План урока по физкультуре Айналмалы эстафета

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Айналмалы эстафета

Мақсаты :

  • Ата-аналарды балаларымен бірге спортпен шұғылдануға тарту;

  • Отбасылық қарым-қатынасты нығайту.

  • Оқушыларды ептілікке, жылдамдылыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Өтетін орны мен мерзімі

Жарыс 2016 жылдың 16 қаңтар күні сағат 15:00-да № 5 орта мектебінің спорттық залында өткізіледі.

Жарысқа қатысушылар мен өткізу шарты

Жарысқа дәрігерлік бақылаудан өткен 2 «А», «Г» сынып оқушысы және олардың ата-аналары қатыстырылады.

Әр топтан 2 ата-ана, 1 оқушы қатыстырылады. Әр топтың қатысушылары біркелкі киім үлгісімен қатыстырылады.

Жарыс бағдарламасы:

  1. Таныстыру: топтың атауы және ұраны.

  2. «Айналмалы эстафета». Отағасы эстафеталық таяқшамен кегли арасынан жүгіріп өтіп топқа қайта жөнеледі де, отанасын алып кетеді де оны белгіленген жерге дейін апарып тастайды. Сосын қайта топқа жөнеледі де, баласын алып кетеді отанасына. Енді отбасын жинағасын бәрі эстафеталық таяқшадан ұстап қайта орындарында жүгіріп келеді.

  1. «Кенгуру». 1-ші ойыншы аяқтың ортасындағы баскетбол добын қысып белгіленген жерге дейін секіріп, секіртпеде 3рет секіріп, секіртпені орнына қойып, белгіленген жерге дейін жүгіріп, математикалық тапсырманы орындап қайта жүгіру керек.

  2. «Себетке салу». Отағасы баскетбол добымен кегли арасынан жүгіріп өтіп, белгіленген жерге дейін тоқтап, қолындағы допты себетке лақтырады да, қайта топқа жөнеліп отанасы ойынды жалғастырады. Ең бірінші аяқтаған топтың капитаны қолындағы допты көтеріп белгі береді.

Шарты: белгіленген жерді аспауы қажет.

  1. «Теңбіл доп». Отағасы футбол добын екі аяқ ортасына салып текшелерді құлатпай, шығыршықта допты қалдырып мәреге оралады да, отанасы болса баскетбол добын жерге соғып текшелерден қиғаш өтіп, ол да допты шығырщықта қалдырып мәреге оралады, ал баласы болса шығыршыққа дейін шапшаң жүгіріп баскетбол және футбол доптарын алып топқа жүгіреді. Қай бала бірінші боп екі допты топқа әкеледі,сол топ жеңімпаз болады.

  1. «Кедергілер алаңы». Баласы шығыршықпен секіртпе ретінде пайдаланып жарыс жолдын ортасында бір қолымен ұстап тұрады, әкесі өрмекшідей жорғалап, шеңбердің ішінен өтіп, белгіленген жердегі үстінде 1 аунап, 5 рет денені көтеру жаттығуын жасап кері оралады, ал аналар отағасын қайталап, ең соңғы жарысты аяқтайтын баласы ортадан шығыршықпен алға қарай секіріп мәреге жету.

  2. «Тоннель». 1-ші ойыншы алға жүгіріп алдындағы тоннельден өтіп, гимнастикалық кілемде, алдындағы тұрған үстелдің үстіндегі тапсырманы орындап қайта жүгіріп эстафетаны 2-ші ойыншы жалғастырады.

Шарты: берілген тапсырманы дұрыс орындау және кедергілерден дұрыс өту.

  1. «Нысананы көздеу». 1-ші ойыншының қолында үстел теннисінің добын қасықпен ала жүгіріп, белгіленген жердегі кеглилерді доппен қағып қайта жігіру.

Шарты: Қай топ көп кегли қағады, соларға ұпай саны көбірек беріледі.

  1. «Үлкен эстафета». Отағасы белгіленген жерге дейін толық отырып алға қарай жүреді де, тоннельден өтіп, алдындағы кедергіден секіріп өтіп, шығыршықтағы бір допты алады да, қайта кедергіден секіріп,тоннельден өтіп шығыршыққа допты салып, толық отырып топқа келеді. Отанасы мен баласы осыны қайталайды да, қай топ шығыршыққа допты бірінші жинайды сол топ жеңіске жетеді.

Шарты: берілген айналымды дұрыс орындау.

  1. Жеңімпаздарды анықтау

Әр эстафетаны, бірінші боп аяқтаған топқа 5 ұпай беріледі.

Екінші боп бітірген топқа 4 ұпай беріледі. Үшінші боп бітірген топқа 3 ұпай беріледі. Ең көп ұпай жинаған топ 1 орынға иеленеді.

  1. Марапаттау

Жеңімпаздарды мадақтау қағазы, ата-аналарға арнайы алғыс хат пен сыйлықтармен марапатталады.