7 сынып 15.12.2016ж
Тақырыбы: Өрмекшітәрізділердің құрылысы, тіршілік ету дағдысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өрмекшітәрізділер класымен таныстыру.Өрмекшілердің құрылысымен, тіршілік ету дағдысы туралы ойларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға,тапсырмаларды жылдам
орындауға,адамгершілікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Типі: жаңа материалды меңгерту.
Түрі: шығармашылық сабақ,
Әдісі:зерттеу, салыстыру, талдау, сұрақ – жауап.
Пәндік байланысы: география,ағылшын,тарих
Көрнекілігі: слайд түрлері, видио,суреттер,кесте,жұмбақтар т/б
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.Оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық
Бүгінгі сабығымызды жақсы көңіл күймен өткізу үшін бір-бірімізге сәттілік тілейік.
І қатар: Сәлем! Бәріңе сәттілік тілейміз!
ІІ қатар: Привет! Всем удачи!
ІІІ қатар: Hello! Gud lak!
Үй тапсырмасын тексеру. Биологиялық шытырман ойыны.
1.Шаяндарда зәр шығару мүшесі басында орналасқан ия
2.Шаянның ұрығы жұмыртқа деп аталады жоқ
3.Тыныс алу мүшесі демтүтік
4.Өзен шаянының денесі бас, көкірек, құрсақ жоқ
5.Шаянның зәр шығару мүшесі екі жасыл жұп без ия
6.Бес жұп жүретін аяғы бар ия
7.Көзшелері жинақталып көреді ия
8.Дара жынысты ия
9.Теңіз,мұхит, көлдерде тіршілік етеді ия
10.Көзшелерінің саны 3020 ия
11.Денесі хитинмен қапталған ия
12.Екі қысқа мұртшалары тепе-теңдікті ,есту қызметін атқарады. Ия
13.Жүрегі бес бұрышты ия
14.Планктон –су астындағы тірі ағза жоқ
15.Екі жұп мұртшалары бар ия
16.Жүйке жүйесі нашар дамыған жоқ
17.Ең кішкентай шаян дафня, циклоп ия
18.Шаянтәрізділерде 25 000 түрлері бар ия
19.Екі ұзын мұртшасы сипап сезу,иіс сезу мүшесін атқарады ия
20.Ең ірі шаян циклоп жоқ
21.Қан тарату жүйесі тұйық жоқ
22.Шаянның 20 жұмыртқа салады жоқ
23.Төрт жұп қысқышы бар жоқ
Жаңа сабақ. Жұмбақ шешу. 3 тілде айту:
Өзі кілем түріндей,
Құдды қырдың гүліндей.
Гүлге қона кетеді,
Айырмасы білінбей (көбелек- бабочка- butterfly)
Кішкене ғана түйме тас,
Атан түйе тарта алмас. (Кене – клещ- tick)
Ызыңдап ән салып,
Жұп-жұқа қанаты.
Тәттіге тамсанып,
Қоқысқа қонады. (Шыбын- муха- Fly)
Ұзын-ұзын ұзардай,
Ұзыннан аққан сулардай.
Ағаш атқа мінгізіп,
Ұзартып қойған мұнардай. (Өрмекші- паук-spauder)
Буынаяқтылар типі
Шаянтәріздестер Өрмекшітәрізділер Бунақденелілер
Баскөкірек,құрсақ
Қоректенуі
шыбын,көбелек,өсімдік бітісімен, қоңыздармен қоректенеді
Аяғы
Екі күйіс аяғы, 4 жұп жүретін аяғы бар
Көзі
8 жәй көздері бар
Өрмек сүйелдері
3 жұп өрмексүйелдері бар
І жұп: Берік те жуантық өрмек
ІІ жұп: Қорегін аулайтын жабысқақ өрмек
ІІІ жұп: Пілдеге жұмсалатын нәзік жіп тәрізді өрмек
Тыныс алу
Өкпе қапшықтары, демтүтік,терісі арқылы тыныс алады
Қанайналым
Ашық, қаны түссіз
Зәр шығару
Сатанбез және мальпиги тамырлары арқылы зәр шығарылады.
Жүйке жүйесі
Жақсы дамыған, үлкен жүйке түйінін құрайды.
Көбеюі
Дара жынысты, 1000-ға жуық жұмыртқа салады.
Өрмекшітәрізділер класы
.
Өрмекші ұшатын бунақденелілер: шыбын, көбелек, өсімдік бітісімен, сондай-ақ әр түрлі қоңыздармен қоректенетіндіктен, жыртқыш жәндік болып есептеледі. Қорегін аулау үшін өрмекші құрсағының ұшындағы үш жұп өрмек сүйелдерінен бөлінетін жіп тәрізді бөлінді мен өрмек-ау тоқиды. Өрмек сүйелдерінің бір жұбынан – берік те жуантық өрмек; екінші жұбынан – қорегін аулайтын жабысқақ өрмек; үшінші жұбынан пілдеге жұмсалатын нәзік жіп тәрізді өрмек шығады.
