План конспект урока по физической культуре Подвижные игры

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 18 мектеп гимназиясы» ММ



[pic] [pic]

«ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМІ»

V ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫНА АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ



Тақырыбы: Қозғалмалы ойындар





Әзірлеген: Бекентаев Нұржан Кабыкенұлы







Қостанай, 2015 – 2016 оқу жылы







Түсінік хат



«Адам ата – анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы – жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады», - дейді Абай Құнанбаев. Ұлы Абайдың бұл пікірі ойынға қатысты деп ойлаймыз. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі ұлттық ойындар. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек.

Қазақ халқының тарихи көне жырларының эпостарымен лиро – эпостарының қай – қайсысын алып қарасақ та, олардың өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының, әдет – ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз.

Олай болса осы жырлардың негізгі кейіпкерлері – болашақ ел қорғаушы батыр, жауынгер, ел қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді.

Осы жоспарда қазақтың ұлттық ойындары кеңінен қолданылып, ойын зерттеліп, жаңартылған нұсқада берілуде. Ойынды жаңартып, жаңғыртудың мақсаты өсіп келе жатқан жас ұрпаққа қызықты етіп өткізумен қатар оларды салт – дәстүрмен мәдениетке баулу.

«Ойын дүниеге қарай ашылған ұлкен терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - дейді белгілі педагог В.А.Сухомлинский.



















Дене шынықтыру сабағының конспект жоспары



Мұғалім: Бекентаев Нұржан Қабыкенұлы

Сынып: 5 сынып

Күні: 13.05.2016 ж Уақыты: 11.00-11.45

Тақырып: Қозғалмалы ойындар

Мақсаты: Оқушылардың денесін қозғалмалы ойындармен шынықтыру мәдени білім деңгейлерін арттыру

Міндеттері: 1. Жан - жақты 6ілім беру

2. Қарым – қатынасқа, ұжымдыққа тәрбиелеу

3. Тәндерін сауықтыру

Өткізетін орын: Спортзал

Құралдар: Шығыршықтар, гимнастикалық үлкен доптары, белбеулер, музыкалық құрылғылар.

Сабақ мазмұны

Жүктеме мөлшері

Ұйымдастырылған әдістемелік нұсқау

I - Бастапқы бөлімі 12 минут

Сабақ тақырыбын түсіндіру.


Сап түзегенде жотаны дұрыс ұстауға тәрбиелеу.



Жаттығуды көрсетіп тұру



Жаттығуларды дұрыс орындауына көңіл бөлу








Жаттығуларды көрсетір тұру




1. Қатарға сапқа тұрғызу, баяндама:

2. Амандасу, сабақ тақырыбын айту.

4. Шығыршықты айнала: кәдімгі жүріс,

- аяқ ұшымен,

- өкшемен,

5. Спорттық жүріс

6. Жүгіріс түрлері (арқамен, айнала, т.б)

7. Қимылды жаттығулар


Бір орында шығыршықты қолға ұстап жаттығуларды орындау:

1.Бастапқы қалып – негізгі тұрыс, аяқ сәл алшақ, 1 – сол аяқпен артқа қадам жасап артқа майысу, 2 – б.қ, 3 – 4 басқа аяқтан дәл солай.

2. Бастапқы қалып, шығыршықты алға ұстап, айналдырып аттау.

3. Бастапқы қалып, шығыршықты алға созып ұстау, 1 - сол аяқты көтеру, 2 – б.қ, 3 – 4 басқа аяқтан дәл солай.

4. Бастапқы қалып, 1 – алға аттап, шығыршықты жоғары көтеріп, жартылай отыру, 2 – б.қ, 3 – 4 басқа аяқтан дәл солай.

5. Бастапқы қалып, шығыршықты алға ұстап отырып тұру.

6. Бастапқы қалып - негізгі тұрыс аяқ сәл алшақ, шығыршықты жерге қойып, шығыршық ішінен 1 - алға секіру, 2 - б.қ, 3 артқа секіру, 4 – б.қ.

7. Бастапқы қалып – негізгі тұрыс, аяқ алшақ шығыршықты қолда және белде айналдыру.

Қатарға тұрғызу

1 мин

1 мин

10 сек

10 сек

10 сек

30 сек

1 мин

1 мин


7 мин


8-10 рет



6-8 рет


6-8 рет


6-8 рет



10 рет


6-8 рет


6-8 реттен



«Түзел»!, «Түк тұр!», «Еркін тұр!».

