Сабақтын тақырыбы: «Кел ойынаймыз!»
Сайыстың түрі: Спорттық зияткерлік эстафеталық ойын.
Қатысушылар: 7 оқушыдан қүралған 3 топ, бір сыныптан үш қыз бала, төрт ұл бала және сынып жетекшісі қатысуы міндетті.
Мақсаты: Оқушылардың зерделігі мен ептілігін бақылай отырып, салауатты өмір салтын насихаттау және зияткерлі тұлғаны қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: Денешынықтыру, ана тілі, дүниетану және математика.
Жабдықтар мен құралдыр: Гимнастикалық орындықтар,nобруч, доптар, секіргіш, ысқырық, секунда санағыш және А4 форматы.
Топтарға қойылатын талаптар: Спорттық киім, топ ұраны, топ эмблемасы.
Әділқазылар алқасымен таныстыру.
Сайыскерлер өз топ аттарымен, ұрандарымен таныстырады.
1-айналым «Математик»
Мақсаты: оқушылардың тапқырлығымен, жылдамдығын бақылау.
Ережесі:
• Үш топтың ойыншылары, есепті дұрыс шығару;
• Қай топ есепті дұрыс шығарып, эстафетаны бірінші аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді.
Тапсырма:Топтың бірінші ойыншы алға сөреден шығады,шапшаң баскетбол добымен кедергілер арқылы жүгіріп, өтуге тиісті,обручті аяқтан бастап бүкіл денеден өткізу қажет. Зияткерлі тапсырма:
Берілген есептерді дұрыс шығар10 -4 =? 20+12=?……………..
А4 қағаздағы есептің дұрыс жауабын жазу керек.
2- айналым «Тапқыр»
Мақсаты: оқушылардың зерделілігімен, тапқырлығы, шап-шаңдығын бақылау
Ережесі:
• Әрбір топ берілген өлеңнің авторын табу кажет .
• Зияткерлік тапсырманы аяқтағанда ойыншылар сол жолмен өз орындарына жылдам қайта оралу қажет.
• Қай топ тапсырманы дұрыс орындап, бірінші мәреге жетсе сол топ жеңіпаз деп есептеледі
Спорттық тапсырма:топтың бірінші ойыншы алға сөреден шығады шапшан жүгіріп гимнастикалық орындыққа жатып ішпен сырғанап өтуге тиісті және секіргішпен жүгіріп өтіп берілген өлеңнің авторын табу .
3 –айналым «Сурет салу»
Мақсаты: оқушылардың зерделілігімен, тапқырлығы арқылы сурет салун бақылау
Ережесі:
Әр бір топ мүшесі өз сурет таңдайды салу көз байлаулы.
Спорттық тапсырма: ойыншылар тізбектеп тұрып бірінші ойыншы сөреден шығып екі бөлік картон қағазды аяқ астына төсеп жүруі керек және ойыншы гимнастика орынды атап өтуге тиісті.
Интеллектуалдық тапсырма: көз байлаулы сурет салу.
4- Айналым аты «Ойлан тап»
Мақсаты: оқушылардың зерделілігімен, тапқырлығы арқылы елсүйгіштігін қалыптастыру
Ережесі: үш топ тізбектеліп сөреден шығады. Бір бірінің белінен ұстап гимнастикалық орындықтан аттап өтіп, тосеніш үстінде тіземен жүріп алдындағы орынықтан маркерді алу қажет.
Зияткерлік тапсырма: бірігіп түрып қабырғада ілінген мақал жалғасын табу. Тапсырманы аяктаған кейін өз орындарына қайта, тізбекпен оралу қажет. Тапсырманы бірінші аяқтаған, мәреге бірінші боп жеткен топ жеңмпаз деп есептеледі.
5- Айналым аты «Қорытынды»
• Әділ қазылардың шешімі шыққанша әр топ қара жорға биін билейді.
• Марапаттау қезеңі: Сайысқа қатысушылар ортаға шығады, мақтау қағаздары мен марапатталады.