Жеңіл атлетика 5 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...





Сабақтың тақырыбы: «Жеңіл атлетика»

Төмеңгі сөреден 60 метр жүгіру, орнынан ұзындыққа секіру, кіші допты лақтыру 150 г,500 метр жүгіру.

Мақсаты: Жүгіру, секіру техникасын жетілдіру және дамыту:


1. Білімділік: Төмеңгі сөреден шығу техникасын, қысқа қашықтыққа жылдам жүгіруді жетілдіру, секірудің айла тәсілдерін жетілдіру.кіші допты лақтыру 150 г.

2. Тәрбиелік: Жаттығу барысында адамгершілік қабілеттерін қалыптастыру.

3. Дамытушылық: Оқушылардың үйлесімді қимыл-қозғалысын дамыту..


Күтілетін нәтижесі: Оқушылар жылдамдықты жетілдіреді, күрделі қимыл-

қозғалыстарды қалыптастырады.


Уақыты: ____________ Өтетін орны: Мектептің спорт алаңы.


Сабақтың типі: Оқу үйрену сабағы.

Сабақтың түрі: Практикалық: жаттығулар орындау, жарыс


С/ методикалық жабдықталуы: Ысқырық, жалауша, секундомер.

Сабақтың жобасы:

I. Дайындық бөлімі:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Жүру, жүгіру жаттығулары

3. Арнайы жаттығулар орындау.

II. Негізгі бөлім:

1. 60 м қашықтыққа жарыстырып жүгірту, орнынан ұзындыққа секірту және кіші допты лақтыру150 г,500 метр жугіру.

2. Әдістерді қолдана отырып жарыстар ұйымдастыру.

3. Ережемен жүгіріп, секіру жаттығу жасату..

III. Қорытынды бөлімі:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:




С/б


Сабақтың мазмұны

Уақыты


Ұ.Ә.Н.

1

2

3

4



I.


Дайындық бөлімі

1. Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Қатар бойынша санау. Рапорт қабылдау. Сабақтың мақсат міндетімен таныстыру.

2. Жүгіру: жеңіл жүгіру, тіркеме адыммен, тізені көтеріп, қол алда, аяқты артқа тастап бір аяқта секіру.




15


Оқушылардың спорт формасына, психологиялық атмосферасына көңіл бөлу.

1

2

3

4




Қол төменде, аяқтың сыртқы қырына тигізіп секіру. Қол ортада, аяқтың ішкі қырына тигізіп секіру. Қол артта, өкшеге тигізіп секіру. Жай жүріспен жүру:

аяқ ұшымен және өкшесімен, аяқтың сыртқы және ішкі қырымен , аяқтың өкшесімен ұшына көтеріліп жүру. Адымдап жүру, орында, тоқта бір, екі.


Жаттығулар мен бұйрықтардың дұрыс орындалуына көңіл бөлу.

Сабақ барысында қателерді ескертіп түзетіп отыру.

Жүгірген кезде мұрынмен тыныс алу керек.


ІІ.


Негізгі бөлім

1. Сынып оқушыларын жұп-жұпқа бөліп 60 м жүгірту, нәтижелерін алу.

Сынып оқушыларын іріктеп, төмеңгі сөреден екі-екіден жүгірту. Мұғалімнің «Сөреге» -деген белгісімен, екіден келіп оң немесе сол аяғын (қай аяғы мықты), екі қолдың үш саусағымен сөре сызығына қойып, екінші аяқты 30-35 см артқа тізені жерге тигізіп тұрамыз. «Дайындал» -деген белгіде артқы аяқты тізеден көтеріп жүгіруге дайындаламыз. «Жүгір» -дегенде, екі қолмен және алдыңғы аяқпен алдыға серпіле, артқы аяқты бар күшпен алдыға итеріле көтеріле жүгіреміз. Мәреден өткенше бар жылдамдықпен жүгіріп өту керек.

2. Орнынан ұзындыққа секіру әр оқушының нәтижесін тексеру. Секіру сызығына аяғымызды сәл алшақтап қойып, 1) екі қолды жоғары көтере, 2) еңкейе екі қолды артқа 3) иіле бар күшпен алдыға серпіле секіру.

3. Кіші допты лақтыру 150 г.Әр оқушының нәтижесін тексеру.Сызық бойына дейін жүгіре аяғымызды сәл алшақтап бар күш жігермен кіші допты лақтыру.

4.500 метр жугіру.


Демалу жаттығулары.



25


Мәреге тұру ережесінің сақталуын бақылау.


Екі қол дың, алдыда тұрған аяқпен артта тұрған аяқтың дұрыс тұруын қадағалау.


Сөреден дұрыс шығуын қадағалау.






Секіргенде аяқ сызықтан асып кетпеуі керек



Жүгіріп келіп белгіленген сызыққа серпілетін аяқтың дұрыс қоюын бақылау.



ІІІ.

Қорытынды

1. Оқушыларды сапқа тұрғызу, бағалау.

2. Үйге тарсырма беру.

3. Сабақ аяқталды сау болыңдар.



5

Оқушылардың жетістіктерін, кемістіктерін ескере отырып бағалау.

Кермеде тартылу




«Ақжар орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Ашық сабақ: 5 а - сынып оқушылары


«Жеңіл атлетика»


«60м жүгіру,орнынан ұзындыққа секіру,кіші допты лақтыру 150 г,500 м жүгіру»






Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Нұрбаланов.А.Н






2015-2016 оқу жылы