Әкем, шешем және - мен.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі

Мемлекеттік мекеме

«№32 жалпы орта білім беретін мектеп»




«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ»


аясында өткен


«ӘКЕМ, ШЕШЕМ ЖӘНЕ МЕН» отбасылық спорттық сайыс


[pic]


Дене шынықтыру әдістемелік бірлестігі

Өткізген: Бураханов А.С.









Семей қаласы, 2016 жыл



Тақырыбы: «ӘКЕМ, ШЕШЕМ ЖӘНЕ МЕН»

отбасылық спорттық сайыс

Қатысушы:  3 сынып оқушылары мен ата — аналары

Мақсаты:  Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Түрі:  отбасылық спорттық сайыс

Құрал – жабдықтары:  эстафеталық таяқшалар, секіртпелер, кеглилар, секіртпелі доптар, қағаз, қалам.

Өтілу барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Негізгі бөлім.

Қадірменді спорт сүйер қауым! Бүгінгі оқушылар мен   ата-аналары арасында өткізгелі отырған «Әкем, шешем және мен» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына  Жолдауын іске асыру шеңберінде халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың ата – аналарын дене шынықтыру мен спортқа үгіттеу, спортпен айналысып балаларымен бірге белсенді уақыт өткізу мақсатында өткізіліп отырған спорттық байқауымызды ашық деп жариялаймыз.

Отбасылардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 4 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір ата-аналарымыздың қолынан келеді. Біз әр топ отбасыларына  сәт сапар тілейміз!

[pic]

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң,

Отбасыларымызды шақырамыз.

(әр отбасы орындарына келіп тұрады)



  1. Кабидоллаевтар отбасы

  2. Қоңырғазиевтар отбасы

  3. Айлиндер отбасы

4. Асқаровтар отбасы 



Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызды бағалап, төрелік айтар   әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

  1. Қымбат Боранғалиқызы – даярлық топ сыныбының тәрбиешісі

  2. Гүлнұр Қайнарбекқызы – мектеп психологы

  3. Айнұр Нұрланқызы – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.

Сайыстың бағдарламасы 5 турдан тұрады:

1-тур: «Эстафета»

2-тур: «Үлкен доппен секіру»

3-тур: «Отбасынды бейнелеу»

4-тур: «Секіргішпен секіру»

5-тур: «Отбасылық эстафета»

Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді.

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәттілік тілейміз!

Сайысқа қатысушыларға көтеріңкі көңіл – күй, батылдық, жеңіс тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.

[pic]



1-тур: «Эстафета»

Шарты: Әр отбасы мүшелері кедергі арасымен жүгіре отырып, қолындағы  эстафеталық таяқшаны бір-біріне беру.

[pic]



2-тур: «Үлкен доппен секіру»



Шарты: Әр отбасы  мүшелері кедергілер арасымен үлкен доптармен секіріп өту.

[pic]

  • Сәт сапар!

  • Жақсы! Керемет! Әділқазылар алқасы қалай сіздерді бағалайды екен?!



3-тур: «Отбасынды бейнелеу»

Шарты: Сайыскерлер кедергілер арасынан айнала өтіп, отбасыларын бейнелеп болғаннан кейін кері қайту.

  [pic]

4-тур: «Секіргішпен секіру»

Шарты:  Сайысқа қатысушылар секіргішпен кедергілерді айнала өтіп, кері қайту.

  [pic]

5-тур: «Отбасылық эстафета»



Шарты:  Ойынға төрт отбасы мүшелері қатысады. Алдымен топ басшысы – әкелер кедергілер арасымен жүгіріп, екінші айналымда аналарын ертіп қол ұстасып жүгіріп келіп, үшінші айналымда балаларын ертіп мәреге бірінші жету.

  • Рахмет!

  • Әділқазылар алқасы сіздердің бағаларыңыз!

 

III. Қорытынды бөлім.

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей,

Тараса бізге жарады.

Олай болса, құрметті сайысқа қатысушы ата-аналар, балалар, сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Біздің әділқазыларымыз барша турдың қорытынды бағасын есептеп шығарғанша, сіздерге мектеп оқушыларының ән шашуын ұсынамыз:

«Жаса, қазағым» әні.

Орындаушылар: Ермекқалиев Дамир, Тілекқабылов Мейірбек.

 

Таңданайық, спортқа тамсанайық,

Бәріміз де қосылып, қол соғайық.

Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін,

Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! — дей келе,  сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер отбасыларды мадақтау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Жеңімпаздарды марапаттау.

(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

Бас жүлде – Қабидоллаевтар отбасы

І орын – Айлиндер отбасы

ІІ орын – Қоңырғазиевтар отбасы

ІІІ орын – Асқаровтар отбасы

Әділқазылар алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Отбасыларды дипломдармен марапаттап, демеушілер сыйлықтар табыстайды.

Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,

Осымен спорттық сайысымыз аяқталды.

Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар! [pic]

[pic]

[pic]

[pic]