қол төмен тік сермеу

1-2 артқа тарту

3-4 қолды ауыстырып тарту


Бір орында тұрып қол кеуде тұсында бүгулі

1-2 қолды артқа тарту

3-4 оң жақта кеудені бұрып,

қолды жазып тарту

5-6 қолды бүгіп артқа тарту

7-8 сол жаққа кеудені бұрып,

қолды жазып тарту


Бір орында тұрып оң қол жоғары созу

сол қол белде

1-2 оңға иілу

3-4 солға иілу


Бір орында тұрып белді қыздыру

1-2 оңға айналдыру

3-4 солға айналдыру


Бір орында тұрып

1 қолды жоғары шалқая иілу,

2 алға еңкею,

3 қолды алға соза отыру,

4 бастапқы қалыпқа тұру,


Бір орында тұрып

1 оң аяққа,

2 ортаға,

3 сол аяққа,

4 бастапқы қалыпқа тұру.


Бір орында тұрып

1 толық отыру қолды тіреп,

2 қолды тіреп аяқты артқа созу,

3 аяқты тартып толық отыру,

4 бастапқы қалыпқа тұру


Бір орында тұрып аяқ иық көлемінен алшақ

1 оң аяққа отыру,

2 бастапқы қалыпқа тұру.

3 сол аяққа отыру

4 бастапқы қалыпқа тұру.


Бір орында тұрып

1 қадам баса алға оң аяққа отыру,

2 бастапқы қалыпқа отыру,

3 сол аяққа қадам баса,

4 бастапқы қалыпқа тұру


Бір орында тұрып

оң аяққа секіру

Сол аяққа секіру

Қос аяққа секіру

бастапқы қалыпқа отырып тұру


Тыныс алу жаттығулары


21'

2'



2'






4'



5'

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-




8'



4-5 рет




4-5 рет




4-5 рет





4-5 рет








4-5 рет





4-5 рет




4-5 рет





4-5 рет






4-5 рет






4-5 рет







4-5 рет





10 рет




Сызық бойында тік түзу тұру.

Тақырыпты толық түсіндіру.

Сабақ барысына түсінік.


Кеуде, бас, тік, бұйрық санақ бойынша орындау


Сол аяқтан санақ бойынша орнында қадамдау



Арақашықтық сақтап

Қол жоғары керіле жүру

Қол желкеде

Қол белде, кеуде тік

Қол белде

Қолды алға созу

Қолды тізеге қою

Қол тізеде






Қолдың басын аяққа тигізу

Қолды аяқтың сыртқы бетіне тигізу

Дене тік, қол белде

Сәл ғана еңкейе, қол белде

Қолды бел тұсына бүге ұстау, бел тұсына көтеру

Қолды артқа, аяқты жылдам орындау

Қолды белге қою, жоғары секіре жүгіру

Қолды белге қою, жоғары секіре жүгіру

Сол жақ иық үстімен қарау






Арақашықтықты сақтап қолды жоғары көтере аяқ ұшына бара демалып, қолды түсіре демді шығару.


Көзді ашық күйінде

қол белде басты жәй айналдыру


Денені тік түзу ұстау, қолды алға, артқа айналдыру




Денені тік қол түзу санақ бойынша қолды ауыстырып орындау






Дене тік санақ бойынша









Оңға, солға санақ бойынша қолы ауыстырып иілу




Қол белде, белді оңға, солға толық айналдыру


Санақ бойынша денені тік ұстау, керіле шалқаю


Санақ бойынша қолды алға тік соза еңкею





Толық отыра қолды тіреп санақ бойынша орындау


Қол белде санақ бойынша толық отыру.


Қол белде санақ 1 сол аяқ артқа түзу, санақ 3 оң аяқ артта түзу ұстап орындау.




Қол белде аяқ ұшына секіру орнында тұрып


Қолды алға тік созу, қолды желке қою


Дем алып, дем шығару



НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Акробатикалық жаттығу түрлерін үйрену

Жаттығулардың орындалуы барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.

