Болашақтың тарландары эстафеталық жарыс 2 - сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Байтерек негізгі мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Депу Аякоз І - санатты

Жарыс тақырыбы : «Намысты елдің нар ұлдары» эстафеталық жарыс

Қатысатын сыныптар: 2-4 сынып

Мақсаты:Білімділік: Оқушылардың бойындағы спортқа деген қызығушылығы мен білімін арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың денсаулығын, қимыл қозғалысын, ептілігін, икемділігін дамыту.

Тәрбиелік: Саламатты өмір салтына, отансүйгіштікке, ұйымшылдыққа,
шапша
ңдаққа тәрбиелеу.

Түрі: Командалық жарыс

Сабақтың әдісі: Ойын

Керекті құрал жабдықтар: Ысқырық, кедергілер, шеңберлер, доптар,
кеглилер, кішкене доптар, тая
қшалар, секіртпелер, плакаттар.

Жарыс бөлім: Оқушыларды екі топқа бөлу.Аталған топқа ат қою.

1-топ-«Қыран» тобы

 2-топ- «Барыс» тобы

 1. Картоп отырғызу

Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып, кедергілерден өтіп, қолдарындағы кішкене доптарын шеңбер ішіне қалдырып, тік жүгіріп келеді. Келесі ойыншыға қол береді, ойын осылай жалғасады. Жүгіріп келген ойыншы саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.

[pic]


[pic]




2. Картоп жинау

Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып, кедергілерден өтіп, шеңбер ішіндегі кішкене доптарды алып тіке жүгіріп келеді. Келесі ойыншыға қол береді, ойын осылай жалғасады. Жүгіріп келген ойыншы саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.

[pic]

[pic]


[pic] [pic]





3. Допты алып жүгіру

Мұғалімнің белгісі бойынша кедергілер арасынана допты жерге соға алып жүгіріп белгіленген жерге дейін барып келу.

[pic]





Кенгіру

Мұғалімнің белгісі бойынша кедергілер арқылы үлкен доппен секіріп, қайтып тіке секіріп келу. Секіріп келген ойыншы допты келесі ойыншыға ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.

[pic]



[pic]





4. Допты бастан асырып беру

Бастаушының қолында доп болады. Мұғалімнің белгісі бойынша допты басынан асырып екіншіге, екінші–үшіншіге, осылай соңындағыларға бере береді. Ең соңғы ойыншы допты ала салып, жүгіріп келіп бастаушының алдына тұра қалып, допты одан әрі жалғастырады. Ойын бастаушы өз орнына келгенше жалғасады.

Ойынды қай команда бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді.

 5. Қаппен секіру.

Ойын шарты ойыншылар аяққа қап киіп алып белгіленген жерге дейін секіріп барып келеді.

Ойынды қай команда бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді.

[pic]









 6. Допты себетке салу: Допты секіртіп барып себетке түсіріп, секіртіп алып қайтадан допты келесі ойыншыға ұсынады. Қай команда допты себетке көп түсірсе, сол команда жеңіске жетеді. [pic]







7. Кегли :Тізілген кеглиді кіші доппен соғу арқылы құлатып, ұпай жинайды. Қай команда көп құлатса, сол команда жеңіске жетеді.

[pic]





8. Орыннан секіру:Мұғалімнің белгісі бойынша орыннан кегли арасында секіреді. Қалғандары да осылай секіре береді. Қай команда тез секірсе сол жеңіске жетеді. [pic]







9. Мәреге кім бұрын?:Мұғалімнің белгісі бойынша секіртпемен секіріп шығып, белгіні айналып секіріп келу керек. Секіріп келген ойыншы секіртпені келесі ойыншыға ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.

[pic]