№1 Алға мектеп-бақша
Ашық сабақ
[pic]
6сынып
Өткізген: дене шынықтыру пәні мұғалімі Алтыбаева Б.Б.
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Бір орында тұрып қосаяқтап ұзындыққа секіру.
Мақсаты:
Білімділік: Аяқты бүгіп ұзындыққа секіру техникасын үйрету.
Дамытушылық: Аяқ, қол бұлшық еттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Адамгершілік қасиетті сезіндіру, бір - бірін құрметтеуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: ысқырғыш, өлшеуіш.
Сабақ барысы:
Дайындық бөлімі :10-12мин:
1. Сапқа тұрғызу. Рапорт беру. Сәлемдесу. Сабақ мақсатымен таныстыру (1мин. 30 сек.) Оқушылардың сыртқы келбетіне мән беру.
2. Саптағы жаттығулар: солға, оңға, кері – айнал (30сек.) саптағы жаттығуларды 1 - 2 есепте орындау.
3. Алға адымдап бас(30сек.) ара қашықтық 1 метрден. Спорттық жүріспен желе жүру(30сек.) қол шынтақтан бүгулі.
4. Жүгіру (бір қалыппен сапты бұзбай жүгіру, 2мин.)
5. Спорттық жүріске көшу(30метр, қол дене қапталында).
6. Жәй жүріс(30метр ара қашықтықты сақтап жүру).
1) тыныс алу жаттығуларын орындау: 1 – 2 қолды екі қапталмен көтеру. 3 – 4 түсіреміз(25метр, қолды көтерген кезде демді ішке тартамыз, түсірген кезде демді шығарамыз. Тоқтаймыз. 1 - 2 - 3 санға саналамыз.
7. Орында тұрып қыздырыну жаттығуларын орындау.
Б. т. аяқ йық деңгейінде қол белде тұру.
Басты алға еңкейту, 2 - б. т 3 - басты арқа еңкейту 4 – б. т 5 - сол қапаталға 6 - б. т 7 - оң қапталға 8 - б. т(4рет, арқаны тік ұстаймыз, йықты көтермейміз).
2) Б. т. аяқ йық деңгейінде қол қапталда тұру. 1 - 4 – білекті айналдыру. 5 - 8 – шынтақтан айналдыру(2 рет алға, бір қалыпты орындаймыз). 9 - 12 - йықтан айналдыру
3) Б. т. аяқ йық деңгейінде қол кеуде деңгейінде( екі рет артқа, артқа сермегенде жауырын бір - біріне тию керек).
1 - 2 бүгулі қолды артқа серпу, 3 - 4 жазулы қолды серпу( 5, 6 рет, Қолды бүкпейміз оң қапталға бұрыла, сол қапталға бұрыла орындаймыз).
4) Б. т. аяқ йық деңгейінде қол йықта тұру. 1 - оң аяққа, 2 - ортаға, 3 - сол аяққа еңкею, 4 – б. т.(7 - 8рет, тереңірек еңкейеміз, аяқ бүгілмейді).
5) Б. т. аяқ йық деңгейінде қол алда жоғары ұстап тұру. 1 - қайшылап сол аяқты оң қолға көтеру, 2 - б. т. 3 - қайшылап оң аяқты сол қолға көтеру. 4 - б. т.(5 - 6 рет, Аяқты көтерген кезде тізені бүкпеу, биігірек көтеру, денені бүкпеу).
6) Б. т. сол аяқ алда бүгулі қол тізеде жартылай отыру. 1 - 2 серпіліп отыру сол аяққа 3 - 4 оң аяққа(5 - 6рет, тереңірек отыру).
7) Б. т. аяқ йық деңгейінде қол артта тұру. 1 - 4 оң аяқпен сол бағытта секіру. 5 - 8 сол аяқпен оң бағытта секіру(4 - 5рет, арқаны тік ұстаймыз).
Негізгі бөлім: 20-27мин.
Бір орнында тұрып қосаяқтап ұзындыққа секіру тәсілдерін көрсету, үйрету.
Дайындық жаттығуларын орындау.
Ұзындыққа секіру кезінде оқушылардың іс-әрекеттерін бақылап тұру. Бір орнында тұрып қосаяқтап ұзындыққа секіру үшін ,белгіленген сызыққа
тұрып, екі аяқты бүгіп, бір-біріне жақын қоямыз, содан соң қолды алдыға артқа сермеу арқылы орнымыздан ұзындыққа секіреміз. Секіру кезінде алдыға қарай еңкейе секіру керек екендігін ескеру.
Сап бойынша кезекпен ұзындыққа секіру. Бағаға секіру.
Қорытынды бөлім: 5мин.
Сапқа тұрғызу. Тыныс алу жатттығулары.
Қателіктерін дұрыстау.
Үйге тапсырма беру.