Денешынықтыру
Сынып:9"А"
Сабақтың тақырыбы: Волейбол. Ойыншының тұру қалпы
Сабақтың мақсаттары
Білімділігі: Оқушылардың волейболда допты ойынға қосуды үйрету
Дамытушылығы: Қимыл-қозғалыс және ағза қызметтерін арттыру
Тәрбиелігі: Оқушының бойында күш, ептілік , төзімділік ерік сапаларына тәрбие беру
Спорт құралдары мен жабдықтары: Ысқырық, сағат, секундомер,доп
Сабақ түрі:Жаңа сабақ
Сабақтың барысы
Дайындық бөлімі
- Сапқа тұру
- Амандасу .
- Түгендеу
- Сабақтың мақсатымен таныстыру
- Жәй жүгіру
- Дем басу
- Дененің жан-жақты дамыту немесе бой жазу жаттығуларын орындау
15-мин
Жаттығуларға қойылатын талаптар:
Спорт киімге көңіл бөлу
Жаттыуды тәртіппен, реттілікті сақтап орындау
Негізгі бөлімі (25 мин)
Кіріспе
Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, щабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, допты қарсыласының алаңына алдап тастау т.б. Демек адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бір түрі.
Ойын алаңында тұру және орын ауыстыру.Дұрыс тұра білу - жаңа бастаған волейболшы үшін басты шарт. Ойыншының дұрыс қалпы аяғы иық кеңдігінде тізеден бүгілген күйде кеуде ілгері еңкейтіледі, аяқтың біреуі шамалы ғана ілгері шығарылады. Қол шынтақтан бүгіліп, бір-біріне қаратылады. Бұл қалып тұрақты болып қалмауы керек, ол ойын кезіндегі жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Егер тордан шоршыған допты қабылдау керек болса, онда ойыншы біршама бүгіледі де, секіре жазылып, допты соғу арқылы ойынды жалғастырады.Волейболшылар алаңда қосарланған адыммен жүгіру және секіру арқылы орын ауыстырады.
Оқушыларға ойын барысын көрсету,қателіктерін жою
Техника қауіпсіздігін ескерту.
Дұрыс көрсету , қателіктерін жою.
Жаттығулардың дұрыс жасалуын қадағалау
Жаттығулардың дұрыс орындалуына назар аударамыз,
Қорытынды:
- Сапқа тұру
Сұрақ жауап арқылы сабақта меңгергендерін қорытындылау 5-мин
1)Волейбол ойынын әр командада қанша ойыншыдан ойнайды?
2)Бір команда допқа неше реттен артық қол тигізуге болмайды?
3.Ойын неше кезеңнен тұрады?
4) Ойыншылар орын ауысу кезінде қай бағытқа ауысады?
5)Допты қандай жағдайда қабылдауға болмайды?
Бағалау:Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау
- Үйге тапсырма:Спорт киімді ұмытпауға ескерту
Тұрсынбек Кәкішев атындағы Алтынды орта мектебі
[pic]
Өткізген:дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі:
Суйениш Серигжан
2016-2017 оқу жылы