Аулаушы торды аналық өрмекші тоқып әзірлейді. Өрмекші ең алдымен жуантық өрмектен көпбұрышты жақтау дайындап, одан аулаушы тордың тармақтарын созып, бірімен-бірін түйістіру арқылы өрмекау жасап шығады. Ауға түскен қорегін өрмекші өрмекаудың ортасынан созылған хабаршы жіптің қимылынан сезеді. Өрмекауға түскен шыбын бұлқынған кезде хабаршы жіп тербеледі де, өрмекші жасырынып жатқан жерінен қорегіне қарай ұмтылады.
[pic] [pic] [pic] [pic] [pic]
Қазақстанда мекендейтін өрмекшітәрізділер
Бүйі-шөл және шөлейт аймақтың өзен аңғары мен сайларында ,кейде орманда тіршілік етеді.жаздың соңғы айларында аналық бүйінің уы күшейеді,бүйі жұмыртқа арқылы көбейеді.
Қарақұрт-ықтырмашы тұқымдастарға жататын улы өрмекші.Қарақұрттың аналығы аталығынан ірі болады-тұрқы 1-2 см,-қара,құрсақ бөлігінің үстіңгі жағында қызыл ноқаттар көзге бірден шалынады.қарақұрт мамыр –шілде айларында көбірек шығады.
Қыршаян—20см жетеді.денесі 2 бөліктен :баскөкірек және құрсақтан құралады.қыршаян құйрығын қатты сермеп,улы шаншармен жемін өлтіреді.ауыз бөлігінде кішірек қысқышты күйісаяқ және үлкен қысқышты тұтқыаяқтар болады,солар арқылы қорегін аулап,ұстап жейді.өрмекшітәрізділердің көптеген түрлері кездеседі.
Әлемдегі ең алып өрмекші
Алғашқы түрін 1804 жылы француз энтомологы Латрейл жазып алған.
Сол түрге жататын екі жастағы бұл өрмекшінің құлашы 28 сантиметр болса, салмағы 170 грамды құрайды. Дегенмен мұндай түрлері жеке коллекцияларда да жиі кездеседі. Олардың көбеюі көп уақытты қажет етеді. Оның үстіне Терафоза Блонда өрмекшісін өзі мекен етіп жатқан жерден басқа жерге көшіруге қатаң тиым салынған.
Бұл ең үлкен өрмекші түрін 1965 жылы Венесуэлада экспедиция мүшесі Пабло Сан Мартин тапқан. Бұл өрмекші табанының құлашы 28 сантимерге жеткен. Бұл өлшеммен түстік астың тәрелкесін толық жауып қалуға болады.
Өрмекшілердің мұндай түрлері тек Суринами тропикалық орманына жақын жерлерден және Гайана мен Француз Гвинеясында ғана кездеседі. Бірақ осыған ұқсас түрлері Венесуэла мен Бразилияда да тіркелген.
Бұл тіршілік иелері тор жасап алып, терең індерде мекен етеді. Ең алып өрмекшілер кесіртке, құрбақа, бақа, тышқан аулап жеуге өте епті. Тіпті олардың кішкентай жыландарға да шабуыл жасауға батылы жетеді.
Видио : Түкті бүйі
Бекіту тапсырмалары:
Кесте толтыру
1.Денесі, баскөкірек, құрсақ 2. Хитинді жабын
3. Екі мұртшасы бар
4. Мұртшалары жоқ
5. Жүру аяғы бес жұп
6. Жүру аяғы төрт жұп
7. Көздері күрделі
8. Көздері қарапайым
9. Тыныс алуы-желбезек
10 Тыныс алуы-демтүтік
11. Құрсағында аяқтары бар
12. Құрсағында аяғы жоқ
13. Зәр шығаруы-жасыл без
14. Зәр шығаруы-мальпиги түтігі
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
Шаянтәрізділермен өрмекшітәрізділердің дене құрылысын салыстыру.
дене құрылысы
Тыныс алуы
Зәр шығаруы
Тіршілік ортасы
Қан айналым
көбею
Шаян
баскөкірек, құрсақ
Желбезек
жасыл без
су
ашық
Дара жынысты
Өрмекші
баскөкірек, құрсақ
демтүтік
мальпиги түтігі
құрлық
ашық
Дара жынысты
Қорытынды:
“ой қозғау”стратегиясы
1.Қарақұрт шаққанда не істеуге болады?
2.Шаршылы өрмекші қалай қоректенеді?
3.Өзің тұрған жерде өрмекшітәрізділердің қандай түрі тіршілік етеді?
Үй тапсырмасы:
1.Өрмекшітәрізділер класы.
2.Өрмекшінің суретін салу, құрылысын жазу.
3.Өздерін турған жерде кездесетін өрмекші туралы мағлұмат жинау.
М. Тәжин атындағы орта мектеп
Тақырыбы:
«Өрмекшітәрізділердің құрылысы,
тіршілік ету дағдысы»
Биология /7 сынып/
Өткізген: биология пәнінің мұғалімі: Ж .Балмұрат
Мөңке би ауылы
2016ж