Сабақтың тақырыбы: Қозғалмалы ойындар _
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың допты менгеруін арттыру, ойыны мәдениетін қалыптастыру.
2.Дамытушылық: Жылдамдық, күштілік, ептілік қасиеттерін дамыту
3.Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: _Қозғалмалы ойын
Құрал жабдықтар : Ысқырық , доптар, гимнастикалық таяқшалар
Сабақтың өтетін орны: Спорт зал
Сыныбы : 2 сынып
Уақыты: 45 мин
Сабақтың бөлімі
Сабақтың мазмұны
Жүктеме мөлшері
Әдістемелік нұсқаулар
І
Дайындық бөлімі
1.Сапқа тұру.Рапорт беру.Сәлемдесу.
2.Сабақ міндетін хабарлау.
3.Саптық жаттығулар: оңға, солға бұрыл, кері айнал.
4.Жүру жаттығулары:
--аяқтың ұшымен ;
--өкшемен ;
--жартылай отырып жүру;
--толық отырып жүру.
5.Жүгіру жаттығулары:
--оң жақ қырымен тіркеме адыммен ;
--сол жақ қырымен тіркеме адыммен;
--тізені жоғары көтеріп жүгіру;
--артқа аяқты бүгіп жүгіру.
6.Жүру.Терең демалу.
7.Бір лектен төрт лекке бөлініп тұру (таяқшаны оң қолға ұстаймыз .)
8.Гимнастикалық таяқшамен орындалатын жаттығулар:
Б.қ.аяғымыз иық көлемінде таяқшаны төмен екі жақ шетінен ұстап - оңға 1-4,солға 1-4 басымызды айналдырамыз;
Б.қ.аяқ алшақ,таяқшаны төмен екі жақ шетінен ұстап :1-қолды алдыға көтеру ,2- жоғары көтеру,3- алдыға,4- б.қ.
Б.қ аяқ алшақ,таяқшаны төмен екі жақ шетінен ұстап :1-қолды жоғары көтеру ,2- желкеге қою,3- жоғары,4- б.қ.
Б.қ аяқ алшақ,таяқшаны алдыда екі жақ шетінен ұстап :1-оңға бұрылу ,2- б.қ ,3-солға бұрылу ,4- б.қ.
Б.қ аяқ алшақ,таяқшаны төмен екі жақ шетінен ұстап :1-жоғары көтеру ,2- алдыға еңкейіп ,3-отыру,таяқшаны алдыға ,4- б.қ.
Б.қ аяқты кең алшақ қойып,таяқшаны төмен екі жақ шетінен ұстап :1-оң аяққа отыру, таяқшаны алдыға ,2-б.қ.,3-сол аяққа отыру,таяқшаны алдыға ,4- б.қ.
Б.қ аяқты иық көлемінде қойып,таяқшаны желкеге екі жақ шетінен ұстап :15 рет тұрып отыру.
Б.қ таяқшаны жерге қойып оң аяқты алдыға,сол аяқты артқа қойып кезек-кезек аяқты ауыстырып секіру.
Б.қ таяқшаны оң жаққа қойып қос аяқпен таяқшадан секіру.
15 мин
5-6-рет
5-6-рет
5-6-рет
5-6-рет
5-6-рет
5-6-рет
10-12-рет
10-12- рет
Оқушылардың
спорттық киімін қадағалау.
Жаттығуды орындағанда дұрыс жасауын қадағалау .
Жаттығуды орындағанда екі қолды түзу ұстауын қадағалау
Жаттығу кезінде тізені бүкпеу керек
Отырғанда екі қолды алға ұстап, тұрғанда төмен түсіруін қадағалау
Кеудені түзу ұстау қажет.
Таяқшаны қозғалтпаймыз,қол белде.
ІІ
Негізгі бөлім
Ойындар қимыл- қозғалыс ойындары және спорттық ойындар болып бөлінеді. Қимыл –қозғалыс ойындары аса көңілді әрі пайдалы қимыл әрекет түрі .
Қимыл –қозғалыс ойыны
Қимыл-қозғалыс ойындарының көңілді әрі пайдалы болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе- тендік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл –қозғалыстарды дамыта аласыңдар.
Бүгінгі қозғалмалы ойынның аты
«Қабырғаны гүлдендіру»
Оқушылар үш топқа бөлінеді.Тапсырманы бірінші болып орындаған І топ- үш гүл ,ІІтоп-2г, ІІІтоп-1гүл женіп алып қабырғаға жапсырады.
1 сайыс- баскетбол добын қолға үстап үшбұрышты айланып қайту;
2 сайыс-допты бір қолмен жүргізіп кедергілердін арасымен өту;
3 сайыс-гимнастикалық орындықтың үстімен допты домалатып үшбұрышты айланып қайту,
4 сайыс-кедергілерді айналып бір ойыншы допты шеңбердің ішіне қойып қайтады,ал екінші оқушы әкеледі.
5 сайыс допты шеңбермен домалатып кедергіні аналып келу.
Гүлі көп топ осы ойында женеді.
25 мин
Белгілі бір нақты ережесі бар әр түрлі әрі көңілді қимыл –әрекеттерді қозғалмалы ойындар деп атайды .
Тапсырманы толық және дұрыс орындау.
Саптан ерте шығу жоқ.
ІІІ
Қорытынды бөлім
1.Сапқа тұру.
2Сабақты қорытындылау.Бағалау.
3Назар аудару ойыны.
4 Үй тапсырмасы: саптық жаттығуларды қайталау,ж.д.ж дайындау.
5Оқушыларды сыныпқа апару.
5 мин
Оқушылардың бастапқы қалыпқа түсу жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалау.