«Манашы орта мектебі»ММ
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: «Белбеу тастау» ойыны
Пәні: дене тәрбиесі
Сыныбы: 4 «А»
Дайындаған: Нугманова Қоңырау
2015 – 2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Белбеу тастау» ойыны
Сабақтың мақсаты: бірқалыпты жүгірісті орындау. «Белбеу тастау» ойынын үйрету. Ойындар арқылы икемділік, ойлау қабілеттерін дамыту. «Дене шынықтыру» пәніне қызығушылықтарын ояту.
Спорт құралдары: ысқырғыш, орамал, белбеу.
Өтетін орны: спорт зал
Кіріспе бөлім 13 – 14
Сап түзеу. Сәлемдесу.
Сабақтың мақсатын хабарлау
Дененің тік ұсталуын қадағалау.
Оқушылардың киіміне назар аудару
Саптық жаттығулар.
Бағытты өзгертіп жүгіру.
Жүріс.
Қиғаш қозғалу, ирек жүріспен кері қайту.
1 – ші , 2 – ші санағын орындау.
Тыныс алуын қадағалау.
Арақашықты сақтау.
Тыныс алуды қалпына келтіру.
Жеке ескертулер.
Таңертеңгілік бұлшық еттерді жетілдіру жаттығуларын сыныптың 10 – 11 оқушысы орындайды.
Бисенбаев Дархан,
Сұлыпаева Ақерке,
Күзенбаева Ақмарал
Дәулетова Шаттық,
Лесбай Жансая
Дүйсенбаев Бейбарыс,
Оңғарбаева Ақбота.
Отырып тұру. Басты айналдыру. Демалу. Аяқты бүгу, қолдың буынын айналдыру.
Аяқты оңға, қолды солға сермеу, еңкейіп қолды аяққа тигіземіз.
Иықты айналдыру, белді бүгу алдыға, артқа, оңға, солға.
Тізені айналдыру, қолды сермеу.
Белді айналдыру, оң қолды сол аяққа, сол қолды оң аяққа.
Жүзу, оң қолды сол аяққа, сол қолды оң аяққа.
Қолды артқа қойып иілу, қолдың жұдырығын айналдырады.
Қайшылау, аяқтың буынын айналдыру.
Қолды ашып – жұму, шынтақты айналдыру.
Көкірек алдына қойып жаттығу жасау, екі қолды артқа қойып айналдыру.
Бір орында тұрып жүгіру, көбелек жаттығуы.
Әртүрлі гимнастикалық жаттығулар жасау: шпагат, мустик, салко гимнастикалық жаттығулар орындалады (әннің сүйемелдеуімен)
Оқушылардың жаттығуды дұрыс орындауын қадағалау.
Ережелерді есте сақтау.
Негізгі бөлім 25 – 26
«Белбеу тастау» ойыны. Екі топтың дәл ортасындағы сызыққа жалау байлап, түбіне белбеу немесе шиыршықталған орамал тасталады. Кезекпен топ басқарушылары өз ойыншыларының бірінің атын айтады. Берілген белгі бойынша әлгі екі ойыншы ортадағы жалауға қарай жүгіреді.
Бұрын жетіп белбеуді алуға ұмтылады. Бұрын жеткен ойыншы белбеуді ала салып, жете алмаған ойыншы қарсы топқа жеткенше кері қуып барады. Қолындағы белбеуді сонда тастай салып, өзі кейін қашады. Енді әлгі қашып келген ойыншы жаңағы ұтылған ұпайларын қайтарып алуға тырысады. Сергіту сәті, қимыл қозғалыс ойыны.
Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Бір – бірінен 50 – 60м қашықтықта қарама – қарсы тұрады.
Ойын қорытындысында қай топтың ойыншылары қарсыластарына көбірек белбеу тастаса, сол топ ұтқан болып есептеледі.
Оқушылардың сызықтан уақыттан бұрын шықпауын, кегельді айналуын қадағалау.
Қорытынды бөлім 4 – 5
Сапқа тұру. Тыныс алуды қалпына келтіру.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма.
«Белбеу тастау» ойыны
Бағалау.
Марапаттау.
Дененің тік ұсталуын қадағалау.
Бір аяққа отырып, тұру.
Саппен киінетін бөлмеге бару.