МҚКК №7 сәбилер балабақшасы
Ашық сабақ
ІІ кіші тобындағы дене тәрбиесі сабағы.
Дене тәрбие нұсқаушысы:
Г.Ж.Бакешева.
2016ж.
ІІ кіші тобындағы дене тәрбиесі сабағы
Тақырыбы:ІІ кіші тобындағы дене тәрбиесі сабағы
Кіріспе бөлімі
Сапта бірінің артынан бірі жүру, өкшеден аяқ басына домалатып жүру, қол сермеу мен көмектесу, жай жүріспен алмастырып отыру (3-4 рет).
Аяқты артқа лақтыра, жай жүгірумен алмастырып жүгіру.
Жүріске ауысу, секіртпені алып, звеньяға ауысу, сапқа тұру.
Дайындық бөлімі-жалпы дамыту жаттығулары.
Секіртпемен жаттығулар
Б.қ..: негізгі тұрыс. Екі бүктелген секіртпені жоғары көтеру, иықтың артына түсіру, қайтадан көтеру және төмен түсіру. 7-8 рет қайталау.
Б.қ. аяқ алмақ қойылған, секіртпе екі қолда. Тізеде бүгілген оң (сол) аяқты көтеріп, кеудеге тарту. Бастапқы қалыпқа қайта оралу. Әр аяқпен 4-5 рет қайталау.
Б.қ.: Аяқтары сәл алмақ қойылған, секіртпе бір қолда. Екігі бүктелген секіртпені бір жағында айналдыру, келесі қолмен айналдыру.
Б.қ.: Аяқтары сәл алмақ қойылған, секіртпелер нықтың артында. Алға еңкею, секіртпені жоғары көтеру, түзелу, секіртпені нықтың артына ұстау. 7-8 рет қайталау.
Орында тұрып, екі аяқпен секіртпе арқылы секіру.
Аяқтың ұшына көтеріліп, секірпені жоғары көтеру. Секіртпені түсіру, табанға тұру 5-6 рет қайталау.
Алға жылжи отыра, секіртпеден секіру жеңіл, аяқтың үшымен секіру, аяқты шамалы бүгу.
Сапта бір-бірден жүру, секіртпені қою, екі тұру
Негізгі қимыл-қозғалыстар:
1-інші шағын топ. Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу жаттығулары.
2- інші шағын топ. Доппен өздігінен ойнау: жоғары лақтыру мен еденге беру, ұстап алу, допты еденге бір орында және айналып тұрып ұру.
"Доп мектебі"
Қимыл-қозғалыс ойыны "Шортан мен табан балықтар".
Қорытынды бөлімі
Жайлы ойын "Кім шақырғанын тап". Қорытынды жүру.