Разработка внеклассных мероприятии Жас туристер сайысы (8-9 классы)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Кенен а.

БЖШО №1





Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.




Аудандық семинары.




Тақырыбы: «Жас туристер сайысы».




Өткізген: дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е.К.Кистаубаев








қазан айы. 2015-2016 оқу жылы


Сабақтың мақсаты: 1. Жастарға және оқушыларға салауатты өмірді насихаттау.

2. Қордай ауданында спорт туризмін дамыту.

3. Экологиялық тәртіппен және қоршаған ортамен таныстыру.


Өткізу орны: Масаншы ауылы, Қарақоңыз қорығы, «Су-Алма» сайы.


Сабақ түрі: жарыс.


Құрал-саймандар: арқан, карабиндер, ілмектер, компас, қаптар, шатырлар.


Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі – 30 мин.


Орындарға орналасу, құрал-саймандарды дайындау, оқушыларды қауіпсіздік нұсқауларымен таныстыру, жарысқа дайындалу.


ІІ. Негізгі бөлім – 120 мин.

1. Салтанатты сап:

- Сапқа тұру, сәлемдесу, сыртқы киімдерді тексеру.

- Ұрандарды орындау, белгілермен(эмблема) таныстыру.

- Саптық дайындық ( оңға, солға, айнал).


  1. Жарыс бөлімі:

  • Шатыр құру;

  • Қапты жинастыру тәртібі;

  • От жағу (уақытқа);

  • Көкжиектің тұстарын анықтау;

  • Азимут бойынша қозғалу;

  • Түйіндерді байлау және әр түйінге сипаттама беру;

  • Батпақты жерлерден өту тәртібі;

  • Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету;

  • Аспалы өтпеден өту;

  • Жартасқа вертикалды жақтаумен көтерілу;

  • Тежеуіш сегіздікпен вертикалды жақтаумен түсу;

  • Туристік әндерді орындау.


ІІІ. Қорытынды бөлім – 30 мин.


Сапқа тұру, жарыстың нәтижесін оқушыларға хабарлау.

Жеңімпаздарды марапаттау.

Ауылдарына қайту.