СТОҮ бойынша оқушыларды жаңа сабақ қатысты ойларын тыңдау

  • Аяқты алшақ қойып тұру қалпынан алға домалап түсу.

  • Алға қарай домалап түсіп, түрегелу және қарсы лақтырылған волейбол добын қағып алу

  • «Баспен тұру» (ер балаларға)

  • Артқа домалап, «жаурынға» тұру.

  • «Қарлығаш» бейнесін салу.

  • «Көпір» салу

  • «Кәрзеңке» салу


Аяқты алшақ қойып тұру қалпынан алға домалап түсу.

Алға қарай домалап түсіп, түрегелу және қарсы лақтырылған волейбол добын қағып алу



«Баспен тұру» (ер балаларға)


Артқа домалап, «жаурынға тұру».

Шалқадан жата аяқты жоғары көтере, қолды бел арқа тұсына қою арқылы иетер жауырынға тұру, аяқты тік жоғары соза ұстап тұру.



«Қарлығаш» бейнесін салу.



«Көпір» бейнесін салу



«Кәрзеңке» бейнесін салу

.




20'

















2-3 рет













3-4 рет










3-4 рет














3-4 рет











3-4 рет












3-4 рет



Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін ескерту;




Гимнастика сабағына түсінік.

Акробатикалық жаттығу түрлері. Бұл жаттығулар икемділікті, иілгіштікті, күштілікті талап етеді. Осы жаттығуларды орындау арқылы осы қасиеттерді жетілдіру, дамыту, оқушылардың орындау қабілеттілігін арттыру.


Жүреге отыру қолды тіреп, сәл алға еңкейе аяқ ұшына тұра басты тіреп, желке жауырынды тигізіп алға айнала түсу.

Жүреден алға еңкейе жауырынды тигізіп, аяқты жүредегі қалыпты соза ұстау.






Жүресінен отырып, қолды жерге тірей алшақ ұстап,маңдайды екі қолдан алға қарай қойып, аяқты серпу арқылы жоғары көтеріп тепе-теңдікті ұстау





Жүреде отыра қолды тіреп, сәл алға еңкейе аяқ-қол күшімен итеріле артқа жамбас, бел, арқаны тигізе жауырынға тұра қолды тіреп, желке бастың артқа төбе бөлігін тигізе аяқты қоса соза аунап түсу.

Аяқ – қол көмегімен алға артқа қозғала отыра орындау.





Қолды жанға тік соза оң аяқты жерге қойып, тізені бүкпей сол аяқты артқа барынша созу, басты тік көтеру (аяқты алмастыра орындау).

Белді, аяқты көтере түзу тік ұстап орындау.





Қолды тік жоғары көтеріп, артқа шалқалап құлай, қолды төсенішке тіреп, белді жоғары көтеру.









Төсенішке екпетінен жатып,қолдың көмегімен жерді тіреп, аяқтың ұшын барынша созып, басқа тигізу;



ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

Сапқа тұрғызу


БҮҮ стратегиясы



Бағалау









Үйге тапсырма

4'




Киімдері дұрыс, түзу тұру


Стратегия бойынша оқушыларды тыңдау

Сабақтың әр бөлімінде бағалау парақшасына оқушыларға берген бағаны жазып отыру және тақтаға ілінген бағалау кестесі арқылы қорытынды баға шығару




Жаттығуларды қайталау

Шығарып салу












Мұғалімнің бағалау парақшасы



Саптық жаттығулар

Жүру барысында орындалатын жаттығулар

Жүгіру барысында орындалатын жаттығулар

«Домалап түсу»

«Баспен тұру»

«Жауырынға тұру»

