Урок на тему Ырғақты гимнастика және гимнастикалық кіші аттан секіру

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


САБАҚ ЖОСПАРЫ №32

Сыныбы: 5 «а»,

Уақыты: 24.11.2016

Сабақ тақырыбы: Ырғақты гимнастика және гимнастикалық кіші аттан секіру

Өткізетін орны: спорт зал

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

Оқушыларға иілгіштік, төзімділік, ептілік, жылдамдық қасиеттерді қалыптастыру.

Күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмыстарға құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен оқушыларды тәрбиелеу ;

Гимнастикалық жаттығуларының көмегімен денсаулықты нығайту;

- Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру

Құрал-жабдықтары: Ысқырғыш, гим.мата, т.б.

Мазмұны

Мөлшері

Әдістемелік нұсқау

І. Дайындық бөлімі

Сапқа тұрғызу

Түзел!

Тік тұр!

Саламатсыздар ма?!

Жүру жаттығулары:

-қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру,

- қол белде, өкшемен жүру;

-қол алда, жартылай отырып жүру;

-қол желкеде, толық отырып жүру.

Жүгіру жаттығулары:

Қолды алға айналдырып, оң жағымен жылжу;

Қолды артқа айналдырып, сол жағымен жылжу;

Сол қол алда, артпен жүгіру;

Қол белде, аяқты алға сермеп жүгіру;

Қол желкеде, аяқты артқа сермеп жүгіру.

Екі қолды алға созып, тізені жоғары көтеріп жүгіру.

Екі қол артта, аяқты артқа лақтырып, қолға тигізе жүгіру.

Екі қол жанда, аяқты жанға сермеп жүгіру.

Сап бойынша жру

Тыныс алу жаттығулары.

Жалпы дамыту жаттығулары:

Б.қ. қол белде, аяқ иық көлемінде, басымызды солға 4 рет, оңға 4 рет айналдырамыз;

Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол иықта, қолымызды алға 4 рет, артқа 4 рет айналдырамыз;

Б.қ. аяқ иық көлемінде, сол қол белде, оң қол жоғарыда, 4 рет сол жаққа, 4 рет оң жаққа қисаямыз;

Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол тізеде, тіземізді ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айналдырамыз;

Б.қ.н.т. 1 –қол жоғарда,

2 –аяқтың ұшында,

3 –отырамыз,

4 –б.қ.

Ұл балалар 15 рет қолды бүгіп-жазу, қыз балалар 25 рет отырып-тұру.

20 мин.








Оқушыларды тексеру, дене киімін қарау.




Қолды бүкпей, толық айналдыру




Аяқты бүкпей орындау



Денені тік ұстау






Қолды бүкпей, толық қисаю






Көзді ашып, басымызды толық айналдыру.





Аяқты бүкпей толық қисаю.




Жаттығуды бір бағытта орындау.


ІІ. Негізгі бөлім

Ырғақты гимнастика және гимнастикалық кіші аттан секіру:

Бір орында тұрып, 40-50 сек. жүгіру; 20-30 сек. жеңіл жүгіру;

Қолды белге қойып тұрып: 1-3 дегенде бір орында 3 рет секіру; 4 дегенде кері айналып, орнында тұрып секіру;

Кіші ағаш аттың үстіне қолды тіреп екі аяқпен секіріп отыру және отырған қалпымыздан жоғарыға серпіліп, екі қолды жоғарыға созып, жерге тік тұрып қалу.


20 мин.



Оқушылардың жаттығу барысында қауіпсіздігін қадағалау.


ІІІ. Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу

Түзел!

Тік тұр!

Еркін тұрыңдар!

Үйге тапсырма беру;

Жүйелі түрде бағалау;

Оқушылармен қоштасу.


5 мин.


Оқушылардың сабақ барысында қателіктерін айтып, ескерту.

Үйге берілген жаттығулардың орындалуын қадағалау