1 2 3 4 5 6 7 8 9
Ойынның қасиеті туралы .
Ойынның нәтижесі туралы айту.
“Ми гимнастикасы” сабақты пысықтау арқылы сұрақтар қою
Тоғызқұмалақ ойыны қазақ ұлттық ойын түріне кіре ме? Тоғызқұмалақ тақтасы неше бөлікке бөлінген? Әр бөлікте неше отау, неше қазандық бар? Тұздық ашуға болама және оны қалай ашамыз? Тоғызқұмалақ терминдерін ата? Отаулардың аттарын білесің бе? Бірінші ойынды бастаған ойыншыны қалай атаймыз? Жұп, тақ сандар дегеніміз не?
Видео корсету “Тоғызқұмлақ ережежелері” сабақты қайталау.
”Ойнай білмеген, ойлай білмейді” тоғызқұмалақ тақтасымен ойын және электронды түрде компьютермен жекелей ойын. Қателіктермен жұмыс.
Қорытынды: Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру. Ережелерді есте сақтау, жаттығу.
Қызықтырған есепшіні, ойлыны,
Бабалардың бұл – ежелгі ойыны.
Екі адамға тең бөлінген «мал – жайы»,
Ойнау үшін тақтасы бар арнайы.
Бар он сегіз ұясы оның – кіші отау,
Екі қазан үлкен келген – іші отау.
Бір жүз алпыс екі – барлық құмалақ,
Сексен бірден – екі ойыншы тұр қамап.
Әрқайсысының сегіз ұя – «ойы» бал,
Әр ұяның дәл тоғыздан «қойы» бар.
Екі ойыншы – екі «қойшы» кезекпенен,
Түсіреді ұяға «қой» есеппен
Бір-бірінің ұясына айдайды,
«Қой – құмалақ», санын жіті аңдайды.
Ұяда қай жұп болса «қой» - құмалақ ,
Бәрі қарсы қазанға кеп құламақ .
Солай талай қой қазанға түседі,
Есепке оны екі қойшы тізеді.
Кімде-кімнің қазаны тез толады,-
Сол ойыншы ұтып шыққан болды.
Қызықтырған бүгінде де ойлыны, Міне, осындай бабалардың ойыны