Конспект: Футбол сабағының жоспары, Тақырып. Допты алып жүру, қарсыласын алдап өту

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Семей қаласы. «№18 ЖОББМ» КММ

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Атентаев Ғ.П

Футбол сабағының жоспары \6 сынып\

Тақырып. Допты алып жүру, қарсыласын алдап өту


Мақсаты: оқушыларды футболдың шеберлігі мен тартымдылығына баулу.

Ептілік, икемділік қасиеттерін дамыту.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Әдісі: көрсету, үйрету, жасату.

Өтетін орын: спортзал

Құрал-жабдықтар: футбол доптары, ысқырық, секундомер


Сабақ басталғанда қаупсіздік ережесі ескертіліп, сабақ барысында мұқият байқаланады.



Сабақтың барысы

І. Дайындық бөлімі \ 10 мин.

Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Тақырыбымен таныстыру.

Залды айналып жүгіру. Жай жүру. Тыныс алу жаттығуларын жасау.

Екі қатарға бөлініп тоқтау.

Жалпы дене қыздыру жаттығуларын жасау.

  1. Б.Қ.Н.Т. екі қолды иықтан айналдыру 4 рет артқа, 4 рет алдыға.

  2. Б.Қ.Н.Т. оң қолымызды жоғары көтеріп, сол қолымызды томен ұстаймыз. 2 рет артқа серпиміз, қолды алмастырып 2 рет.

  3. Б.Қ.Н.Т. екі қолымызды бүйрімізге қоямыз да белімізді 4 рет оң бағытқа, 4 рет сол бағытқа айналдырамыз.

  4. Б.Қ.Н.Т. екі қолды бүйірімізге қоямыз да он аяқтың буындарын 2 рет онға, 2 рет солға айналдырамыз, келесі сол аяқтың буындарын 2 рет оңға, 2 рет солға айналдырамыз.

  5. Б.Қ.Н.Т. алға еңкейіп оң аяққа 2 рет, сол аяққа 2 рет еңкейіп қолымызды тигіземыз.

  • Жаттығуды дұрыс жасауна назар аудару.

ІІ. Негізгі бөлім\28 мин.

Бүгінгі сабақ допты алып жүру қимылдары ойын іс-әрекеттерін жалғастыруға мүмкіндік береді. Допты алмакезек тебу арқылы алып жүреді. Допты тіке бағыттап алып жүргенде табанның ішкі алқымымен теуіп жүрген қолайлы. Ал қисық бағытта алып жүргенде алқымның сыртқы бөлігімен теуіп алып жүрген тиімді. Ереже бойынша футбол ойнау.

  • Қарсыластан допты тартып алу үшін доп иесінің жоспарын болжай білу керек.

ІІІ. Қорытынды бөлім\7мин.

Сапқа тұрғыздыру.

Сұрақ жауап арқылы сабақты бекіту. Қателіктерді дурыстату. Бағалау.

Ұйге тапсырма: доппен айла-тәсілдер жасау әдістерін меңгеру.