Дене тәрбиесі пәнінен сабақ жоспары 60 метрге жүгіру

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


САБАҚ ЖОСПАРЫ №4

Сыныбы: 4 «б» Уақыты: 13.09.2016

Сабақ тақырыбы: 60 метрге жүгіру

Өткізетін орны: спорт алаңы

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

  • Дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен денсаулықты нығайту;

  • Күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, жан-жақты дене тәрбиесі даярлығынан өткен оқушыларды тәрбиелеу;

  • Оқушылар бойына адамгершілік-жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру.

Құрал-жабдықтары: Ысқырғыш, секундомер, т.б.


І. Дайындық бөлімі

Жүру жаттығулары:

-қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру,

- қол белде, өкшемен жүру;

-қол алда, жартылай отырып жүру;

-қол желкеде, толық отырып жүру.

Жүгіру жаттығулары:

  • Қолды алға айналдырып, оң жағымен жылжу;

  • Қолды артқа айналдырып, сол жағымен жылжу;

  • Сол қол алда, артпен жүгіру;

  • Қол белде, аяқты алға сермеп жүгіру;

  • Қол желкеде, аяқты артқа сермеп жүгіру.

Жалпы дамыту жаттығулары:

  • Б.қ. қол белде, аяқ иық көлемінде, басымызды солға 4 рет, оңға 4 рет айналдырамыз;

  • Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол иықта, қолымызды алға 4 рет, артқа 4 рет айналдырамыз;

  • Б.қ. аяқ иық көлемінде, сол қол белде, оң қол жоғарыда, 4 рет сол жаққа, 4 рет оң жаққа қисаямыз;

  • Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол тізеде, тіземізді ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айналдырамыз;

  • Ұл балалар 15 рет қолды бүгіп-жазу, қыз балалар 25 рет отырып-тұру.

20 мин.









Оқушыларды тексеру, дене киімін қарау.




Қолды бүкпей, толық айналдыру







Аяқты бүкпей орындау

















Қолды бүкпей, толық қисаю

ІІ. Негізгі бөлім

60 метрге жүгіру:

  • Оқушыларды екіге бөліп, екі оқушыдан сөре сызығына отырғызу және сөреден шығу жаттығуларын үйрету;

  • 30-60 метрге шапшаңдықты үдете жүгіру ;

  • 60 метрге дейін ең жоғарғы шапшаңдықпен 2-3 рет қайталап жүгіру.


20 мин.


Жаттығу барысында оқушылардың дұрыс тыныс алуын, шапшаңдығын қадағалау

ІІІ. Қорытынды бөлім

  • Сапқа тұрғызу;

  • Үйге тапсырма беру;

  • Жүйелі түрде бағалау;

  • Оқушылармен қоштасу.

5 мин.

Қателіктерін айтып, ескерту