Ашық сабақ Көңілді спорт сайысы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


18 Орта мектеп.





Тақырыбы : «Көңілді спорт» сайысы.

Сыныбы :3-4 сыныптар арасында.

Дене пән муғалімі :

Джамаладдинова Қатира.Салиевна











2015-2016 оқу жылы.

Пәні : Дене шынықтыру.

Сыныбы :3-4 сыныптар.

Өтетін күні : 16.04.2016 жыл.

Өтетін орны : спорт залы.

Тақырыбы : « Көңілді спорт» сайысы.

Мақсаты :Балалырдың қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, спортқа деген қызығұшылықтарын арттыру, ептілікке,шапшаңдыққа баулу.

Білімділігі :Оқушыларды дене тәрбиесі пәні бойынша және «Көңілді спорт» сайысы.

Дамытушылығы : Икемділік және қозғалыс реттілігінің үйлесімді дамуына ықпал ету.

Тәрбиелілік :Достық сезімін, адамгершілік қасиеттерін нығайтуға ықпал жасау әділдікке тәрбиелеу.

Пайдаланған құралдар : Секіргіш, доп баскетбол добы, ысқырғыш,кедергі.

Жүргізуші :Қайырлы күн ! құрметті ұстаздар мен әділ-қазы алқалары. Бүгінгі бастауыш сынып 3-4 сыныптар арасында дене пәні муғалімдері өткізгелі отырған Дарабоз сайысына қош келдіңіздер!

Ал ендеше бүгінгі «Көңілді спорт» сайысымыздың әділ-қазы алқасы мен таныстырып өтейік.Дене пән муғалімдері :Смайлов Нурлан,Джуматаев Жұмабек,Мадрешова Күләш,Нурмухаммедова Жанар.

Жүргізуші :

Салауатты өмір салтын қолдаймыз,

Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.

Денсаулықты жанымызға серік қып,

Болашаққа аманат қып жолдаймыз!-дей келе ортаға бүгінгі сайысқа түсетін командаларды ортаға шақырайық.

Жүргізуші : Көңілді сайысымыз 3- командадан тұрады.

1.Команда «Қуат» тобы.

2.Команда «Жігер» тобы.

3.Команда «Намыс»тобы.

Жүргізуші :Біздің сайысымыз 5 турдан турады.

1 Тур- Таныстыру.

Шарты : әр команда өз ұрандарын таныстырады.



«Қуат» тобы - Желмен бірге жарысқан , Қуат қалмас жарыстан.

«Жігер» тобы –Біз күштіміз ,мықтымыз ,жігерлікен таймаймыз.

«Намыс» тобы –Жеңілмейміз еш қашан намысты қолдан бермейміз.





2 Тур-Кедергілерден өту. шарты .Балалар орнатылған кедергілер арасымен шатаспай жүгіріп қайтуы керек.

3 Тур- «Кім жылдам»? шарты . допты екі аяқ ортасына ұстап, кедергілер арасына келесі ойыншыға береді.

4 Тур-Шеңберден шеңбер. шарты .Балаларға екіі шеңбер беріледі.Бір шеңберді алдына қойып аттау арқылы белгіленген орынға барып қайтады.

5 Тур- Арқан тартыс ұлттық ойыны. Шарты.екі топ арқан тартысады.