«Қарлығаш» бейнесін салу

«Көпір» бейнесін салу

«Кәрзеңке» бейнесін салу

1

Аманұлы Еркетай










2

Ержанқызы Айкелбет










3

Жолдасқали Ғазиза










4

Жолдас Гаухар










5

Жұмабай Мұхамбет










6

Жұмабай Шұғыла










7

Жұмабаева Айкөркем










8

Жолбарысхан Әділет










9

Қабидентегі Санжар










10

Қасымғалиев Ертілек










11

Иманғазы Дариға










12

Мерекеқызы Ұлболсын










13

Сүндетбай Бекарыс










14

Тасболат Назымгүл










15

Шамұрат Досжан










16

Тулегенова Жазгүл
















































2015-2016 оқу жылында 6-сыныпта «Гимнастика. Акробатикалық жаттығулар» тақырыбында өткізген сабағымда бұрын соңда спорт залда қолданып көрмеген проектор арқылы өткізуді жөн көрдім. Себебі сабақты тартымды етіп теория мен практиканы ұштастыруында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі баса назарда болуы қажет. Бұл мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, сабақты жақсы оқитын, спортқа бейім оқушылармен белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру тиіс. Барлық оқушылар өз қабілетін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі жаттығуларды орындауға көшіп отырады. Бұл оқушылар арасындағы бәсекелестікті және әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады.

Жаңаша әдістерді сабақтарда үнемі қолданысқа енгізуде теория мен практиканың ұштасуына мән бергенде ғана жұмыстың мазмұндылығы көріне алады. Осы бағыттарда сын тұрғысынан ойлау және БҮҮ стратегиясын дене шынықтыру пәнінде қолдануды ұсынамын.

Сабағымның алғашқы ұйымдастыру бөлімінде алдымен оқушыларымды түгендеп, кезекші мәлімдемесін тыңдаған соң өткізгелі отырған жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырып өттім. Кейін жүру барысында орындалатын , жүгіру барысында орындалатын және бірқалыпты тұрыс кезінде орындалатын жаттығулармен оқушыларды денесін қыздыру арқылы жаңа сабаққа дайындадым.

Әрі қарай акробатикалық жаттығу түрлерін үйренуді бастамас бұрын осы жаттығуларды орындау барысында сақталуға тиісті қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өттім. Ондағы мақсатым сынып оқушыларының жаттығу кезінде түрлі жарақат алмауының алдын алу, сондай-ақ болашақта жасалатын жаттығулар кезінде сол ережелерді естерінде сақтауына ықпал ету.

СТОҮ технологиясы бойынша жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларды тыңдадым. Жаңа сабақ барысында оқушыларға көптеген жаттығулардың дұрыс жасалуын үйренді. Мысалы: аяқты алшақ қойып тұру қалпынан алға домалап түсу кезінде, ұл балалар үшін «Баспен тұру» кезінде, артқа домалап, «жаурынға тұру» кезінде, «Қарлығаш», «Кәрзеңке» және «Көпір» бейнелерін жасау кезіндегі дене мен аяқ-қолдың дұрыс орналасу әдістерін қызығушылықпен орындап, терең меңгерді.

Атап айтар болсам «Жауырынға тұру» жаттығуын өте тамаша орындаған Б.Сүндетбай мен М.Жұмабай, Ш.Жұмабай

«Көпір» бейнесін жасаған Ж.Тулегенова мен Г.Жолдас,

«Кәрзеңке» бейнесін жасаған Ұ.Мерекеқызы, А.Ержанқызы және Ш.Жұмабайлар жаттығуларды тамаша орындап, сабақты қорытындылау және бағалау кезінде«өте жақсы» деп бағаланды.



Сабақ барысынан көріністер



«Жауырынға тұру» . Б.Сүндетбай мен М.Жұмабай



«Кәрзеңке» бейнесін жасау. Ұ.Мерекеқызы, А.Ержанқызы және Ш.Жұмабай





«Көпір» бейнесін жасау. Ж.Тулегенова мен Г.Жолдас