Әкем Шешем мен жарысынын жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Жарыстың өтілу жоспары

Тақырыбы: Әкем, анам және мен

Мақсаты: Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Міндеті: Оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру.

Көрнекіліктер: 1.Доп,кегли,шеңбер,скакалка,секундомер,ысқырық,арқан

Барысы:


1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар қауымы! Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ.

Шынықсаң шымыр боласың

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Бүгінгі «Әкем, анам және мен» спорттық отбасылық сайысқа қош келдіңіздер!


2-жүргізуші: «Әкем, анам және мен» отбасылық сайысы – отбасыларды спортқа баулиды. Ата-ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түседі! Бұл жарыс - отбасылардың қатысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектепте 3 «А», 3 «Ә», 4 «А» сыныптар оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізілгелі отыр.Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.


Сайысымызды ашып беру үшін ортаға мектебіміздің директоры Көлбаева Әсем Мәуленбайқызын шақырамыз.


Ортаға «................» әнімен мектебіміздің ......сынып оқушысы ....................... шақырамыз.


1-жүргізуші: Ендігі сөз әрдайым игі істердің қасында жүретін еліміздегі көшбасшы «НұрОтан» халықтық демократиялық партиясынан келіп отырған аса қадірменді қонағымыз .................. береміз.


2-жүргізуші: Ендігі сөз мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,әрі әділқазылар алқазылар алқасының төрағасы Болат Мұхамедалиұлына береміз.


1-жүргізуші:Спорт – денсаулық кепілі десек, «Әке, шеше және мен» отбасылық сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады, екіншіден бағдарламаға қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлайды.


2-жүргізуші:Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!


Оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі –

География пәнәнің мұғалімі

Математика пәнінің мұғалімі


1-жүргізуші:Бүгінгі спорттық сайыс 2 кезеңнен тұрады.

«Таныстыру»

«Шынықсаң шымыр боласың» дене жаттығу жасауы

2-жүргізуші: Сайысқа арнайы 4 отбасы қатысады.

Ал, енді бірінші «Таныстыру» кезеңін бастайық!

Әр отбасы өздерінің командаларын таныстырып өтеді.

1-жүргізуші: Ал,енді ойынымыздың негізгі бөлігіне көшейік . «Шынықсаң,шымыр боласың» тақырыбында әр түрлі дене жаттығулары.

2-жүргізуші: І кезең: Эстафеталық таяқша. Шарты: Топ мүшелері таяқшаны алып жүгіре отырып,белгіленген межені айналып,таяқшаны келесі ойыншыға табыстайды.

1-жүргізуші: ІІ кезең: Аралас эстафета. Шарты: Әкесі допты кедергілер арасымен аяғымен жүргізе отырып межеге қойып кетеді,ал баласы тіке жүгіріп барып,межедегі допты кедергілер арасымен қолымен жүгірте отырып алып келеді.Анасы скакалкамен кедергілер арасымен жүгіре отырып,межеге скакалканы қалдырып,тіке жүгіріп қайтып келеді.

2-жүргізуші: ІІІ кезең: Шеңбермен жүгіру. Шарты:Әкесі тіке жүгіріп барып межедегі шеңберді алады да беліне ұстап жүгіріп келіп,тобындағы баласын шеңбер ішіне салып екеуі межені айналып орындарына келеді,енді шеңберден әкесі шығады да,анасымен бірге баласы дәл осы тәртіппен жүгіреді

1-жүргізуші: ІV кезең: Арба. Шарты:Қатысушы допты шеңбер ішіне салып,кедергілер арасымен жүгіре отырып,межені айналып келесі ойыншыға табыстайды.

2-жүргізуші: V кезең: Пингвин. Шарты:1 қатысушы допты екі аяғының ортасына салып,межені айналып келеді де,допты келесі ойыншыға табыстайды.Осылайша ойын жалғасады.

1-жүргізуші: VІ кезең: Арқан тартыс. Шарты:

2-жүргізуші: Осымен бүгінгі «Әкем ,анам және мен » тақырыбындағы отбасылық сайысымыз аяқталды.Ортаға әділқазылар мүшелегінің төрағасы Абылаев Болат Мұхамедалиұлы мен «НұрОтан» ХДП-нан келген ................. шақырамыз.


Қорытынды: Командаларға ойын нәтижелері бойынша ,орындар,соған сәйкес дипломдармен марапатталуы тиіс.