Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойын «Тоғыз құмалақ»
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:Оқушылар арасында тоғызқұмалақ ойынын насихаттау және оларды тоғызқұмалақ ойынына үйрету.
Дамытушылық: Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ойлау
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ұлттық ойындарға
деген қызығушылығын арттыру және өз елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, аралас
Сабақтың әдісі: сыни тұрғысынан ойлау
Сабақтың көрнекілігі:
Тоғызқұмалақ тақтасы,құмалақтар,суреттер
Пәнаралық байланыс: математика, тарих
Күтілетін нәтиже: Оқушылар ұлттық спорт түрлерін ажыратады.
Тоғызқұмалақ ойыны туралы толығырақ танысты
Тоғызқұмалақ ойынының ережелерін біледі.
Жұптық, топтық жұмыс жүргізе алады.
Сабақтың барысы:
І Қызығушылығын ояту . Топтастыру
Арқан тартыс
Тоғызқұмалақ Қазақтың ұлттық ойындары Қазақша күрес
Теңге алу Көкпар Асық ойындары
Ойын ережесі:
Жүріс жасау ережелері Тоғызқұмалақ ойыны Ойынды жазу жүйесі
ІІ.Мағынаны тану
Тоғызқұмалақ
Өте қызық әрі терең ойлауды талап ететін, халықымыздың даналығын көрсететін ұлттық ойындардың бірі –тоғызқұмалақ. Халқымызбен бірге жасап келе жатқан тоғызқұмалақ ойыны қазір кең тарап, дамып, жетіліп келеді. Көшпелі халықтың өмірінде бүтін сандардың төрт амалын есептен шығару осы тоғызқұмалақ ойыны арқылы қалыптасқан. Сондықтан да бұл ойын “малшы математикасы” деп аталған. Шындығында бұрын далада кездесе кеткен екі малшы осы ойындағы “қазан” мен “отауды” орынын жерді шұқып оя қойып, дорбаларында жүрген қойдың кепкен 81 құмалағын әр отауға тоғыз тоғыздан бөліп салып, бірден ойнай беретін болған. Тоғызқұмалақ ойыны қай кезде шығып, қалай қалыптасқаны қазірше белгісіз. Ал, негізінде Қазақстан жеріндегі тастардың немесе төбенің үстінде тегіс тастың бетіне ойып салынған тоғызқұмалақ тақтасы бейнесінің қазіргі дейін сақтаулы бұл ойынды халқымыз көне замандарда-ақ ойынағанын аңғартады. Мәселен, Қаратау қаласына таяу жердегі Ақшұқыр деген тас төбенің үстіне тоғызқұмалақтың отаулары мен қазандары қашап ойылған.
Тоғызқұмалақ ойынының өзіне тән басты ерекшелігі-ол аса күрделі жабдықтарды қажет етпейді. Сондықданда ертеректе ойыншылар кезектескен бетте жерде кішкентай шұңқырлар қазып, ойын тақтасын дайындай қойған. Барлық құмалақты салатын шұңқырды-қазан, тоғыз-тоғыздан құмалақ салатын шұңқырды отау деп атаған. Бүгінгі таңда дүние жүзінде зияткерлік ойындарды дамыту, өркендеу маңызды шаралардың бірі болып саналады. Тоғықұмалақ ойынын қазіргі заманның жастарына үйретуді негізгі мақсат еткен басты себебім, тоғықұмалақ зияткерлік ойынға жатады. Тоғықұмалақ ойынын дамытуға себеп болған тағы бір жайт, 21-ғасырдың талаптарына сай ұлтымыздың болашағы-жас ұрпаққа тоғызқұмалақ үйрету-олардың бойында сабырлықты, төзімділікті, ойшылдықты, есептегіштік пен үнемшілдік қасиеттерін қалыптастыру екені анық. Бұл қасиеттер дамыған елдер қатарына қосылатын мелмекеттің өкілімен деген әр азаматтың бойынан табылу керек. Тоғызқұмалақтың ойынын ертеде орда деп атаға.
Бабаларымыз ұлттық ойындағы отауларды төмендегіше атаған.
Арт – деп атаған, себебі ойынның арты
Тектұрмас- онда құмалақ көп жатпайды
Ат өтпес – ешқашан айырылмайды
Атсыратар –осы отаудан басталғанда құмалақ тез таусылады
Бел – нағыз бел орта
Белбасар – бұл отаудың құмалағы, қарсы жақтың беліне дәл жетіп жатады
Қандықақпан - есептен жаңылдыратын қауіпті отау.Бұл отаудағы тұздық позицияда үлкен осалдық тудырады
Көкмойын –бұл отауды алқым деп атайды
Маңдай – ойынның маңдай алды отауы деп есептеген
Ойын ережесін түсіндіру.
Тұздық алу тәртібі.
Ойынды жазу жүйесі.
Зерттеу шеберханасы стратегиясы
І топ: Сұхбат (Сұрақ дайындап, сұхбат алу)
ІІ топ: Эссе жазу (Шығарма жазу.)
ІІІ топ: Сөзжұмбақ құрастыру.
IV топ: Кітапханамен жқмыс.
(газет, журналдардантоғызқұмалақ ойыны туралы мақала жинау).
ІІІ. Ой толғаныс. Категориялық топтастыру
Ойын ережесі Ұлттық ойын
Құмалақ Тақтасы
Ойынның құрылымы Қандай ойын
Тоғызқұмалақ
Ойынның ерекшеліктері
Тұздық Атсырау
Бағалау:
Күнделікпен жұмыс
Үйге тапсырма беру
Тоғызқұмалақ ойыны