Сабақтың тақырыбы «Спорт әлеміне саяхат»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ашық сабақ
Білім беру саласы: Денсаулық
Оқу іс - әрекеті: Дене тәрбиесі
Тақырыбы: «Спорт әлеміне саяхат»
Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Балаларға спорттық мереке арқылы ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа, батылдыққа баулу.
Керекті құралдар: Ағаш ат, теңге, сырмақ, арқан.

Барысы:
Жүргізуші:- Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның, жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян. Балабақщамыздыңда басты мақсаты болашақ жас ұрпақты дені сау, сымбатты, шыныққан азамат тәрбиелеу.
Бүгін біз керемет, ғажайып «Спорт әлеміне» саяхатқа барамыз. Алдымен әр команда өз достарын жинап алу керек. Жаттығудың аты «Достарыңды жина».
(балалар әуенмен командаларына бөлініп тұрады)

Жүргізуші: - Жарайсыңдар балалар, сендер бір - біріңмен дос, тату екенсіңдер. Осындай достық көңілмен біздер «Спорт әлеміне» тез жетеміз.
«әуен ойналады Тазша бала келеді»
Тазша: Сәлеметсіңдер ме, балалармен үлкендер!

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Тазша бала? Сен қайда асығып бара жатырсың?
Тазша: Маған Таусоғар айтқан, егер де сен мен сияқты барлық қиын жағдайлардан жеңіл өткің келсе спорт әлеміне бар деген.

ЖҮРГІЗУШІ: Уайымдама, біздің балалар да «Спорт әлеміне» бара жатыр, олар саған көмектеседі.
Тазша: Рахмет, бірақ Таусоғар ол әлемге бару үшін алдымен сұрақтарға жауап бересің және жолыңда көп қиындықтар кездеседі соны жеңуің керек деген.
Жүргізуші: Біздің балалар шыныққан, епті, қиындықтан қорықпайды. Солай ма балалар? Саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма?
- Дайынбыз.
Жүргізуші: Ендеше, «Сәлем - сөздің анасы» деген нақыл сөз бар. Екі команда өздерін таныстырып өтсін.

1. Қырандай самғап алысқа,
Ойымыз кетер ғарышқа.
Жарыстан еш қалмаймыз
«Жас қыран» тобы біздерміз.

2. күндей болып күлеміз
Шуақ шашып жүреміз
Шынықтырып денемізді
Ұзақ өмір сүреміз.
Тазша: Балалар, «Спорт әлеміне» баратын жолымыз жеңіл болу үшін Таусоғар беріп жіберген сұрақтарға жауап беріп алайық.

1. Адамның бірінші байлығы не?
2. Доппен ойналатын спорт түрлерін ата?
3. Қазақтың Ұлттық ойындарын ата?
4. Денсаулық туралы мақал - мәтел айт.
5. Қазақстандағы атақты спортсмендерді білесің бе?
Тазша: - Жарайсыңдар балалар! Ендеше «Спорт әлеміне» аттанайық.
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян - қолтық алыспай деп қазақтың ұлттық ойыны бәйгеге кезек берейік.

Ойын «Бәйге»
(әуен ойналады мыстанмен қарақшы келеді)
Мыстан: Қарақшы, қарашы бізге кімдер келгенін?
Қарақшы: - Ой бұлар жаңадан келген балалар. Жақс ы болды ғой, оларды алдап, адастырып жібереміз.
Мыстан: Мәссаған, олармен бірге Тазша бала да келе жатыр.
Тазша: Балалар, біздер жағымсыз әлемге келдік. Абай болыңдар, бұл әлемде сендерді алдап кетуі мүмкін.
Мыстан: Осы сендер қайда бара жатырсыңдар?
Тазша: Біз спорт әлеміне бара жатырмыз.
Қарақшы: Қайда, қайда - дейді? Спорт әлемге? Бұл не әлем?
Жүргізуші: Бұл әлемде біздің балалар спортпен шынығады. Бұл жерде жақсы.
Қарақшы: Жоқ, мен естіп едім бұл әлемде жаман деп. Күнде жаттығу жасап, секіру, жүгірі керек деп.
Мыстан: Спорт әлемге бару үшін тек қана епті, мықтылық керек емес, ақылды да болу керек.
Жүргізуші: Ал, біздің балалар ақылды.
Қарақшы: Қазір біз оларды тексеріп көрейік. Қаншалықты ақылды екен?

(жұмбақ жасырады)
Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі екі қаз.
Қорбады оның нешеуі
Кәне кім шешеді
Бір ағашта бес алма
Қандай тәтті жесе алма
Бесеуірде жеп қойса
Қалады сонда неше алма?
Мыстан: менде жасырайыншы.
Тепсең ақ секіріп,
Ұстатпай қашады
Бір жерге бекініп
Тұра алмай сасады.
«доп»

Қарақшы: Әй, мыстан, мына балалар шыныменде епті, мықты, әрі ақылды екен.
Мыстан: Мен сендерді тағы да сынайын. Менің қоржынымда спорттық және ұлттық құралдар бар. Қайсысы қайсысына жататынын ажыратып беріңдер.
(топ басшылары алып атап береді, ойын ойнатады)
Мыстан: Бәрекелді, сендер епті, мықты, ақылды балалар екенсіңдер. Ал, енді жолдарың болсын.
Тазша бала: Ой, балалар «Спорт әлеміне жақындадық., бірақ жолымызда батпақ бар. Содан өтуіміз керек. Ал қалай өтеміз.
Жүргізуші: Тазша бала қамықпа, біздің балалар бұл сынақтанда өтеді.
Ұлттық ойын «Сырмақпен жарыс»
Тазша бала қуанып - Бәрекелді, жарайсыңдар, жолымызды жалғастырайық. Балалар «Спорт әлемінің қақпасына да жеттік. Қақпаны ашу үшін біз тағы да сынақтан өтуіміз керек сияқты. Есігінде қоржын ілініп тұрекен. Не бар екен ішінде көрейік.
(Тазша бала арқан шығарып, ойынды түсіндіреді.

«Арқан түю» ойыны.
Жүргізуші: Балалар сендер барлық сынақтардан сүрінбей өттіңдер. Сендер бір - біріңмен тату, дос тапқыр, епті, батыл екендіктеріңді көрсеттіңдер. Сол үшін Сендерге мына медальді тарту етемін.
Жарқын, шаттық заман болсын,
Отбасымыз аман болсын.
Сыйластық пен бірлік болып,
Әрқашанда орта толсын!