САБАҚ ЖОСПАРЫ №32
Сыныбы: 4 «б» Уақыты: 23.11.2016
Сабақ тақырыбы: Қойылған заттардан аттап, тізені көтеріп, бөренемен жүру.
Өткізетін орны: спорт зал
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен денсаулықты нығайту;
Күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмыстарға құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен оқушыларды тәрбиелеу ;
Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру
Құрал-жабдықтары: Ысқырғыш, гим.бөрене, т.б.
І. Дайындық бөлімі
Сапқа тұрғызу
Түзел!
Тік тұр!
Саламатсыздар ма?!
Жүру жаттығулары:
-қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру,
- қол белде, өкшемен жүру;
-қол алда, жартылай отырып жүру;
-қол желкеде, толық отырып жүру.
Жүгіру жаттығулары:
Қолды алға айналдырып, оң жағымен жылжу;
Қолды артқа айналдырып, сол жағымен жылжу;
Сол қол алда, артпен жүгіру;
Қол белде, аяқты алға сермеп жүгіру;
Қол желкеде, аяқты артқа сермеп жүгіру.
Екі қолды алға созып, тізені жоғары көтеріп жүгіру.
Екі қол артта, аяқты артқа лақтырып, қолға тигізе жүгіру.
Екі қол жанда, аяқты жанға сермеп жүгіру.
Сап бойынша жру
Тыныс алу жаттығулары.
Жалпы дамыту жаттығулары:
Б.қ. қол белде, аяқ иық көлемінде, басымызды солға 4 рет, оңға 4 рет айналдырамыз;
Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол иықта, қолымызды алға 4 рет, артқа 4 рет айналдырамыз;
Б.қ. аяқ иық көлемінде, сол қол белде, оң қол жоғарыда, 4 рет сол жаққа, 4 рет оң жаққа қисаямыз;
Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол тізеде, тіземізді ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айналдырамыз;
Б.қ.н.т. 1 –қол жоғарда,
2 –аяқтың ұшында,
3 –отырамыз,
4 –б.қ.
20 мин.
Оқушыларды тексеру, дене киімін қарау.
Қолды бүкпей, толық айналдыру
Аяқты бүкпей орындау
Денені тік ұстау
Қолды бүкпей, толық қисаю
Көзді ашып, басымызды толық айналдыру.
Аяқты бүкпей толық қисаю.
Жаттығуды бір бағытта орындау.
ІІ. Негізгі бөлім
Қойылған заттардан аттап, тізені көтеріп, бөренемен жүру:
Бір-біріне қарама-қарсы жүріп өту (біреу отырады, екіншісі аттап өтеді).
Бөрене үстіндегі кедергілерден тізені көтеріп өту;
Бөрене үстімен жүріп бара жатып, шеңбердің ортасынан өту.
20 мин.
Оқушылардың жаттығу барысында қауіпсіздігін қадағалау.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Сапқа тұрғызу
Түзел!
Тік тұр!
Еркін тұрыңдар!
Үйге тапсырма беру;
Жүйелі түрде бағалау;
Оқушылармен қоштасу.
5 мин.
Оқушылардың сабақ барысында жіберген қателіктерін айтып, ескерту.
Үйге берілген жаттығулардың орындалуын қадағалау