Шыныққан шымырлар
«Көңілді мәре» спорттық ойыны
Өтілетін жарыс орны: Спорт зал
Өтілетін жарыстың мақсаты:
1) Оқушылардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдылықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.
2) Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
3) Салауатты өмір салтын насихаттау.
Қолданылатын құралдар: эстафеталық кедергілер, доп (үлкен,кіші), қасық, гимнастикалық төсеніштер, таяқшалар және т.б.
Сайыстың барысы: мектеп спорт залында оқушылар сапқа тұрғызылады. Шара басталмас бұрын Қазақстан Республикасның мемлекеттік Әнұраны шырқалады. Ортаға екі жүргізуші шығады.
1 Жүргізуші:Қайырлы күн құрметті спорт сүйер қауым! Степногор орта мектебінде «Эстетикалық пәндерінің апталығы» өткізілетін себептен бүгінгі шараны алғаш болып бастауға рұқсат етіңіздер.
2 Жүргізуші : Армысыздар спорт жанашырлары! Салауатты өмір салтын ұстанған барша Степногор орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары! Бүгінгі салтанатты сайсымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
1 Жүргізуші : жалпы дене шынықтыру шәкірттердің ғана емес. Ересектердің де күш –қуатын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпал етеді.
2 Жүргізуші : «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» Т. Карлейль
Таза ауа, спорт болсын дәріміз,
Еңбек етіп келгенінше әліміз.
«Алға!»,- деген бір-ақ мақсат ұстанып,
Сайысқа аттанайық бәріміз!
1 Жүргізуші : Ал енді, спорт заңы бойынша әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:
Ахметова Айнұр – мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары
Мәдібаев Руслан – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Кидирова Гүлшат –бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі
2 Жүргізуші :
Шәкірттер отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер күші жалындап,
Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі.
«Спорт» десе таза біздің арымыз.
Сайысатын шәкірттерді бүгінгі,
Қарсы алайық, қошеметпен бәріміз!
І топ - «Сұңқар» тобы
II топ – «Жұлдыз» тобы
III топ – «Болашақ» тобы
Үш топ жүріп өтіп, ойын алаңына барып орналасады.
1 Жүргізуші : «Көңілді мәре» спорттық ойынымыз 10 турдан тұрады. Өз бақтарын сынағалы тұрған әр топ дөңгелене тұрып , сергіту жаттығуларын бастайды. Олар өздерінің топ аттарымен, төсбелгілерімен және ұрандарымен таныстырылып өтеді.
2 Жүргізуші : Құрметті жарысқа түскелі тұрған бәсекелестер, оқушылар және сайысымыздың қонақтары! Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Олар:
1. Эстафеталық жарыс (доппен кедергілер арасынан жүгіріп өту).
2. Повар ойыны (шарикті екі қасықпен қазанға тасу).
3. Баскетбол торына доп лақтыру(баскетбол добын кедергілер арқылы бір қолмен алып жүріп, себетке салу).
4. Калькулятор ойыны (эстафета берілген есепті шығару)
5. Кенгуру (Қаппен кедергілер арқылы секіріп жүру)
6. Капитандар сайысы(әр топтың капитандары шығып жарысқа түседі).
7. Кім шапшаң (әр командада екі адам қолтықтасып үшінші адамды мінгізіп мәреге жету керек)
8. Ойлан тап, сиқырлы сандық (бір сандық қойылады, соның ішіндегі сұрақтың жауабын табу керек)
9. Қол күрес (әр командадан бір адам ортаға шығады, кезекпен бірі-бірімен қол күреседі)
10. Сен маған,мен саған(әр команда өздері дайындап келген сөзжұмбақты қарсылас команда алдына іледі. Команданың әр мүшесі кезекпен шешім жазады. Бірінші болып аяқтаған команда жеңіске жетеді)
2 Жүргізуші :
Құрметті шәкіртіміз!
Бір тілек айтарымыз!
Берекелі заман болсын,
Шәкіртіміз аман болсын!
Жиырма бірінші ғасырда ,
Ашық аспан астында,
Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!
Бүгінгі көңілді мәре жарысын ,
Осымен аяқтаймыз!
Рахмет, сау болыңыздар!