Оңға! Зал шетімен, алға қадам бас!.

Қол жоғары!, дене түзу!

Қол белге!

Қол шынтақтан бүгулі!

1-3 дейін санал! 1- орн-да, 2-2 қадам, 3 – 4 қадам бас!


Жақсылап майысамыз!


Аяқты алма – кезек ауыстырамыз!


Тізені бүкпе!


Отырғанда майысамыз!



Денені түзу ұста!


Қол белде!



Шығыршықты қадағалаймыз!


Орындарыңа қадам бас!

II - Негізгі бөлім 30 минут

Тапсырманы сырттан бақылап қателікті дұрыстау.


Уақытты бақылау


Оқушылар жұмысын бағалау


Үлгірімі төмен оқушыларға жеке көңіл бөлу.


Жеңімпаз дарды анықтау


Қозғалмалы ойындар:

Ойын шартын түсіндіру, сөзбен жеткізіп көрсету


1.«Атысу» ойынын ойнату. Оқушыларды 2 топқа бөлу. Толығырақ тапсырма № 1


- Балаларды шеңберге тұрғызу, ойын шартын түсіндіріп көрсету.


2. «Түйілген шыт» ойынының шартын толық түсіндіріп ойнату. Толығырақ тапсырма № 2


- Екі жаққа лекке сап түзеу, ойын шартын түсіндіру, көрсету

3. «Достарыңа жәрдем» ойынын ойнату. Толығырақ тапсырма № 3


- Лекке сап түзеу, ойын шартын түсіндіру, екіден орындатып көрсету


4. «Кім жылдам, кім күшті?» ойынын ойнату. Толығырақ тапсырма № 4



3 мин


8 мин


2 мин



5 мин



2 мин


4 мин



2 мин


4 мин


Сөзбен түсіндіріп, көрсету


Қауіпсіздік техникасын және ойынды қадағалау


Ойын тәртібін бақылау




Қауіпсіздік техникасын қадағалау

Қ.Т. Сөзбен түсіндіріп, көрсету


Дене күшіне сай тең бөлу

Ойын тәртібін бақылау



III - Қорытынды бөлім 3 минут

Тәртіпті қадағалау

1.Қатарға сапқа тұрғызу, бағалау, мадақтау, денсаулық тілеу

2. Үйге тапсырма, жотаға жаттығулар


3. Ұйымдасқан түрде бір лекпен залдан шығу, оқушылардың сабақты бағалауы

1 м


2 м


«Түзел»!, «Түк тұр!», «Еркін тұр!»,

Сөзбен түсіндіріп көрсету.

Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!.

Солға!, алға бас!.



Тапсырма № 1. «Атысу ойыны»

Атысу ойыны спортзалда ойналады. Ойынға 10 – 30 ға дейін адам қатысып ойнауға болады. Ойын шарты: Ойыншылар тең екі топқа бөлініп спортзалдың екі жақ бетіне орналасады. Екі топ басшысы шығып, қай топ бірінші боп, доп атуды бастайтынын анықтау мақсатында келіседі. Ойын бастаушы топ бірінші боп, допты қарсыластарына тигізу мақсатында ата бастайды. Одан екінші топ қорғанады және допты алып, оларға қарсы атады. Ойын осылай қыза түсіп, жалғаса береді. Қай топтың ойыншысына доп дәл тисе, сол ойыншы ойынан шығып шетте отырады. Доп тиген ойыншыны ойынға кіргізу тәртібі, тек сол команданың ойыншысы ауадан допты қағып алса, бір ойыншысын қатарына қоса алады. Ойын 2 – 3 доппен ойналады.

Ескеру: 1. Жерге түскен допты алып, ойыннан шығып қалған өз тобының ойыншысын ойынға кіргізуге болмайды.

2. Жерден серпіліп кеп тиген доп, тигенге саналмайды.

3. Екі жақтың ойыншылары сары түсті зонаға кірулерімен аяқ басуларына болмайды!

Ойынның дене тәрбиесіне берер пайдасы: Бұл ойынның берер пайдасы денені тез қыздырады, тыныс алу жолдарын ашады, жылдамдықты, ептілікті, тез шешім қабылдауды арттырады. Ойынды ойнау барысында адамның аяқ, қол, дене бұлшық еттерінің жиырылу жүйесіне пайдалы және тиімді. Сонымен қатар осы ойын білім алушыларға жақсы көңіл күй сыйлайды.



Атысу ойынының алаңы мен ойыншылардың орналасу қалпы.

