Сабақтың тақырыбы: «Әкем,шешем және мен» отбасылық старт.
Мақсаты: 1. Ата-аналарды, оқушыларды салауатты өмір салтына бейімдеу.
2.Эстетикалық эәне этикалық тәрбие беру.
3. Шапшаң қимылдауды, жарыса жүгіруді дамыту.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: ысқырғы, картоп немесе доп, баскетбол добы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
– Сәлемдесу
– Ойын 6 бөлімнен тұрады:
1. Таныстыру
2. «Сигналды тыңда» дене қыздыру жаттығуы
3. «Картоп отырғызу» ойыны
4. «Қай команда алысқа секіреді?»
5. «Допты ыдысқа түсіру » ойыны
6. «Қызықты эстафета » ойыны
Ойынға қатысушылар: 2А, 2Б, 3Б. 3В, 4Б сыныптарынан бір оқкшы ата-анасымен қатысады.
Әділқазылар алқасын тағайындау:
1. Тулеова Ләззат Бопанқызы-оқу ісінің меңгерушісі
2. Хасихан Елік-тәрбие ісінің меңгерушісі
3. Моншақ Ермек- дене шынықтыру пәні мұғалімі
4. Муса Таңат-дене шынықтыру пәні мұғалімі
2- Негізгі бөлім
1-бөлім
Таныстыру. Әр командада өз мүшелерін таныстырады. Командасына ат қояды.
(5 ұпай)
2-бөлім
«Сигналды тыңда» ойыны.
Ойыншылар бір қатарлы колоннада сап құрып жүріп бара жатады. Ойын басқарушы алақан соғып немесе ысқырып сигнал береді. Егер ойын басқарушы алақанын бір рет соқса, ойыншылар жүрісін тоқтатып тұра алады, ал екі рет соқса жүрісін тоқтатпай жүре береді. Үш рет соқса жүгіруге тиіс. Бұл сигналдан жаңылып қалған ойыншылар ойыннан шығады.
(5 ұпай)
3-бөлім.
«Картоп отырғызу» ойыны.
Ойыншылар 5 командаға бөлініп, бірінің соңынан бірі тізіліп, 5 қатар сапқа тұрады. Сапың алдында ойын бастаушылар тұрады.
Олардың ішіне картоп немесе доп салынған дорбалары болады. Әр команданың алдыңғы жағынан 10-15 м қашықтықта бір-біріне жалғас бес кішікене шеңбер сызылады. Ойын басқарушының берген сигналы бойынша ойын бастаушылар жүгіріп барып дорбадағы картоптарын әр шеңберге бір-бірден отырғызады да, кері айналып дорбаны келесі ойыншыға береді. Ол бос дорбаны алады да, отырғызылған картоптарды жинап әкеледі. Ойын соңында қай команда картопты бұрын отырғызып үлгерсе, сол команда жеңіске жетеді.
(10 ұпай)
4-бөлім.
«Қай команда алысқа секіре алады?» ойыны
Ойыншылар 5 командаға бөлініп, бірінің соңынан бірі тізіліп, сапқа тұрады. Төреші командаларды бір-бірден секіртіп, нәтижесін есептейді. Алдыңғы ойыншының секіріп түскен жері сызықпен белгіленеді де, келесіт ойыншы әлгі сызықтан ары қарай жалғастырып секіреді. Барлық командалар түгел секіріп болған соң қорытындысы шығарылады. Қай команда алысқа секірсе, сол команда жеңіске жетеді.
(10 ұпай)
5-бөлім.
«Допты ыдысқа түсіру» ойыны
Ойыншылар 5 команда бойынша бірінің соңынан бірі тізіліп, сапқа тұрады. Әр команда екі-екіден доп алып, оны көздеп баскетбол сақинасына лақтырады да, саптың соңына келіп тұрады. Ойын соңында допты баскетбол сақинасына ең көп түсірген команда жеңіске жетеді.
(10 ұпай)
6-бөлім.
«Қызықты эстафета» ойыны
Әр командадан бір-бір ойыншы ортаға шығады. Олар жүрелеп отырып алады да, межелі жерге дейін жарысып барып, жарысып қайтады. Бұл шартты барлық ойыншылар түгел орындайды. Шартты мүдірмей орындап, әр кезектен озып келген ойыншы өз командасына 5 ұпайдан әкеледі. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
(Әр ойыншыға 5 ұпайдан)
3. Қорытынды.
Командалардың ұпайларын есептеуге әділ қазыларға сөз беру.
Жеңімпаз атанған командаға арнайы марапат қағазын тапсыру.
Осымен ойынымыз аяқталды, қатысқандарыңызға көп-көп рахмет.
Сау болыңыздар!!!