«Көңілді старт»
Тақырыбы :«Жарысқа шық, Жас қыран!»
Мақсаты: 1.Жас ұстаздарды жылдамдыққа,ептілікке баулу,спорттық ойындарды ойната
отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру
2.Жас ұстаздарды ойын кезінде әділдікке,жолдастық сыйластыққа,ойынды
жетілдіруге тәрбиелеу
Көрнекілігі: «Бірінші байлық денсаулық»,«Денсаулық-терең байлық» нақыл сөздер,жалаушалар пирамидкалар,шарлар
Түрі: Жарыс түрінде
Тәсілдер: Жекелей,ұжымдық,топтық
Керекті құрал жабдықтар: Микрофон, 9 доп, 3 жалауша, ракеткалар, маталар, секіртпелер, гимнастикалық таяқтар
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Жарысқа қатысқалы отырған спортшылар ортаға келіп сап түзейді, рапорт береді
Б) Әнұран орындалады
Ә) Команда капитандары шығарған газеттерін қорғайды
ІІ. Негізгі бөлім.
1.жүргізуші: Құрметті ұстаздар,қадірлі көрермендер!
Бүгін біз «Жарысқа шық!Жас қыран»атты спорттықсайыс өткізгелі отырмыз
2. жүргізуші: Сіздерге жеңіс тілей отырып, ортағасайыскер топтарымызды шақырамыз. Қарсы алыңыздар(музыка ырғағыменсайыскерлер ортаға шығады).
І топ «Алау»
ІІ топ «Қыран»
1.жүргізуші: Ал, құрметті халайық
Жарысты енді көріңдер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңдер
Сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар(таныстыру)
2. жүргізуші: Сайыстың бағдарламасы:
1.Таныстыру(топтың аты, ұраны).
2. « Жалаушамен жүгіру»ойыны
3. «Мәреге кім бұрын жетеді»ойыны
4. « Көңілді тенисші»ойыны
5. «Хок-Баскет» ойыны
6. «Туннель» ойыны.
7. «Кенгуру» ойыны.
8. «Саяхатшы» ойыны.
9. «Арқан тартыс» ойыны.
10. «Капитандар сайысы» ойыны.
ІІІ Қорытынды бөлім.
1.жүргізуші: Қорытынды сөздіқазылар алқасына беріледі.
Жеңімпаз командалар дипломдармен марапатталады.
Міне,бүгінгі спорттық сайысымыз аяқталды.Келіптамашалағандарыңызға көп-көп
рахмет.