« №39 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
АШЫҚ САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ:
«Допты оң және сол қолмен
алып жүру»
Тиыштыкбаев Айдос Даулетбекович,
дене шынықтыру пәні мұғалімі
Семей
Дене шынықтыру сабағының
5 «Д» сынып оқушыларына арналған
Жоспар-конспект
Бөлімі: Баскетбол
Сабақ тақырыбы: Допты оң және сол қолмен алып жүру
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: баскетбол ойынының әдіс-тәсілдерін, техникасын үйрету, допты оң және сол қолмен алып жүру амалдарын жетілдіру.
2. Дамытушылық: ептілік, икемділік, төзімділік қасиеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу.
Өткізу орны: спорт залы
Құрал-жабдықтар: баскетбол доптары, ысқырық.
Кіріспе бөлімі
1.Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сәлемдесу , түгендеу. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауды ескерту.
Саптағы жаттығулар. Оңға,солға, артқа бұрыл.
2. Жүру жаттығулары.
Қолды жанға созу, алға созу, жоғары созу аяқтың ұшымен
Қол белде аяқтың өкшесімен
Қол желкеде табанның сыртқы қырымен жүру.
Қолды алға созып жартылай отырып жүру.
Қолды желкеге қойып толық отырып жүру.
3. Жүгіру жаттығулары.
Алаңды айнала жүгіру
Оң жақ бүйірмен қолды жоғары көтере жүгіру.
Сол жақ бүйірмен қолды жоғары көтере жүгіру.
Ирек жүгіріс.
Алаң ортасынан бір қадам жанға артқа қарап жүгіру.
Алаң ортасынан бір қадам жанға алға қарап жүгіру.
Шапшаңдыққа жүгіру
Алаңды белгіленген сызық бойымен оң және сол аяқпен екі жаққа серпіле жүгіру.
Сызық бойымен екі жаққа қос аяқпен серпіле жүгіру.
Екі аяқпен белгіленген сызықты баса аяқтың ұшымен секіре жүгіру.
Оң және сол бүйірмен аяқты қайшылай жүгіру.
Жүру.
Дем алу жаттығуларын жасау.
4. ЖДЖ
Алаң ортасымен екі топқа бөліну
Б.қ. Аяқ иық деңгейінде басымызды алға, артқа, оңға, солға иеміз (1-4санға)
Б.қ.қолымыз иықта алға 4 рет, артқа 4 рет толық айналдырамыз.
Б.қ. Саусақтар айқасулы кеуде тұста 1-қол алға созамыз. 2- Б.қ. 3- қолды жоғары созамыз аяқтың ұшына тұрамыз. 4- Б.қ.
Б.қ. оң қолды сол иыққа қойып сол қолымызды артқа , алға 4 санға толық айналдырамыз. Жаттығуды оң жақ қолмен қайталаймыз.
Б.қ. қол белде 1- аяқ алшақ қолдар иықта , 2- аяқ бірге қолдар жоғары. 3- аяқ алшақ қолдар иықта. 4- Б.қ.
10-15 мин.
1-2 мин
0,5
0,5
0,5
0,5
0,5
1,2
1,2
1,2
1,2
1,2
1,2
1,2
1,2
1,2
0,5
4 рет
4 рет
4 рет
4 рет
4 рет
Оқушылардың көңіл күйіне назар аудару.
Бұйрықты дұрыс орындау.
Денені тік ұстау, арақашықтықты сақтау.
Аяқ тізеден бүгіледі.
Жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалау
Сызықты баспау керек
Қайшылап жүгіру жаттығуын дұрыс орындау
Жаттығуды санақ бойынша орындау.
Шынтақты бұкпей айналдыру керек.
Санға ілесе дұрыс орындау керек.
Негізгі бөлімі
Допты беру және қағып алуды үйрету
Допты жоғары лақтырып қағып алу.
Допты алып жүру әдісімен жүру, жүгіру.
Допты оң және сол қолмен алып жүру
3. Допты қашықтықта бір – біріне беру.
Допты екі қолмен көкірек тұсынан беру.
Допты екі қолмен иық тұсынан беру.
Допты еден арқылы екі қолмен беру.
Допты әртүрлі қашықтықта себетке лақтыру.
Ықшамдалған ережемен қозғалмалы ойын.
20-25 мин
Көрсетілген жаттығуды дұрыс орындау.
Допты дұрыс қабылдап беру.
Шапшаң қимылдап ойнау керек
Қорытынды бөлімі
Сапқа тұрғызу. Зейін қою жаттығулары.
Сабақты қорытындылау, бағалау.
Үйге тапсырма. Оқушылармен қоштасу.
5 мин
Түзу еркін тұру.
Ескертулер.
Жаттығуларды қайталау.
Дене шынықтыру мұғалімі Тиыштыкбаев Айдос Даулетбекұлының
дене шынықтыру сабағының өзіндік сараптамасы
Бөлімі: Баскетбол
Сабақ тақырыбы: Допты оң және сол қолмен алып жүру
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: баскетбол ойынының әдіс-тәсілдерін, техникасын үйрету, допты оң және сол қолмен алып жүру амалдарын жетілдіру.
2. Дамытушылық: ептілік, икемділік, төзімділік қасиеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу.
Сабақ 5«Д» сыныбында жүргізілді. Сыныпта барлығы 13 оқушы бар, сабаққа 10 оқушы қатысты. Сабақ жоспары бағдарламаға сәйкес жүргізілді. Оқушылар сабаққа спорт киімдерін киіп дайындалған. Оқу құралдары алдын ала дайындалды. Сабақ сапқа тұру, сәлемдесу рәсімдерімен басталып, оқушыларға сабақтың мақсаты мен міндеттері түсіндірілді.
Оқушыларға жалпы дамыту жаттығулары жүргізілді. Мен айту, көрсету әдістерін қолдандым. Техника қауіпсіздігін ескерттім.
Оқушылар негізгі бөлімде екіге бөлініп, топпен жұмыс жасады. Дұрыс орындау үшін оқушыларға жеке топқа менің ұсыныстарым, марапаттарым, түзетулерім айтылып отырылды. Оқушылармен өзара байланысымыз, қарым-қатынасымыз сыйластықпен жарасымды болды деп есептеймін.
Қорытынды бөлімде оқушылармен ойынның, тапсырмалардың қорытындылары айтылды. Білімдерін тұрақтандыру, қайталау үшін қорытынды сұрақтар қойылды. Сабақ соңында оқушылар мадақталып бағаланды.
Сабақтың көлемі, тығыздығы ауқымды болғандықтан барлық қойылған мақсат, міндеттерімді орындауға тырыстым.