Тақырыбы: «Өмір қозғалысты талап етеді»
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Міндеті:Оқушылардың дене бітімінің қалыптасуына көңіл бөлу. Спорттың денсаулыққа пайдасы зор екенін түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Түрі:Зияткерлік -эстафеталық ойын
Өтілетін орны: Спорт залы
Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, баскетбол доптар, кедергілер,секірмек доптар, жалаушалар,ысқырық, уақыт өлшеуіш,матадан жасалған кедергі,жәшіктер.
Құрметті мұғалімдер,оқушылар бүгінгі «Өмір қозғалысты талап етеді»сайысына қош келдіңіздер!
Көңілді жарысқа 4 сыныптар қатысады.
Ендеше жарысқа қатысушыларымызды ортаға шақырамыз.
_______________________________________
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып,ешқашанда мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып,қарсы алайық қане,халқым!
-Сайысты бастамас бұрын,сайсымызға әділ баға беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырайық.
Денешынықтыру пәнінің мұғалімі:
Нүрпеиісов Бахыт Сақташұлы
Денешынықтыру пәнінің мұғалімі:
Істлеу Мамай Тұрысбекұлы
Денешынықтыру пәнінің мұғалімі:
Абденов Даулет Насанбайұлы
(Әр команданы ортаға шақыра, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық.)
-Спорттық сайысымыз 5 балдық жуйемен бағаланады.
Ендеше құрметті оқушылар сайысымызды бастайық!
I-сайысымыз «Таныстыру!»
I-топ «Жігер» тобын ортаға шақырамыз!
Ал,қанекей балалар топтың ұранын таныстырып өтсеңдер!
Топ ұраны:…
I I – топ «Топ жарған» тобын шақырамыз!
Ал,сіздердің ұраныңыз қандай екен?!
I I I-топ «Намыс» тобы ортаға келеді!
Ұраны
Сайыскерлердің «Таныстыру » кезеңімен қаншалықты жақсы орындағанын көру үшін әділ-қазылар алқасы өз бағасын берсін!
I I-кезең «Аталар сөзі – ақылдың көзі» демекші «Мақалдың жалғасын тап!»кезеңі
Ойынның шартын түсіндірсек:әр ойыншының мақсаты секірмек доптың үстіне отырып,кедергілердің арасымен өтіп,мақалдың жалғасын толықтыру!қайтарда кедергілердін арасымен келіп,келесі оқушы жалғастырады.
Енді,құрметті әділ-қазылар алқасы бағаларыңызды беріп кетсеңіз
Ендігі кезең (3) «Тунель»
Шарты:Әр оқушы баскетбол добымен кедергілердін арасымен жүргізіп матадан жасалған тунельдін қасына допты қойып,тунельдін арасынан өтіп,белгіленген жерге келіп,есепті шығарып!қайтарда баскетбол добымен кедергілердін арасымен допты жүргізіп өтіп келу
Кезеңді қорытындылап,топтарымыздың ұпайларын білсек…
Келесі (IV) кезең «Ана тілі!»
«Ана тілің-арың бұл,
Ұятың болып тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте» дей келе сайысымызда оқушыларға қораптардан жасалған әріптерден сөз құрастыру қажет.Әр топқа 2 минут уақыт беріледі.Іске сәт!
1.Бірлік болмай, …….болмас (тірлік)
2.денсаулық-зор …….(Байлық)
3.кет сөзінің антонимі (қал)
4.жылқы жасы ……(Тай)
5.Өлі табиғат,……табиғат (Тірі)
6.Лас сөзінің синонимі (Кір)
7.Еңбекақы (айлық)
1…тас жарады,тас жармаса бас жарады (Тіл)
2.Қосмекенді (Бақа)
3.Құлыпты ашатын құрал (Кілт)
4.Ұят сөзінің синонимі (Ар)
5.Адамның қанаты не? (Ат)
6.Қара- … (ала) Күрделі сын есім
7.Асан мен Үсеннің әңгімесі.Асан кімнің баласы? (бай)
1.Ешкінің төлі (лақ)
2.Ақ сөзіне антоним (қара)
3.Шаш тарайтын құрал (тарақ)
4.Әдепті бала,арлы …(бала)
5.Бала тілі-… (бал)
6.Адамдар суда немен жүзеді?
7.Кел өзінің антонимі (Бар)
Осы сайыс бойынша әділ-қазылар алқасы өз бағаларын көрсетіп кетсе…
V-кезең «Жол ережесі» деп аталатын бөліміне ат басын тіредік.Бұл бөлімде әр сайыскер өз сандарын тауып алып шарды жарып,берілген сурет бөліктерін құрастырады.Шыққан жол ережесі белгісін әр топтың басшысы түсіндіріп,қорғайды.Орындауға 3 минут беріледі.
Ал,келесі (VI)«Тапқырлар! »кезеңі
Сайыс шарты:барлығыңызға ортақ жұмбақтардың жауабын табу мен сөзжұмбақтарды шешу!Бұл сайыста топтардың белсенділігі мен шапшандығы бағаланады.
Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (қазақ үй)
Қос құлақты,жүз түсті,
Жүзінен бір –ақ із түсті (ара)
1санға өзірді
Өзі қалып орнында,
Бізді алға көшірді.(сынып)
Қалқиып 2 құлағы,
Елендеп қорқып тұрады.(қоян)
2 аяқпен кезек-кезек тебеді,
Ол тынысымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді (доп)
Соңғы кезеңіміз ертеңгі мейрамға байланысты сұрақ-жауап! Ал сайыскерлер,келе жатқан мейрамды білеміз бе?!Тәуелсіздік күні!тұғырлы еліміздің.
Ал сұрақтар келесі:
1-сұрақ:Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіздік алды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
2-сұрақ:Елтаңбаның авторын атаңыз?(Жандарбек Мәлібеков,Шотаман Уалиханов)
3-сұрақ:Қазақша жыл басы қалай?(наурыз)
4-сұрақ:Тудың авторын атаңыз.(Шәкен Ниязбеков)
5-сұрақ:Елбасымыздың алғаш сайланған жылы,айы,күні(1991ж 1 желтоқсан)
6-сұрақ:Еліміздің дербестігіне биыл неше жыл?!(21ж)
7-сұрақ:Соңғы ата-заң қабылданған жыл (1995ж)
Қорытынды бөлім:
Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділ-қазы сайысты әділ бағалар,
Құрметті оқушылар ендеше әділ –қазылар өз бағаларын есеп тегенше,тамаша би тамашалайық
– сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып,жеңімпаздарды анықтайық!
Әділ-қазылар алқасына сөз берсек
Ендеше үшінші орынға ие болған қоманданы марапаттау үшін
Денешынықтыру пәнінің мұғалімі:
Нүрпеиісов Бахыт Сақташұлы ортаға шақырамыз
Ендеше екінші орынға ие болған қоманданы марапаттау үшін
Денешынықтыру пәнінің мұғалімі:
Істлеу Мамай Тұрысбекұлы ортаға шақырамыз
Ендеше бірінші орынға ие болған қоманданы марапаттау үшін
Денешынықтыру пәнінің мұғалімі:
Абденов Даулет Насанбайұлы ортаға шақырамыз
Осымен жарысымыз аяқталды қатысқан оқушыларымызға рахмет!
Кош сауболыныздар!!!