[pic]











Тапсырма № 2. Ұлттық ойын өзгеріспен «Түйілген шыт»

Жаңа нұсқа

Ескі нұсқа

Ойын шарты: Ойынға 10 – 15 адам қатыса алады. Одан көп болса екіге бөлген жөн. Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Араларынан бір оқушы ортаға шығып, басқа оқушылардың бір – біріне лақтырған үлкен добын қағып алуы қажет. Ал қалған оқушылар допты бір – біріне жылдам беріп ортадағы оқушыға допты ұстатпауға тырысулары қажет. Қай оқушының лақтырған добын, ортадағы оқушы ұстап алса, ол сол оқушымен орнын ауыстырады да ойын осылай жалғаса береді.

Ескеру:

1. Қолдан допты күштеп тартып алуға болмайды.

2. Дәл қасындағы адамға допты беруге болмайды.

Ойынның дене тәрбиесіне бере пайдасы: Ойын барысында жылдамдықты, сезімталдықты дамытады. Ұйымшылдық қасиеттерін оятып ұжымдық сана қалыптасады.

Ойынға ортасынан бір-екі рет түйілген орамал, болмаса шыт керек. Ойынды ымыртта немесе іңір қараңғысында да ойнауға болады. Қара көлеңкеде көрнекті болуы үшін ойынға-ақ орамал қолданылады.

Ойнаушылар өзара келісіп, араларынан біреуін; ойын жүргізуші етіп тағайындайды. Ойын жүргізуші ойнаушыларды маңайына шақырып алады да, өзін қоршап, ынтыға ентелеп түрғандарға қарап бір, екі, үш деп дауыстайды. Осы кезде ойыншылар жан-жаққа тез бытырап кетеді. Ал жүргізушінің өзі қолында түйілген орамалы бар ойыншыны қуалайды, мақсаты: оны ұстап, орамалды алу. Ол қолындағы орамалды оп-оңай алғыза қоймайды.

Қуғыншы жете бергенде қолындағы орамалды қатарласа берген басқа ойыншыға лақтырады, орамалды қағып алған ойыншы оны келесі ойыншыға лақтырады. Осылайша жүргізуші қашан орамалды ұстап алғанша ойын жалғаса береді. Ұсталған ойыншы ортаға шығып, көпшіліктің ұйғаруы бойынша өнер көрсетеді. Өнер көрсету аяқталғаннан кейін түйілген орамалды соның өзі қуалайды, яғни ойын жүргізушіні ауыстырады, ойын осылай жалғаса береді. Бұл ойын жастардың таза ауада демалуларын, денсаулықтарын жақсартып, денелерін сомдаумен бірге, оларды коллектив болып ұйымдаса білуге үйретеді, білгендерін ортаға салуға баулиды. 

[pic]







Тапсырма № 3. Ұлттық ойын өзгеріспен «Жалғыз түрде жаралыларға жәрдем беру» немесе «Достарыңа жәрдем».

«Достарыңа жәрдем»


«Жалғыз түрде жаралыларға жәрдем беру»

Ойын аулада, спортзалда ойналады. Ойын шарты: Оқушылар екі топқа тең бөлініп қарама – қарсы екі жақта лекпен тұрады. Ойын жүргізушінің баста деген белгісінен кейін. Екі топтан қос адам бірін екіншісі арқалап немесе беліне белбеу байлап суырылып шығып спортзалдың екінші жақ беткейіне жылдам баруға тырысады. Барған соң арқалаушы немесе апарушы адам қалып екінші тың адам келесі достарын тасуға жылдам бет алады. Ойын осылай жалғаса береді. Қай топ келесі бетке жылдам достарын бірінші тасып болса, солар жеңіске жетеді.

Ойынның дене тәрбиесіне берер пайдасы:Бұл адамның өз денесін еркін меңгеруіне,ептілікке,күштіліке,қайраттылыққа, жігерлілікке, табандылыққа, тәрбиелеп қол, аяқ күшімен тепе – теңдікті дамытады.

Ойыншылар 2 топқа бөлініп,2 жаққа топтанады. Бұлардың арасы 10-15 метр шамасында болады. Ойыншылар бірінің артына бірі тұру қажет. Содан соң алдында тұрған бала артындағыны жаралыға ұқсатып арқалап немесе көтеріп, қарсысындағы сызыққа апарады. Көтеріп апарған адам сонда қалады да, әлгі жаралы болып барған адам жүгіріп келіп өз тобындағы алда тұрған адамды арқалап немесе көтеріп әкетеді де өзі сонда қалады. Ойын осылай жалғаса береді. Қайсы топ бұрын тасып болса, сол топ ойында ұтқан болады.


