Қ. Рысқұлбеков атындағы №33 орта мектеп дене шынықтыру пәні мұғалімі Бураханов С.К
Дене шынықтыру сабағына жоспар конспект
Күні: 14 Айы: Қараша Уақыты: 16:10 Сынып: 2 «В»
Сабақтың тақырыбы: Гимнастика. Акробатикалық жаттығулар.
Артқа аунап, жауырынмен түсуді, аяқты бастан асыра төмен түсіруді, жүрелеп отырып артқа домалап түсіп, қайтадан жүрелеп отырудымеңгерту. Гимнастика сабақтарында кездесетін ТҚ ережелерімен таныстыру. Икемділікке, ептілікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: секундомер, ысқырғыш, гимнастикалық төсеніш, гимнастикалық орындық, кегель .
Өтілетін орыны: спорт залы.
Кіріспе бөлім: Сапқа тұрғызу.
Рапорт қабылдау, сәлемдесу, түгендеу.
Сабақтын мақсатын айту.
Оңға, солға, шұғыл бұрылу.
2 мин
Спорттық киімдеріне назар аудару.
Бұрылыстарды дұрыс орындау.
Қозғалмалы бой жазу жаттығулары:
- қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру.
- екі қол белде өкшемен жүру.
- екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.
- бір қалыпты жеңіл жүгіру.
- тіркеме адыммен оң және сол бүйірімен жүгіру.
- арқаны алға қарата оң және сол иықпен қарата жүгіру.
- алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру.
- қол алақанына аяқтың ішкі, сыртқы қырын тигізе жүгіру.
- өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру.
- екі қол тізеде, толық отырып жүру.
- отырып, секіре жүру.
Дем алу, дем шығару.
8 мин
Аяқ ұшымен, өкшесімен сыртқы, ішкі қырымен жүруін ескерту.
Оң және сол бүйірімен жүгіру ескерту.
Алақанға аяқтың ішкі, сыртқы қырының, өкшесі тиюін ескерту.
Отырып жүру, жүгіру ескерту.
Саптағы бой жазу жаттығулары
-саппен келіп бірнеше қатарға тұру.
-қолды белге ұстап, басты оңға, солға айналдыру.
-қолды иыққа ұстап, шынтақты алға, артқа айналдыру.
-бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу.
-екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қолды оң аяққа кезекпен тигізу.
-тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан батапқы қалыпқа келу.
-қолды алға соқып ұстап тұрған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру.
-қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып,тұру
-дем алу, дем шығару.
10 мин
Қатарға дұрыс тұруын ескерту. Қолды белге ұстауын ескерту.
Дұрыс иілулерін ескерту.
Қолды аяққа тиюін ескерту.
Артқы тізенің бүгілмеуін ескерту.
Аяқтың қолға тиюін ескерту.
Тізенің дұрыс айналдыруын ескерту.
II
Негізгі бөлім
Акробатикалық жаттығулар:
Қолмен еденге тіреле отырып, артқа домалау;
Шалқалап жатып, аяқты тіке бастан асыра ию, б.қ.;
Отырып, екі жанына аунау. Төсенішке сол жақ қапталды беріп, б.қ. келу, тізені толық бүгіп, дене мен басты алға ию (аяқтарға). Сол жақ қапталға аунап, арқаға ауысу, оң жақ қапталға ауысу, б.қ.
20 мин
Басты шайқалтып айналдыру.
Гимнастикалық төсеніште жаттығуларды 2 адамнан орындау.
Топталып орындау.
Акробатикалық жаттығулар.
[pic]
III
Қорытынды бөлім
Сапқа тұрғызу, үйге тапсырма беру, бүгінгі жетістіктер мен кемшіліктерді айту, баға қою, қоштасу
5 мин
Бір аяқпен отырып тұру.