[pic]



[pic]



Тапсырма № 4. Ұлттық ойын «Кім жылдам, кім күшті? »

Жаңа нұсқа

Ескі нұсқа

Ұлттық ойын «Кім жылдам, кім күшті? » өзгеріспен

Қазақтың ұлттық ойыны «Кім жылдам». Ойын аулада, спорт залында, сынып бөлмелерінде ойнала береді.

Ойын шарты: Ойыншылар ойынға екі-екіден қатысады. Ортаға шыққан екі оқушы бір-біріне арқасын беріп, оң иық жағымен екі жаққа қарап тұрады. Аяқтарының арасын иықтарының деңгейімен бірдей етіп ұстайды. Осындан соң ойын жүргізуші екеуіне де тең деңгейде, оң жақ өкше тұсына белбеу ұшын келтіріп, 50 сантиметрдей қалың белбеу немесе үлкен доп тастайды да «ысқырып» қалады. Ысқырған кезде кім еңкейіп белбеуді бұрын алса, соның жеңгені немесе екеуіде бірдей ұстап алса, ойыншылар тартыс бәсекесіне түсіп, белгіленген жерге дейін тартысады. Кім белбеуді тартып алса немесе білгіленген жерден асыра тартып әкетсе сол жеңген болып есептеледі. Екі жұптан соң ойынға басқа ойыншылар шығады. Ойын осылай жалғаса береді. Екінші кезекте әр жұптың жеңімпаздарымен арадағы жарыс болады. Ең соңында жеңген екі ойыншы қалады. Сол екеуінің қайсысы жеңіп шықса, сол жеңімпаз атанады.

Ойынның дене тәрбиесіне берер пайдасы: Бұл адамның өз денесін еркін меңгеруіне, ептілікке, күштіліке, қайраттылыққа, жігерлілікке, табандылыққа, тәрбиелеп қол, аяқ күшімен тепе – теңдікті дамытады.

Ежелгі ойындардың бірі — Кім жылдам?. Ойын аулада, спорт залында, класс комнаталарында ойнала береді. Ойыншылар ойынға екі-екіден қатынасады. Ортаға шыққан екі оқушы бір-біріне арқасын беріп, екі жаққа қарап тұрады. Аяқтарының арасын иықтарының деңгейімен бірдей етіп ұстайды. Сонан соң ойын жүргізуші екеуінің аяғының арасына ұзыннан-ұзақ белбеу тастайды да «бір, екі, үш» деп санайды. «Үш дегенде кім еңкейіп белбеуді бұрын алса, соның жеңгені. Бұл адамның өз денесін еркін меңгеріп, тез қимылдауының нәтижесінде жүзеге асады. Ойынға басқа ойыншылар шығады. Ойын жалғаса береді. Екінші кезекте әр жұптың жеңімпаздарымен арадағы жарыс болады. Ең соңында жеңген екі ойыншы қалады. Сол екеуінің қайсысы жеңіп шықса, сол жеңімпаз атанады.




[pic] [pic]








Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 18 мектеп гимназиясы» ММ



[pic]

Конспект жоспарын құрастырушы мұғалім

Бекентаев Нұржан Қабыкенұлы









Қолданылған әдебиеттер

  1. Р.Рақымбек. Жалпы білім беретін мектептің 5 сыныптарына арналған «Әдістемелік құрал» Көкшетау - 2012 жыл

  2. Н.Мамиев., А.Асарбаев. Дене тәрбиесі жүйесіндегі ұлттық ойындар «Оқу құралы» 75 – бет. Қостанай – 2003 жыл

  3. Е.Сағындықов. Қазақтың ұлттық ойындары 124 – бет. Алматы - 1991 жыл

  4. Ж.Холодов., В.Кузнецов. Дене тәрбиесі және спорт теориясымен әдістемесі. Москва - 2006 жыл

  5. Ө.Жолымбетов., А.Құлназаров. Спорт терминдерінің түсіндірме сөздігі «Қазақша - орысша». Алматы – 2009 жыл

  6. Н.Нуралиева. Қазақша – ағылшынша сөздік. Алматы – 2008 жыл











Бекентаев Нұржан Қабыкенұлы


Бекентаев Нуржан Кабыкенович


«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 18 мектеп гимназиясы» ММ



Алтынсарин 1




512683, 87025101678



[email protected]



«ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМІ»

V ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫНА АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ



[pic]